Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.»;
5-тармақтың 6) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) банктің бастапқы құжаттарына сәйкес банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күні банктің борышкерден алуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын мынадай ұйымдарға:
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға;
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген және күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқығын сатып алатын банктің еншілес ұйымына берген жағдайда борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды;»;
5-тармақтың 7) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
7) 91-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«91-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма;
2) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға берген күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым үшін борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.»;
5-тармақтың 8) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
8) 99-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 14-2) тармақшасындағы «табыстар алып тасталуға жатады.» деген сөздер «кірістер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
«14-3) Қазақстан Республикасының Үкімет айқындаған заңды тұлғаның акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кірістері алып тасталуға жатады.
Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.»;
5-тармақтың 9) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 103-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың мақсаты үшін мыналар:
1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;
2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлем сыйақылар деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шегерімге жатқызылуға тиіс сыйақы сомасы осы Кодекстің 57-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазу әдісімен айқындалады.
Осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1 және 3-тармақтарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс провизиялар (резервтер) құруға құқылы тұлғаға міндеттемелер бойынша төлемдер түріндегі сыйақы:
1) есепті салық кезеңінде және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде шығыс деп танылған шығыс сомасының шегінде есепті салық кезеңінде;
2) есепті салық кезеңінде шығыс деп танылған шығыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде нақты төленген мөлшерде шегерімге жатады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыйақыны шегеру осы баптың 1-1-тармағында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:
(А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),
мұнда:
А - Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген сомаларды қоспағанда, сыйақы сомасы;
Б - Д көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
В - Б көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетін сыйақы сомасы;
Г - В көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, кепілдіктерді, кепілгерлікті немесе қамтамасыз етудің өзге нысанын орындаған жағдайда депозитке немесе қамтамасыз етілген кепілдікке, кепілгерлікке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуінің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
Д - Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;
ШК - шекті коэффициент;
ЖК - жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;
МС - міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.
А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде құрылысқа алынған және құрылыс кезеңіне есепке жазылған кредит (қарыз) үшін сыйақылар алып тасталады.
Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсаты үшін тәуелсіз тарап деп танылады.»;
5-тармақтың 10) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 238-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кепiл берушiге кепiлдіктегі мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi өткізілетін кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негізінде оған қосылған құн салығы енгiзiлмей, айқындалады.»;
11) 250-баптың 2-тармағының 3) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың қызмет көрсетулері;»;
«8) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін басқару жөніндегі қызмет;»;
12) 426-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер тапсыратын, уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) - бір салық салу режимінен өзге салық салу режиміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
13) 557-баптың 3-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының заңнамасында салық құпиясын құрайтын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беру көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға береді;»;
14) 569-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.»;
15) 574-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына мынадай мерзімдерде:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген қызметтi жүзеге асырған кезде жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей;
2) осы баптың 1-тармағы 3), 4), 5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде лицензия берілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.
Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде салық органына мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіне, мұнай өнімдері базасына (резервуарға), автомай құю станциясына, алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу кезінде қойма үй-жайларына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе оларды жалдау шартының көшірмесін, осындай шарттардың бірін бір жыл кезеңге дейін не мұнай өнімдерін өндірушімен мұнайды қайта өңдеу шартын жасасқан кезде, қоса беріле отырып, ұсынылады.
Салыстыру үшін шарттың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда шарттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.»;
5-тармақтың 16) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 581-баптың 10) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттеме тоқтатылған күнге дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелердің тоқтатылуы кезінде қарыз алушының орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы хабардар етуге міндетті.
Осы тармақшаның ережелері міндеттемені орындау жолмен ол тоқтатылған кезде қолданылмайды.»;
«13) уәкілетті органның сайтында өзі туралы ақпарат орналастырылған әрекетсіз салық төлеушіге және осы банкте ашық банк шоты бар, салық қызметінің органдары салық төлеушінің банк шоттары бойынша инкассолық өкім немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық төлеушіге банк шоттарын (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарын қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.
Осы баптың мақсаттары үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.»;
17) 598-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi беру тәртiбi
1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаты үшін - берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сауал беруге құқылы.
2. Салық органы берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi электрондық түрде:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2) мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру белгіленген тұлғаларға - мұндай органның және (немесе) тұлғаның сауалы бойынша;
3) салық төлеушіге (салық агентіне) - салық төлеушінің (салық агентінің) сауалы бойынша береді.
3. Берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) тiркеу есебiне алынған жері бойынша салық органдарында ашылған дербес шоттардың деректерi ескеріле отырып жасалады.
4. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
5. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер:
1) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде - мәліметтер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;
2) мемлекеттік органның және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру белгіленген тұлғаның сауалы бойынша - сауал келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
6. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлғаның және (немесе) филиалдың (өкілдіктің) берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер осы Кодекстің 37 және 37-1-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.
7. Жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қойылған жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде мұндай тұлғаның берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер осы Кодекстің 41, 42 және 43-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.»;
18) 627-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша тақырыптық тексерулер кезiнде - нұсқамада көрсетiлген аумақтың учаскесiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi;»;
5-тармақта:
2) тармақшада:
бірінші бөліктің жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы;»;
екінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысу үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектілерi бiрлестiктерiнiң өкiлдерi осындай бiрлестiктермен келiсу бойынша тартылуы мүмкiн.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша;»;
19) 632-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
6-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;
20) 633-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамы мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың төлнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Төлнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.»;
21) 660-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж. № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29-7) тармақшамен толықтырылсын:
«29-7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;»;
2) 9-баптың 2-тармағының 11) және 18-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;»;
«18-2) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;»;
3) 13-1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.»;
4) 18-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медициналық қызметтердің, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістері мен құралдарының, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын тарату және орналастыру мамандандырылған медициналық басылымдарда және денсаулық сақтау ұйымдарында ғана жүзеге асырылады.
Рецепт бойынша босатылатын, оның ішінде құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың жарнамасы тек медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.»;
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия болмаған кезде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға;»;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
5) 62-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама - физикалық факторлардың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулерінің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімдердің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалар сараптамасы.»;
8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) шикізатты, тамақ өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану және өткізу жағдайларына;»;
6) 174-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстiң 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында көрсетiлген денсаулық сақтау ұйымдарының адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерін, қан мен оның компоненттерiн Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуі тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.».