2) өздерінің салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша халықаралық төреліктегі талқылауларға қатысатын;
3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
жер қойнауын пайдалану;
ойын бизнесі;
акцизделетін өнім өндіру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
32-3-бап. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, зейнетақымен қамсыздандыру және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманы бұзғаны үшін 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін салынған және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген айыппұл сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
Осы баптың ережелері:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
2) өздерінің салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша халықаралық төреліктегі талқылауларға қатысатын;
мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
жер қойнауын пайдалану;
ойын бизнесі;
акцизделетін өнім өндіру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
4) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кетуi (бұдан әрi - қосылған құн салығының асып кетуi).
Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды.
Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қалыптасқан, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы Кодекстің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезiнде төленген, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомалары шегінде жүргізіледі.
Осы тармақшаның үшінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 274-бабында көзделген, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген тұрақты өткізуге жатқызу критерийлерін және:
осы баптың 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты;
осы тармақшаның үшінші бөлігінде көзделген, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кету сомаларын айқындау тәртібін белгілейді.»;
5) 48-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
6) 49-баптың 1) тармақшасы алпыс төртінші абзацындағы «жабдықтар бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.» деген сөздер «жабдықтар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алпыс бесінші абзацпен толықтырылсын:
«тірі ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.».
7) 49-1-баптың бірінші бөлігі 9) тармақшасындағы «жабдықтар бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.» деген сөздер «жабдықтар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) тірі ірі қара мал бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.».
19-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
19. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 87-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот орындаушысы борышкердің дебиторлық берешегі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш жасауға құқылы.
3. Борышкер, мемлекеттік кіріс органдары, занды тұлғалар және заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар қажетті құжаттар мен ақпаратты сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.»;
2) 148-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органда есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органдарына тіркелу үшін өтініш жасауға;».
20. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
179-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылған және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаға қолданылмайды.
Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің елу пайызынан кем мөлшерін құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін басқарма қабылдайды.
Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің елуден жетпіс бес пайызға дейінгісін құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін Директорлар кеңесі қабылдайды.
Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің жетпіс бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін Директорлар кеңесінің ұсынуы бойынша акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционердің шешімімен) қабылдайды.».
21. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алатын бақылау аспаптары - Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларында және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, кейіннен мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының көлемдері туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін техникалық құрылғылар;».
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-4) тармақшамен толықтырылсын:
«12-4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша тәртіпті және талаптарды бекітеді;»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша тәртіпті және талаптарды әзірлейді;»;
4) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 12-баптың 3-тармағы 5) тармақшасындағы «тоқтатуға тыйым салынады.» деген сөздер «тоқтатуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) айналым саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыруға;
7) мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарларынан мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау құралдары арқылы өткізбей, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өткізуді (тиеп-жөнелтуді) жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
5) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнің экспорты кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар міндетті түрде ресімделеді.
Мұнай өнімдерін автожанармай құю станцияларында бөлшек саудада өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттар ресімделмейді.
Импорттаушылардың өз мұнай өнімдерін сақтау жағдайларын қоспағанда, мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарынсыз сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.»;
6) 26-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларын, 17-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын және 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын;».
22-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
22. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
21-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана мемлекеттік кіріс органдарына: тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша нұсқама негiзiнде;».
23. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 24-баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар қызметкерлерге төленген табыстардан - табыстар төленетін айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей;
2) дара кәсiпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар өзінің пайдасына - есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей;»;
2) тармақша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
2) 28-бапта:
3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агенттiң банк шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттік кіріс органдарының ұлттық валютада шығарған инкассолық өкiмдерi негiзiнде агенттiң шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргiзiледi.»;
4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) агент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің тізімдерін ұсынбаған және олар бойынша берешек болған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мемлекеттік кіріс органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сома шегінде жүргізіледі;»;
3) тармақша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
3) 57-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның мақсаттарында мемлекеттік кіріс органдарына - тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;»;
4) тармақша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
4) 67-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы бойынша айлықақы (қосымша ақы) кіреді.».
24. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
2-баптың 2-тармағындағы «2015» деген цифрлар «2017» деген цифрлармен ауыстырылсын.
25-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
25. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
1) 33-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жолаушылардың өткізу пунктінен кетуі немесе оған келуі кезінде оларды шетелге бара жатқан көлік құралдарына отырғызу (құралдарынан түсіру) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатымен жүзеге асырылады, ал жүктер мен тауарларды тиеу (түсіру) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының рұқсатымен жүргізіледі.»;
2) 36-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Өткізу пункттерінде қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының белгіленген режимді ұстап тұру мәселелері жөніндегі міндеттері»;
3) 67-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды белгіленген тәртіппен жете қарауды жүзеге асыруға;».
26. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
1) 7-бап алып тасталсын;
2) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 9-баптың 1-тармағының 2) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтарын, 26) тармақшасын, 27) тармақшасының төртінші абзацын, 38) тармақшасының екінші абзацын, 40), 49) тармақшаларын, 63) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 76) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 81) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 82), 83), 85), 89), 90), 96) тармақшаларын, 102) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтарын, 103) тармақшасын, 109) тармақшасының үшінші абзацын, 12-тармағының 2) тармақшасын;»;
«6) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 27) тармақшасының үшінші абзацын, 29), 30), 31), 34), 35), 36) тармақшаларын, 38) тармақшасының үшінші абзацын, 108) тармақшасын, 109) тармақшасының бірінші, екінші, төртінші - алтыншы абзацтарын;»;
27. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабы 1-2-тармағы екінші абзацының қолданысы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын және тоқтатыла тұру кезеңінде бұл абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Серпінді резервтің мөлшері уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айқындалады.».
28. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
72-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) көлік құралдарына салықты есептеу мақсаты үшін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн.
Бұл ретте жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде әкелген күнді айқындауға құқылы.
Осы тармақшаның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн ретінде «2014 жылғы 1 қаңтарға дейін» немесе «2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін» деп көрсетіледі.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді бастапқы мемлекеттік тіркеу күні оларды әкелген күн болып есептеледі.
12) жеңіл автомобильдерді өндіруші ел (Қазақстан (басқалар).».
29-тармақ 2014 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
29. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):