11-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
11. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 69-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;»;
2) 74-1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) табыстар мен мүлік туралы мәліметтерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана мемлекеттік кіріс органдарына ұсынатын жеке табыс салығы бойынша декларация болған кезде, оның көшірмесін қамтитын есептілікті табыс етуге тиіс.».
12-тармақ 2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
12. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «ставкаларын», «проценті», «проценттен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерін», «пайызы», «пайыздан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) облыстық бюджеттен және (немесе) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;».
13-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «ставкаларын», «ставкалардың» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 30-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсаттар беру;
4-2) халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектілерін орналастыру кезінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырғаны үшін төлемақы алу және мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен, мерзімдерде және нысандарда осындай төлемақы төлеушілер және салық салынатын объектілер туралы мәліметтер ұсыну;».
14. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «ставкасы», «ставкасынан», «процент», «проценті», «процентінен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесінен», «пайыз», «пайызы», «пайызынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) - өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор;».
15-тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
15. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
43-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша - тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана мемлекеттік кіріс органдарына;».
16. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «ставкаларды», «ставкаларымен», «ставкалар», «проценттік», «процентінен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелерімен», «мөлшерлемелер», «пайыздық», «пайызынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
22-1), 22-2) және 22-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылығы бар жеке тұлға немесе осындай жеке тұлғаның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың мүшесі ретінде есепке алынған отбасы мүшесі;»;
22-2) инвестициялық салымдар - жаңа өндiрiстiк қуаттарды құруға немесе жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар;
22-3) кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы - өзiндiк құны мен рентабельдiлiгі ескерiле отырып белгiленетiн, ауылшаруашылық тауарын өндiрушiлерден ауылшаруашылық өнiмiн сатып алу жүзеге асырылатын баға;»;
мынадай мазмұндағы 22-4) тармақшамен толықтырылсын:
«22-4) қайта өңдеушi кәсiпорындар - ауылшаруашылық өнiмiн бастапқы және (немесе) тереңдете қайта өңдеудi жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешеннiң субъектiлерi;»;
16-тармақтың 3) - 5) тармақшалары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту;»;
4) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2), 41-3) және 41-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-2) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-3) дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшерін бекіту;
41-4) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;»;
5) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 17-5), 17-6), 17-7) және 17-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-5) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
17-6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
17-7) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;
17-8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;»;
6) 11-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасының лизингі, кредиттер және технологиялық жабдық лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;»;
6) тармақшаның бесінші - отыз жетінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 8-7) тармақшамен толықтырылсын:
«8-7) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағының 8-7) тармақшасында көзделген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау тиісті жылы мынадай ауыл шаруашылығы өнімдерін:
1) сауын тірі ірі қара малды;
2) тірі жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдас жануарларды;
3) тірі түйелерді және түйе тектілерді;
4) тірі қойлар мен ешкілерді;
5) тірі шошқаларды;
6) тірі үй құсын;
7) тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасын;
8) ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің, жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған етін;
9) сауын ірі қара малдың шикі сүтін;
10) үй құсының жас немесе тоңазытылған етін;
11) картопты;
12) сәбізді;
13) қырыққабатты;
14) баклажанды;
15) қызанақты;
16) қиярды;
17) сарымсақты;
18) пиязды;
19) қант қызылшасын;
20) алмаларды;
21) алмұрттарды;
22) айваны;
23) өріктерді;
24) шиені;
25) шабдалыны;
26) қара өрікті;
27) ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, ешкілердің түтілген жүнін, терісі мен иленбеген былғарысын өткізуден түскен табысы күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құрайтын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға ұсынылады.
Осы тармақты қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақта көзделген субсидияны беру, сондай-ақ субсидия беру үшін белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, осындай субсидия шеңберінде алынған ақшаны қайтару тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
7) тармақша 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
7) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар
1. Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, ауыл шаруашылығы құралымдарының және жеке қосалқы шаруашылықтардың өндірістік әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану, қайта өңдеуші кәсіпорындармен тікелей орнықты байланыстар орнату мақсатында сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар құрылуы мүмкін.
2. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым мыналардан:
1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан;
2) шаруа немесе фермер қожалығынан;
3) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан сатып алынған, осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға болып табылады.
3. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар ауыл шаруашылығы өнімін жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген есептік бағаның (құнның) шегінен аспайтын баға бойынша сатып алуды жүзеге асырады.
4. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында (әкімдіктерде) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
5. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктерге) ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу және мұндай өнімді өткізу жөніндегі мәліметтерді ұсынуға міндетті.».
17. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75 құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «ставкасын», «ставкаларын», «проценттік», деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесін», «мөлшерлемелерін», «пайыздық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 27-бапта:
2) тармақшаның екінші, үшінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
2-тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасындағы «табысы бар дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.» деген сөздер «табысы бар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) ауыл шаруашылығы өнімін сауда базарларының аумағында өткізетін дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы:»;
3) 28-бапта:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш ұсынады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзіндік кәсіпкерлік - дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік кіріс органы оңайлатылған декларация, патент, жалпыға бірдей белгіленген режим негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерге қатысты тіркеуші орган бекіткен нысан бойынша дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару туралы (шығарудан бас тарту туралы) хабарлама шығарған кезде;».
18. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат, № 11, 63-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «ставка», «ставкалар», «процентін», «аффилиирленген» деген сөздер тиісінше «мөлшерлеме», «мөлшерлемелер», «пайызын», «үлестес» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 9) тармақшасындағы «сомасы бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.» деген сөздер «сомасы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлегені туралы өтініштері бойынша ақпаратты қамтуы мүмкiн.»;
3) мынадай мазмұндағы 32-2 және 32-3-баптармен толықтырылсын:
«32-2-бап. Салық төлеушілердің дербес есеп шоттарындағы 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
Бұл ретте, 2014 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша төленген өсімпұлдардың сомасы осындай салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған өсімпұлдар сомасын төлеу есебінен бюджетке есепке жатқызылуға жатады.
Осы баптың ережелері:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;