мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Егер іске қатысатын адамдар ауызша түсініктерге, мәлімдемелерге, өтінішхаттарға, қорытындыларға олардың жазбаша мазмұнын қосып берсе, онда хаттамада азаматтық іс материалдарына жазбаша құжаттардың қоса берілгені туралы көрсетіледі, хаттамада олардың толық мазмұны жазылмайды.»;
69) мынадай мазмұндағы 257-1 және 258-1-баптармен толықтырылсын:
«257-1-бап. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарымен тіркеп жазу (аудио-, бейнехаттама)
1. Ашық сот отырысының барысын тіркеп жазу аудио- немесе бейнежазу құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.
Сот отырысының барысында аудио- немесе бейнежазу құралдарын қолдану (аудио-, бейнехаттама) үздіксіз жүзеге асырылады.
2. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарымен тіркеп жазуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады. Іске қатысатын адамдардың барлығы сот отырысына келмеген жағдайда, процесті аудио- немесе бейнежазу құралдарының көмегімен тіркеп жазу (аудио-, бейнехаттама) жүзеге асырылмайды.
3. Істі талқылауды аудио- немесе бейнежазу құралдарын пайдалану арқылы тіркеп жазған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.
Сот отырысының қысқаша хаттамасында:
1) сот отырысының жылы, айы, күні және орны;
2) сот отырысы басталған және аяқталған уақыт;
3) істі қарайтын соттың атауы, судьяның, сот отырысы хатшысының тегі мен инициалдары;
4) істің атауы;
5) соттың аудио-, бейнежазу құралдарын қолдануы туралы мәліметтер;
6) аудио- немесе бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы;
7) іске қатысатын адамдардың, өкілдердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер;
8) іске қатысатын адамдар дәлелдемелер ретінде ұсынған қосымша материалдардың іске қоса тіркелгені туралы мәліметтер;
9) түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.
Сот отырысының қысқаша хаттамасына төрағалық етуші және хатшы қол қояды.
Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасын қамтитын материалдық жеткізгіш пен қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.
4. Сот іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша оларға сот отырысының аудио-, бейнежазбасының көшірмесін ұсынуы мүмкін.
5. Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын техникалық қолдану тәртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.»;
«258-1-бап. Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертпелер
1. Іске қатысатын адамдардың сот отырысы аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сот отырысының аудио-, бейнежазбасымен (аудио-, бейнехаттамасымен) және қысқаша хаттамасымен танысуға және бес жұмыс күні ішінде сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында олардың жазбаларының толық еместігі мен дұрыс еместігіне қатысты ескертпелер беруге құқықтары бар.
2. Сот отырысының аудио-, бейнежазбасына (аудио-, бейнехаттамасына) және қысқаша хаттамасына ескертпелерді қарау осы Кодекстің 259-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.»;
70) 263-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«263-бап. Сырттай шешімнің көшірмесін салып жіберу
1. Сырттай шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей оның көшірмесі табыс ету туралы хабарламамен бірге жауапкерге және талапкерге жіберіледі.
2. Жауапкердің өтінішхаты бойынша сырттай шешімнің көшірмесі электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;
71) 272-баптағы «соттылыққа жататын іс бойынша арызбен сотқа» деген сөздер «соттылық бойынша сотқа жазбаша нысандағы не электрондық құжат нысанындағы арызбен» деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 274-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Арызға азаматтың алқабиге кандидаттардың тізіміне енгізілу және алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқығының бұзылуы туралы айғақтайтын дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.»;
екінші бөлік «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
73) 278-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арыз сотқа осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық қағидалары бойынша беріледі. Қаралуы аудандық соттардың соттылығына жатқызылған арыздар азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа не әрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің тұрған жеріндегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»;
74) 281-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот отырысының орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған, санамаланған адамдардың қайсыбірінің сот отырысына келмей қалуы істі мәні бойынша қарауға кедергі болмайды. Бұл жағдайда сот жекеше ұйғарым шығаруға құқылы, осы ұйғарым арқылы көрсетілген адамның сотты құрметтемеушілік фактісі туралы, ал арыз қанағаттандырылған кезде - осы адамның заң бұзушылықтарға жол бергені туралы жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның назарына жеткізеді.»;
75) 286-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңға сәйкес келмейтiн нормативтiк құқықтық актiге және (немесе) жеке қолданылатын құқықтық актiге, сондай-ақ мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның әрекеттерiне прокурордың наразылығын заңсыз акт шығарған немесе заңсыз әрекеттер жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық білдірiлген актiнi немесе әрекеттердi заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнедi. Сотқа арыз наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;
76) 293-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
77) 296-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
78) 302-баптың төртінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
79) 308-1-баптың бірінші бөлігі «ішкі істер органы» деген сөздерден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
80) 309-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
81) 312-1-баптағы «ерекшеліктерімен мамандандырылған қаржылық» деген сөздер «ерекшеліктерді ескере отырып, ауданаралық экономикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
82) 312-2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қаржы ұйымы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа береді.»;
83) 312-4-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және аумақтық әділет органдарына жібереді.»;
84) 314-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда жылжымалы затты иесіз деп тану туралы арыз осы затты иеленуге кіріскен жеке тұлға тұратын жердегі немесе ұйым орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
2. Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган сол мүлік орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында береді.»;
85) 317-1-баптың бірінші абзацы «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
86) 317-9-бап «жерi бойынша» деген сөздерден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
87) 317-12-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
88) 318-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
89) 321-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
90) 324-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы және ол бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы арыз құжатты берген мекеме (тұлға) орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;
91) 331-1-баптың екінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
92) 334-баптың үшінші бөлігі «ішінде» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
93) 335-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Апелляциялық шағымға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»;
94) 337-бап 4) тармақшасындағы «берсе (келтірсе) қайтарылады.» деген сөздер «берсе (келтірсе);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) егер мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат болмаса, қайтарылады.»;
95) 340-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Пікір сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.»;
96) 344-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Істі одан әрі жылжыту мүмкіндігіне кедергі келтіретін ұйғарымдарды және шешімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе ұзарту туралы мәселе жөніндегі ұйғарымдарды қоспағанда, апелляциялық сатының жекеше шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.»;
97) 383-3-баптың бірінші абзацындағы «сотқа жолданады» деген сөздер «сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жолданады» деген сөздермен ауыстырылсын;
98) 383-5-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Кассациялық шағымға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»;
99) 383-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қайтару
1. Осы Кодекстің 383-5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін кассациялық шағым немесе наразылық қаралмай, кассациялық сатыдағы сот судьясының ұйғарымымен оларды берген адамға қайтарылады.
2. Кемшіліктер жойылғаннан кейін кассациялық шағым, наразылық, егер осы Кодекстің 383-4-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өтпесе, қайтадан берілуі мүмкін.»;
100) 383-9-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Пікір сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.»;
1-тармақтың 101) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
101) 384-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жергiлiктi және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн, оларға шағым жасаудың кассациялық тәртiбi сақталған жағдайда, iске қатысатын адамдардың өтiнiшхаттары және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тәртiбiмен қайта қарауы мүмкiн.
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген айрықша жағдайларда, заңды күшiне енген бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешiмi немесе қаулысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.
2. Мыналар:
1) бұйрықтық іс жүргізу істері бойынша;
2) жеңілдетілген іс жүргізу істері бойынша;
3) татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған, үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын істер бойынша заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.»;
1-тармақтың 102) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
102) 385-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«385-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне өтiнiшхат беруге, ұсыну енгізуге және наразылық келтiруге құқығы бар адамдар»;
мынадай мазмұндағы 4-2-бөлікпен толықтырылсын:
«4-2. Осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау туралы ұсыну енгізеді. Өтінішхат ұсынуға қоса тіркеледі.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Кодекстiң 393 - 395-баптарында көзделген қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуларына және прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және қадағалау сатысында тiкелей қаралады. Сот кеңесу бөлмесінде iстi қадағалау тәртiбiмен қайта қарауға осы Кодекстiң 387-бабында көзделген негiздердiң бар-жоғы туралы мәселенi шешедi, содан кейiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуын немесе прокурордың наразылығын мәнi бойынша қарайды. Көрсетілген негiздер болмаған кезде сот iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.»;
1-тармақтың 103) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
103) 386-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«386-бап. Iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын соттар
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық сатының заңды күшiне енген қаулыларына осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың өтiнiшхаттары және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 384-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынулары және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша істерді, бiрiншi, апелляциялық сатылардағы соттардың актiлерiн кемiнде бес судья құрамында қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстiң 384-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша iстердi қарайды.
Істер кемінде жеті судьядан тұратын алқалы құрамда қаралады.»;
1-тармақтың 104) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
104) 387-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдардың өтiнiшхаттары, сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және осы Кодекстiң осы бабының екiншi бөлiгiнде көрсетілген прокурорлардың өз құзыретi шегiндегi бастамасы iстердi талап етіп алдыруға себептер болып табылады.»;
105) 388-баптың бірінші бөлігі «iшiнде» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
106) 391-бапта:
алтыншы бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Сот актісіне дау айту туралы өтінішхатқа Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»;
107) 392-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «болса, олар берген тұлғаларға қайтарылуға тиіс.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) егер сот актісіне дау айту туралы өтінішхатқа мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркелмесе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиіс.»;
1-тармақтың 108) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
108) 395-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«395-бап. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау
1. Қадағалау сатысы дау айтылып отырған сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау iсін жүргiзуді қозғау туралы сот қаулысын, ұсынуды, наразылықты алғаннан кейiн тараптарға қадағалау ісін жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттың, қаулының, ұсынудың көшiрмелерiн, сот отырысын өткiзу күнін, уақытын, орнын көрсете отырып, iстiң қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жібереді.
2. Қадағалау сатысында iс қадағалау iсін жүргiзуді қозғау туралы қаулымен, ұсынумен бiрге істі қадағалау сатысына берiлген не прокурордың наразылығы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралуға тиiс.»;
109) 395-1-бапта:
1-тармақтың 109) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынуға немесе наразылыққа пікір
1. Іске қатысатын адам қайта қарауға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынуға немесе наразылыққа пікірді іске қатысатын басқа адамдарға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Пікір Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.»;
1-тармақтың 110) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
110) 397-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«397-бап. Істі қарау шектері
1. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығын істе бар материалдар бойынша, өтінішхаттың, ұсынудың, наразылықтың дәлелдері шегінде тексереді.
2. Қадағалау сатысындағы сот заңдылық мүдделерін көздеп, өтінішхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегінен шығуға және шағым жасалған, наразылық білдірілген шешімнің заңдылығын толық көлемінде тексеруге құқылы. Сот осы Кодекстің 25 - 29-тарауларында көзделген істер бойынша бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттар шығарған қаулылардың заңдылығын толық көлемінде тексереді.»;
1-тармақтың 111) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
111) 398-бапта:
бірінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтінішхаты (ұсынуы, наразылығы) бойынша қайта қаралатынын, сот құрамына кімдердің кіретінін және іске қатысатын адамдардың қайсысы сот отырысы залына келіп отырғанын хабарлауымен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, өтінішхат (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Iстi қарау кезiнде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы мiндеттi.»;
«4. Істі қадағалау тәртібімен қарау нәтижесінде сот кеңесу бөлмесінде мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардың немесе қадағалау сатысының шешімін - өзгеріссіз, ал өтінішхатты, ұсынуды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) осы Кодекстiң 387-бабында көзделген негiздердiң болмауына байланысты iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы;
3) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сот шешімінің күшін толық не бір бөлігінде жояды және істі апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сотқа немесе, егер іс апелляциялық сатыдағы сотта қаралмаған болса, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді. Қадағалау сатысындағы сот қаулыда көрсетілмеген не онда жоққа шығарылған мән-жайларды анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге, қандай да бір дәлелдемелердің анықтығы немесе анық еместігі, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, істі жаңадан қарау кезінде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиіс екені және қандай қаулының қабылдануға тиіс екені туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес;
4) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы, қадағалау сатысындағы сот шешімінің күшін толық не бір бөлігінде жояды және талап арызды қараусыз қалдырады не іс бойынша іс жүргізуді тоқтады;
5) іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
6) егер материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды және істі жаңадан қарауға бермей, жаңа шешім шығарады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Істі осы Кодекстің 386-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда қарау осы баптың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы енгізген ұсынудың дәлелдерін іс бойынша баяндамашы болып табылатын судья баяндайды.»;
1-тармақтың 112) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
112) 403-баптың екінші бөлігіндегі «өтiнiш,» деген сөз «өтiнiшхат, ұсыну,» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 113) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
113) 403-1 және 403-2-баптар алып тасталсын;
114) 406-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
115) 406-1-баптың бірінші бөлігі «нысанда» деген сөзден кейін «не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
116) 410-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз даудың мәні бойынша шешім не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарған сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
4. Жоғалтылған атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз атқару жеріндегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;
117) 426-1-баптың екінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 16, 90-құжат):
1) 273-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Тергеуші осы Кодекстің 290-1-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар бойынша кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілдеріне, кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілдеріне және өкілдеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істі аудандық және оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.»;
2) 287-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. Анықтаушы осы Кодекстің 290-1-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар бойынша кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілдеріне, кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілдеріне және өкілдеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді аудандық және оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.»;
3) 290-1-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілінің, кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілінің және өкілінің өтінішхаты бойынша аудандық және оған теңестірілген сот қарауы мүмкін.»;