Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 404-ІІ Заңы
(2014.17.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң суды беру мен пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыру процесiнде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың - су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi мүшелерiнiң мемлекеттік органдармен және су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативiнiң мүшелерi болып табылмайтын тұлғалармен арасында туындайтын қатынастарды реттейдi, кооперативтiң құқықтық жағдайын айқындайды, суару көздерiн басқару, оларға билiк ету үшiн барлық су пайдаланушылардың мүдделерiне сай келетiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етедi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) су пайдаланушылар - гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
2) гидромелиоративтiк жүйе - жер суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық өзара байланыстағы гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар және жабдықтар кешенi (суару, сорғыту, құрғату және суландыру жүйелерi);
3) мүлiктiк (пайлық) жарна - су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi мүшесiнiң су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативiнiң пайлық қорына төлейтiн жарнасы;
4) су пайдалану лимиттерi - өзендер бассейндерi бойынша және жекелеген су пайдаланушылар үшiн белгiленетiн, белгiлi бiр уақыт аралығында су ресурстарын су объектiлерiнен алудың немесе нормативтiк сападағы ағынды суларды су объектiлерiне жiберудiң жол берiлетiн шектi көлемдерi;
5) су пайдалану учаскесi - бiр гидротехникалық құрылыстан, құрылғыдан және жабдықтан қызмет көрсетiлетiн және (немесе) басқару органы тұрған жерден шалғайдағы су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерiнен тұратын, су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) шешiмi бойынша немесе су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында көзделген өзге де жағдайларда құрылуы мүмкiн құрылымдық бiрлiгi;
6) пайлық қор - су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативiнiң мүшелерi оны құру немесе оған кіру кезiнде енгiзетiн мүлiктiк (пайлық) жарналардан тұратын және су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативiнiң мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi болып табылатын қор;
7) жүктелген аумақ - бiр гидротехникалық құрылыстан немесе құрылғыдан суарылатын, суландырылатын, құрғатылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) жергілікті уәкілетті орган - тиісті аумақта су пайдалану саласында реттеуді жүзеге асыратын атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, Су кодексінен, осы Заңнан, сондай-ақ осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде, Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы заңдардан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi
1. Жүктелген аумақта жер учаскелерiн иеленушi (пайдаланушы) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды бiрлесiп басқару үшiн мүшелiк негiзіндегі ерiктi бiрлестiгi су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi (бұдан әрi - су пайдаланушылар кооперативi) деп танылады.
2. Су пайдаланушылар кооперативi алған кiрiстердi оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
3. Су пайдаланушылардың кооперативтерi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және бұл олардың жарғылық мақсаттарына сай келсе ғана, кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алады.
4-бап. Су пайдаланушылар кооперативiн құрудың және оның қызметiнiң негiзгi принциптерi
Су пайдаланушылар кооперативтерi:
гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды бiрлесiп басқару;
су пайдалану кооперативіндегі мүшелiгiне қарамастан, барлық су пайдаланушылардың суды бiрдей пайдалану құқығын қамтамасыз ету;
мүшелiкке кіру және одан шығу ерiктiлiгi;
басқарудың демократиялылығы;
су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнiң мүдделерiн қорғау;
су және жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау режимiн қолдау;
су пайдаланушылар кооперативiнiң барлық мүшелерi үшiн cу пайдаланушылар кооперативiнiң қызметi туралы ақпараттың қолжетiмдi болу принциптерi негiзiнде құрылады.
5-бап. Мемлекет және су пайдаланушылар кооперативтерi
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Бағдарламалар шеңберiнде суды ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге беру жөніндегі көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау, ғылыми-техникалық талдамаларды, сумен жабдықтаудың, суарудың немесе суландырудың озық технологияларын енгізу, су шаруашылығы жүйелерiн пайдалану саласында ақпараттық қызмет көрсету, кадрларды оқыту мен олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру, су шаруашылығы жүйелерiн реконструкциялауға және суармалы жерлердi жақсартуға арналған инвестициялау жүзеге асырыла алады.
Тiкелей инвестициялау тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде су пайдаланушылар кооперативтерiнiң Қазақстан Республикасының су заңдарын орындауын және су пайдаланушылар кооперативіндегі мүшелiгiне қарамастан, олардың барлық тұтынушылардың суды бiрдей пайдалануын қамтамасыз етуiн бақылайды.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік орталық атқарушы органдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, су пайдаланушылар кооперативтерiнiң шаруашылық, қаржылық және өзге де қызметiне араласуға құқығы жоқ.
6-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң құқықтық өкiлеттiктерi
1. Су пайдаланушылар кооперативi заңды тұлға болып табылады және мынадай құқықтық өкiлеттiктердi иеленедi:
1) су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған қызметпен айналысу;
2) өзi қол жеткізу үшiн құрылған мақсаттарға қаншалықты көмектесетiнiне қарай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру;
3) гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар және жабдықтар салу, жөндеу, оларды жаңғырту жұмыстарын орындау жөнiндегі тапсырысшы болу және оларды қабылдауды жүзеге асыру;
4) жүктелген аумақтың су пайдаланушыларын сумен қамтамасыз етуге және олардың арасында суды бөлуге байланысты даулы мәселелердi өз құзыретi шегiнде шешу;
5) мемлекеттік органдардың су пайдаланушылар кооперативiнiң құқығын бұзатын актілеріне, олардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне сот тәртібімен шағымдану;
6) су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнен және шарттарға сәйкес басқа да су пайдаланушылардан жарналар мен төлемдер жинауды жүзеге асыру;
7) заңды тұлғаның су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында көзделген мақсаттарға қол жеткізуi үшiн қажеттi өзге де құқықтарын жүзеге асыру.
2. Тiзбесi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен айқындалатын, жарғылық мақсаттарға сай келетiн кәсіпкерлік қызметтiң жекелеген түрлерiмен су пайдаланушылар кооперативi лицензияның негiзiнде ғана айналыса алады.
7-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң мiндеттерi
Су пайдаланушылар кооперативi:
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес жергілікті уәкiлеттi органда арнайы cy пайдалануға және су тұтыну лимитіне рұқсат алуға;
2) су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi болып табылмайтын жүктелген аумақтың су пайдаланушыларымен олардың әрқайсысы үшiн су тұтыну лимитiн белгiлеу және ол үшiн ақы төлеу туралы шарттар жасауға;
3) су пайдаланушылар кооперативiне кiрмеген жүктелген аумақтың су пайдаланушыларына суды олардың әрқайсысы үшiн шартпен белгiленген су тұтыну лимитi шегiнде берудiң кестесiн жоспарлауды жүзеге асыруға;
4) шарттарға сәйкес, су пайдаланушылар кооперативіндегі мүшелiгiне қарамастан, жүктелген аумақтың барлық су пайдаланушыларының суды бiрдей пайдалану құқығын қамтамасыз етуге;
5) су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі есептi және есептiлiктi жүргiзуге, гидромелиоративтiк жүйенi суды есептеуге арналған құралдармен қамтамасыз етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда су ресурстарын пайдалануға лицензия алуға;
7) гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды сақтау мен қауiпсiз пайдалану жөніндегі iс-шараларды сақтай отырып, оларды пайдалануды, жөндеудi, реконструкциялауды жүзеге асыруға;
8) гидротехникалық құрылыстардың, құрылғылар мен жабдықтардың паспортын беру iсiн жүргiзуге;
9) су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiне суды ұтымды және тиiмдi пайдалану саласындағы біліктiлiгi мен білімдерiн арттыруға жәрдемдесуге;
10) су пайдаланушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге, оларға жаңа технологияларды, техниканы енгізу кезiнде және ғылым-білімдi таратуда көмектесуге;
11) Қазақстан Республикасының су, жер, санитариялық-эпидемиологиялық, табиғат қорғау заңдарын және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарын, арнайы су пайдаланудың шарттарын, белгiленген нормалары мен ережелерiн сақтауға;
12) су пайдаланушылар кооперативіндегі мүшелiгiне қарамастан, жүктелген аумақтың барлық су пайдаланушыларына су ресурстарын ұтымды пайдалануға жәрдемдесуге, су ресурстары сапасының нашарлауына жол бермеуге;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген есептiлiктi жүргiзуге;
14) суды арнаулы мақсатқа және оны беру шарттарына сәйкес пайдалануға;
15) су пайдаланудың белгiленген лимитiн, ережелерiн, нормалары мен режимiн сақтауға;
16) су ысырабын жоюға және азайтуға қатысты шаралар қолдануға;
17) су көздерiнiң ластануына және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге;
18) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап беруге;
19) су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
2-тарау. Су пайдаланушылар кооперативін құру тәртібі және оны басқару
8-бап. Су пайдаланушылар кооперативiн құру тәртібі
1. Су пайдаланушылар кооперативiн құру құрылтай жиналысын өткізуден басталады және су пайдаланушылар кооперативiн заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеумен аяқталады.
2. Азаматтар су пайдаланушылар кооперативiнiң құрылтай жиналысын өткізу және оның қарауына шығаратын құжаттардың жобаларын әзiрлеу жөніндегі бастамашы топтарды құра алады.
3. Су пайдаланушылар кооперативiн бiрнеше елдi мекен азаматтары құрған жағдайда және (немесе) өзге де жағдайларда су пайдаланушылар кооперативiнiң құрылтай жиналысын әзiрлеу және өткізу жөніндегі бастамашы топтар белгiлеген тәртiппен және нормалар бойынша су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелiгiне өткiсi келетiндер сайлаған уәкiлдердiң құрылтай жиналысы өткiзiлуi мүмкiн.
4. Су пайдаланушылар кооперативi, жүктелген аумақ су пайдаланушыларының кемiнде жартысы оның мүшелерi болған жағдайда бiр гидротехникалық құрылыс, құрылғы және жабдық шегiнде құрылуы мүмкiн.
9-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысы
1. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысы заңды тұлға ретіндегі су пайдаланушылар кооперативiнiң құқықтық мәртебесiн айқындайтын құжат болып табылады.
2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында:
1) су пайдаланушылар кооперативiнiң атауы, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) су пайдаланушылар кооперативi қызметiнiң нысанасы мен мақсаттары;
3) пайшылардың су пайдаланушылар кооперативi мүшелiгiне кіру және одан шығу тәртібі, соның iшiнде су пайдаланушылар кооперативi мүлкіндегі өз үлесiн бөлiп алу тәртібі;
4) мүлiктiк (пайлық) жарналарды енгізудiң құрамы, мөлшерi және тәртібі;
5) су пайдаланушылар кооперативi мүлкiнiң қалыптасу көздерi;
6) су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнiң мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;
7) су пайдалану учаскесiнiң құрылу және қызмет ету шарттары, тәртібі;
8) су пайдалану учаскесi уәкiлдерiнiң өкiлеттiгi;
9) су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi болып табылмайтын, жүктелген аумақтың су пайдаланушыларымен қарым-қатынас;
10) cу пайдаланушылар кооперативiнiң атқару, бақылау және өзге де органдарын қалыптастыру, сайлау (қайта сайлау) тәртібі және олардың өкiлеттiктерi, шешiмдер қабылдау тәртібі;
11) су пайдаланушылар кооперативiнiң шеккен шығындарын су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнiң жабу тәртібі;
12) су пайдаланушылар кооперативiн қайта ұйымдастыру және тарату шарттары;
13) су пайдаланушылар кооперативiнiң құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі көрсетiлуге тиiс.
Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкін.
3. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысына тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi көрсетiле отырып, кооператив мүшелерiнiң тiзiмi, сондай-ақ заңды тұлғалардың атауы мен орналасқан жерi, сондай-ақ су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердiң бар екендiгi туралы мәлiметтер қоса берiледi.
10-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң қызметi
1. Гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды басқару мен пайдалану су пайдаланушылар кооперативi қызметiнiң негiзi болып табылады.
2. Гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар және жабдықтар су пайдаланушылар кооперативiне сенімгерлiк басқаруға берiлуi мүмкiн.
3. Су пайдаланушылар кооперативi суды тiкелей су көзiнен алған кезде су ресурстарын пайдалануға лицензиясы және арнайы су пайдалану лицензиясы болуға тиiс.
11-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң оның құрамына кiрмейтiн су пайдаланушылармен қарым-қатынасы
1. Су пайдаланушылар кооперативiнiң құрамына кiрмеген, бiрақ су пайдаланушылар кооперативiнiң басқаруындағы бiр гидротехникалық құрылыстың, құрылғының және жабдықтың қызметiн пайдаланатын су пайдаланушылар су пайдалану құқығын сақтайды. Бұл ретте су пайдаланушылар кооперативiнiң су пайдалануға алған рұқсатында ол су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi болып табылмайтын тұлғаларға шарттық негiзде су беруге кепiлдiк беретiндiгi көрсетiледi.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi болып табылмайтын су пайдаланушыларға суды беру жөніндегі қызмет көрсетулерге төлемақы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
3. Су пайдаланушылар кооперативi мен оның құрамына кiрмейтiн су пайдаланушылардың арасындағы дауларды сот шешедi.
12-бап. Су пайдаланушылар кооперативiне мүшелiк
1. Жүктелген аумақта жер учаскелерiн иеленушi (пайдаланушы) және гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын азаматтар мен заңды тұлғалар су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi бола алады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi кейiнгi жер пайдалану құқығымен пайдаланатын және гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар су пайдаланушылар кооперативiнiң қызметiне бастапқы жер пайдаланушы берген сенімхаттың негiзiнде қатысады.
2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшесi болып табылатын заңды тұлға осы кооперативте Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы өкiлдiк етуге тиiс.
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Шаруа немесе фермер қожалығы атынан су пайдаланушылар кооперативiнде оның басшысының жеке өзi өкiлдiк етедi. Ауырып қалған немесе ұзақ уақыт болмаған жағдайда шаруа немесе фермер қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерiнiң бiреуiне су пайдаланушылар кооперативіндегі өзiнiң мiндеттерiн орындауға уәкiлеттiк бере алады, ол жөнiнде су пайдаланушылар кооперативiнiң басқару органына жазбаша хабарлайды.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Жүктелген аумақ шекарасы шегіндегі су пайдаланушылар болып табылатын мемлекеттік кәсiпорындар жергілікті уәкiлеттi органның келісімiмен ғана су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi бола алады.
5. Мемлекеттік мекемелер, белгiленген тәртiппен мемлекеттік меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету құқығы берiлген мекемелердi қоспағанда, су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi бола алмайды.
6. Шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілерінде және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында су пайдаланушылар кооперативiн құруда және оның қызметiнде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және мiндеттер атқарады.
13-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң қызметiне қойылатын шектеулер
Су пайдаланушылар кооперативiнiң қызмет көрсету аумағында гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды пайдаланатын су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерiне өз бетiнше:
cу шаруашылығы құрылыстарын жобадан тыс реттеуге;
сумен жабдықтау жүйесiнде, су қоймаларында, уақытша мойнақтар арналарында, сорғы станцияларында және басқа да құрылыстарда жобада көзделмеген құрылғылар орнатуға;
басқа су пайдаланушылардың мүдделерiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.
14-бап. Су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнiң мiндеттерi
1. Су пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының Су кодексiнде және «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негiзгi мiндеттерiнен басқа, су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi:
1) судың нормадан тыс ысырап болуына, сондай-ақ оның мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;
2) өз қызметiнiң нәтижесiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық жағдайдың және су жағдайының нашарлауына жол бермеуге;
3) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі мiндеттемелердi орындамаудан немесе тиiсiнше орындамаудан туындаған шығындарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге;
4) өздерiнiң жер учаскелерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын жайластыру және олардың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында су пайдаланушылар кооперативi жұмыскерлерiнiң оларды пайдалана алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттердi атқара алады.
15-бап. Тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығының тоқтатылуына байланысты су пайдаланушылар кооперативіндегі мүшелiктiң тоқтатылуы
1. Жер учаскесiне, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығын жоғалтқан cу пайдаланушылар кооперативiнiң мүшесi осы кооперативтегi мүшелiгiн тоқтатады.
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығын жоғалтқан су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшесi бұл туралы су пайдаланушылар кооперативiнiң атқарушы органын хабардар етедi. Бұл хабарламаны су пайдаланушылар кооперативiнiң атқарушы органына жер учаскесiне, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығына ие болған тұлғалар да бере алады.
3. Су пайдаланушылар кооперативi мүшесiнiң жер учаскесiне, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығын жоғалтуына байланысты су пайдаланушылар кооперативіндегі мүшелiктiң тоқтатылуы су пайдаланушылар кооперативi атқарушы органының шешiмiмен ресiмделедi.
4. Жер учаскесiне, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығын жоғалтуына байланысты мүшелiгiн тоқтатқан су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшесiне осы Заңда белгiленген тәртiппен су пайдаланушылар кооперативiнiң мүлкіндегі оның мүлiктiк (пайлық) жарнасына барабар үлес бөлiнiп берiледi.
16-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы)
1. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы) кезектi немесе кезектен тыс жиналыстар ретiнде шақырылады.
2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшесi жалпы жиналысқа (уәкiлдер жиналысына) жеке өзi немесе өзiнiң өкiлi арқылы қатысуға құқылы.
Су пайдаланушылар кооперативi басқару органдарының мүшелерi, сенім бiлдiрушiнiң өзi су пайдаланушылар кооперативi басқару органдарының мүшесi болып табылатын жағдайды қоспағанда, жалпы жиналысқа (уәкiлдер жиналысына) өкiл ретiнде қатысуға құқылы емес.
Сенімхат негiзiнде басқа адам су пайдаланушылар кооперативi мүшесiнiң өкiлi болуға құқылы.
3. Су пайдаланушылар кооперативiнiң әрбiр мүшесi немесе оның өкiлi жалпы жиналыста (уәкiлдер жиналысында) бiр дауысқа ие болады.
4. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысымен су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнiң жалпы жиналыста (уәкiлдер жиналысында) төрағалық ету кезектiлiгi көзделуi мүмкiн.
5. Су пайдаланушылар кооперативi жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) шешiмi бойынша оған су пайдаланушылар учаскелерi мүшелерiнiң жиналыстарында уәкiлдiк берiлгендер, сайланғандар қатыса алады.
6. Жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы), егер су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында өзгеше көзделмесе, өзiнiң айрықша құзыретiне жатпайтын өкiлеттiктердi су пайдаланушылар кооперативiнiң атқарушы органына беруге құқылы.
17-бап. Су пайдалану учаскелерi мүшелерiнiң жиналысы
1. Су пайдалану учаскесi су пайдаланушылар кооперативiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және өз қызметiнiң мәселелерiн жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) шешiмiмен немесе су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысымен көзделген көлемде ғана шеше алады.
2. Су пайдалану учаскесiн құру туралы шешiм су пайдаланушылар кооперативiнiң жалпы жиналысында (уәкiлдер жиналысында) қабылданады. Су пайдалану учаскелерiн құру туралы мәселенi жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) қарауына су пайдаланушылар кооперативiнiң атқарушы органы және (немесе) су пайдалану учаскелерiн құруға ниет бiлдiретiн мүшелерi енгізуi мүмкiн.
3. Су пайдалану учаскесi мүшелерiнiң жиналысында су пайдаланушылар кооперативi қызметiнiң мәселелерi қаралады, сондай-ақ су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында айқындалатын тәртiппен және өкiлдiк нормалары бойынша су пайдаланушылар кооперативiнiң жалпы жиналысына (уәкiлдер жиналысына) қатысу үшiн делегаттар сайланады.
4. Су пайдаланушылар кооперативi су пайдалану учаскесi мүшелерiнiң жиналысы, егер оған су пайдалану учаскесi мүшелерiнiң кемiнде үштен eкici қатысса, заңды болып табылады.
5. Су пайдаланушылар кооперативiнiң су пайдалану учаскесi мүшелерi жиналысының шешiмi, егер оған су пайдалану учаскесi мүшелерiнiң жиналысына қатысып отырғандардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi.
6. Су пайдаланушылар кооперативiнiң су пайдалану учаскесi мүшелерi жиналысының шешiм қабылдау тәртібі, дауыс беру нысаны (жасырын немесе ашық) осы жиналыста айқындалады.
18-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң уәкiлi
1. Су пайдалану учаскесi мүшелерiнiң жиналысында сайланған су пайдаланушылар кооперативiнiң уәкiлi су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында айқындалған өкiлеттiктерге ие болады.
2. Уәкiлдер жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қойған су пайдалану учаскесi мүшелерінің жиналысы хаттамасының көшiрмесi болған кезде су пайдаланушылар кооперативiнiң жалпы жиналысына (уәкiлдер жиналысына) қатысуға жiберiледi.
3. Су пайдаланушылар кооперативi учаскесiнiң уәкiлi учаскенiң қызметiн ұйымдастырады және су пайдалану учаскесiнiң су пайдаланушыларына су пайдаланушылар кооперативi жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) шешiмiн жеткізеді.
19-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң байқаушы кеңесi
1. Су пайдаланушылар кооперативiнiң байқаушы кеңесi, егер бұл оның мүшелерi тарапынан атқарушы органның қызметiне бақылау жасау мақсатында су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында көзделсе, құрылуы мүмкiн. Байқаушы кеңестiң өкiлеттiктерi жарғымен айқындалады.
2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң байқаушы кеңесi су пайдаланушылар кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы) сайлайтын оның мүшелерiнен тұрады.