9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде сақталатын материалдық құндылықтарды түгендеуді жүзеге асырады, түгендеуді жүргізуге тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тартады;
10) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен жүргізілетін операцияларға қатысушылармен жасасылған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекітеді;
12) жаңарту тәртібінде мемлекеттік резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) мемлекеттік резерв номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
15) Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлейді;
16) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына түгендеу материалдарын жібереді;
17) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды жүргізеді;
18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды
12-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілері мен стандарттарының жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;
4) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
5) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аварияларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізеді;
7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді;
8) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
10) мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілейді;
11) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
12) қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға жобалық құжаттаманы келіседі;
13) қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдардың, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;
14) өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға, магистральдық құбырлар мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызмет түрлері үшін, оларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
15) қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;
16) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекітеді;
17) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
18) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекітеді;
19) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
20) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілейді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Орталық атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) орталық атқарушы органның азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және бекітеді;
2) азаматтық қорғау саласындағы нормативтерді, стандарттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді уәкілетті органға ұсынады;
3) өздерінің қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және төтенше жағдайларды болжау қызметтеріне басшылық етеді;
4) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау үшін ұйымдардың тізбесі жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру жөнінде ұсыныстар жібереді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
10) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау бойынша ұйымдармен шарттар жасасады;
11) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
12) ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өрттердің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізеді;
13) азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылықты жүзеге асырады;
14) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын бақылауды жүзеге асырады;
15) жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
16) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органды, ал әскери басқарудың жергілікті органдары арқылы - уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін тиісті дәрежедегі жауынгерлік әзірлікті енгізу туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы құлақтандырады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негізінде азаматтарды Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жүйесіне әскери қызметке шақыруды, сондай-ақ азаматтарды жұмылдыру бойынша шақыруды жүргізеді;
3) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану салдарларынан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
1. Жергілікті өкілді органдар:
1) төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекітуге құқылы, оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, олардың алдын алуды және оларды жоюды қамтамасыз етеді.
3. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы өкілеттіктеріне:
1) халық пен ұйымдарға азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабар беру;
2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру;
3) қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері болған жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншіктерді күзету, қоғамдық тәртіпті ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша, қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсету;
4) азаматтық қорғауды басқарудың аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын құру және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұру;
5) аварияларды, төтенше жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу;
6) бекітілген бюджеттік мақсаттарға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
7) төтенше жағдайларды жойғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
8) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;
9) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;
10) игеріліп жатқан кен орындары аудандардағы және сейсмикалық қауіпті өңірлердегі бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын арттыру;
11) құлақтандыру мен хабар берудің техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру;
12) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың авариялық және шұғыл қызметтерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру;
13) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету;
14) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту;
15) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру;
16) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен қаражат бөлу;
17) төтенше жағдайларды болғызбау, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі салдарларды жою және нұқсанды азайту жөнінде шараларды әзірлеу және қолдану;
18) төтенше жағдай аймағында зардап шеккендерді медициналық қамтамасыз етуді, оның ішінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
19) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21) және 22) тармақшалармен толықтырылды
21) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
22) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру жатады.
4. Жергілікті атқарушы органдар:
1) ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ерікті өрт сөндірушілеріне, құтқарушыларына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне осы Заңның 103-бабының 3, 4, 5 және 7-тармақтарына сәйкес әлеуметтік көмек үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражатын бөлу туралы шешім қабылдауға;
2) ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, өртке қарсы ерікті құралымдарды жарақтандыруға жәрдем көрсетуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бюджет қаражаты болған кезде уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес, уәкілетті органға оның ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен оның ведомствосына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен құрылыстарын материалдық-техникалық жарақтандыруға, салуға, реконструкциялауға және жөндеуге жәрдем көрсетуге құқылы.
16-бап. Ұйымдардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Ұйымдардың:
1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) өздерінің объектілерінде болған авариялардың, оқыс оқиғалар мен өрттердің себептері мен мән-жайларын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шекте азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөнінде әлеуметтік және экономикалық ынталандыру шараларын белгілеуге;
4) азаматтық қорғау мәселелері жөнінде ақпарат алуға;
5) өздері өз қаражаты есебінен ұстайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті шарттар негізінде тартуға;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерге бағалау жүргізуге құқығы бар.
2. Ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын орындауға;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеуге және оларды жүзеге асыруға;
3) өртке қарсы насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасуға;
5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауға, олардың мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеуге;
6) өрттерді сөндіру, аварияларды жою, олардың туындау және өршу себептері мен жағдайларын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуына, өрттердің және авариялардың туындауына жол берген тұлғаларды анықтау кезінде жәрдем көрсетуге, азаматтық қорғау күштерінің бөлімшелері ұйымдардың аумақтарында қызметтік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кіруін қамтамасыз етуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың және олардың мемлекеттік инспекторларының сұрау салуы бойынша өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы, оның ішінде өздері өндіретін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер, авариялар, оқыс оқиғалар және олардың салдары туралы мәліметтер мен құжаттарды беруге;
8) өртке қарсы қызметке туындаған өрттер, өртке қарсы қорғанудың қолда бар жүйелері мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгеруі туралы дереу хабарлауға;
9) төтенше жағдайлардың туындау қатері туралы немесе туындауы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беруге, жұмыскерлер мен халықты құлақтандыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жұмыскерлерге және басқа да азаматтарға төтенше жағдайлардың салдарларынан келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуді қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларды жойғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге;
11) жұмыскерлерді және өндірістік әрі әлеуметтік мақсаттағы объектілерді төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға міндетті.
3. Қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар осы баптың 2-тармағына қосымша:
1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
3) өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды зерттеп-қарау мен диагностикалауды жүргізуге;
4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 71-бабының 2-тармағында көрсетілген техникалық құрылғыларға техникалық куәландыруды жүргізуге;
5) қызмет етудің нормативтік мерзімі біткен техникалық құрылғыларға оларды одан әрі қауіпсіз пайдаланудың мүмкін мерзімін анықтау үшін сараптама жүргізуге;
6) белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай келетін лауазымды адамдар мен жұмыскерлерді қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа жіберуге;
7) қауіпті өндірістік объектілерге бөгде адамдардың кіруін болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға;
8) авариялардың, оқыс оқиғалардың туындау себептеріне талдау жүргізуге, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа және жұмыскерлерге авариялар туралы және қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы дереу хабар беруге;
10) аварияларды, оқыс оқиғаларды есепке алуды жүргізуге;
11) қауіпті өндірістік объектінің қаржылық-экономикалық қызметі жоспарларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды көздеуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жарақаттану және оқыс оқиғалар туралы ақпарат беруге;
13) мемлекеттік инспекторды қауіпті өндірістік объектіде болған кезде жеке қорғану құралдарымен, қауіпсіздік аспаптармен қамтамасыз етуге;
14) қызмет етуінің нормативтік мерзімі біткен техникалық құрылғыларды уақтылы жаңартуды қамтамасыз етуге;
15) осы Заңда айқындалған қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін декларациялауға;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандардың, жұмыскерлердің даярлығын, қайта даярлығын және білімін тексеруді қамтамасыз етуге;
18) кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуға немесе осы ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілеріне қызмет көрсету үшін объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құруға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы бұларды жүзеге асырғанға дейінгі кемінде күнтізбелік үш күн бұрын жазбаша хабарлауға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
21) осы Заңға сәйкес қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға жобалық құжаттаманы келісуге;
22) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын, техникалық куәландыруларды жүргізуге;
23) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жиынтықпен, қажетті техникамен, жабдықпен, сақтандыру және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын әзірлікте ұстап тұруға;
24) қауіпті өндірістік объектілерде ықтимал аварияларды және олардың салдарларын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
25) аварияларды жою жоспарына сәйкес жұмыстарды жүргізуге материалдық және қаржылық ресурстардың резервтеріне ие болуға;
26) қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға туындаған жағдайда мониторинг жүргізу, байланыс және іс-қимылдарды қолдау жүйелерін құруға және олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
27) қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға болған жағдайда жұмыскерлерді іс-қимылдарға оқытуды жүзеге асыруға;
28) жергілікті құлақтандыру жүйелерін құруға және ұдайы әзірлікте ұстап тұруға міндетті.
4. Қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдарға, егер олар осы объектілерде:
көмірсутек шикізатын геологиялық барлауды қоспағанда, геологиялық барлау жұмыстарын және бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбестен кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша тау-кен жұмыстарын;