Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 23 сәуірдегі № 540 қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 Қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 654 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.25.06. № 629 (бұр. ред. қара); 2006.05.09. № 839 (бұр.ред.қара); 2007.02.11. № 1029 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгерді; ҚР Үкіметінің 2012.07.08. № 1031 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.15.04. № 355 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
№ 540 Қаулысымен
қосымша
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су және биологиялық ресурстар департаменті директорының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы
Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Алпыспаев Талғат Тұрсынұлы | - «KEGOC» акционерлік қоғамының «Шығыс өңіраралық электр желілері» филиалының директоры (келісім бойынша) |
Курий Юлия Анатольевна | - «AES Өскемен гидроэлектрстанциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «AES Шүлбі гидроэлектрстанциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Свамбаев Рысқан Тиышпекұлы | - Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Әженов Әлімуәлет Абзалұлы | - «Ұлы Ертіс - Великий Иртыш» су пайдаланушылары қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) |
Белов Владимир Александрович | - «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Коблов Сергей Михайлович | - «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бұқтырма гидроэнергетикалық кешенінің директоры (келісім бойынша) |
Сыздықов Қанат Тұрлыбекұлы | - «Ертіс» су пайдаланушылар және су тұтынушылар қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Лавриненко Юрий Иванович | - «KAZLOGISTIKS» көліктік-логистикалық қауымдастығы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
№ 540 Қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 Қаулысымен қосымшаның тақырыбы өзгертілді
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі
тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 561 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау;
ҚР Үкіметінің 2007.02.11. № 1029 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Ертіс су қоймалары құламасының табиғатты қорғайтын су ағызу кезеңінде қосымша өндірілетін электр энергиясын тарату жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру;
4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері
4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға.
5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға.
4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі
6. Комиссияны Төраға басқарады.
ҚР Үкіметінің 2005.25.06. № 629 Қаулысымен 6-1 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.15.04. № 355 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-1-тармақ жаңа редакцияда
6-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
ҚР Үкіметінің 2013.15.04. № 355 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.