Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы
1999 жылғы 16 қарашадағы № 474-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы ең төмен күнкөрiс деңгейiн анықтау және пайдалану үшiн құқықтық негiз белгiлейдi.
1-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейi
1. Ең төмен күнкөрiс деңгейi - мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс.
2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкiлеттi орган мен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ең қажеттi азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесi қосылған ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнын негiзге ала отырып есептеп шығарады.
3. Ең төмен күнкөрiс деңгейi республика бойынша және аймақ бойынша орта есеппен:
1) жан басына;
2) халықтың жыныстық-жас топтары бойынша тоқсан сайын есептеп шығарылады.
2-бап. Ең төмен тұтыну себетi
2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара)
1. Ең төмен тұтыну себеті адамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жиынтығы болып табылады.
2. Ең төмен тұтыну себетi:
1) азық-түлiк себетiнен;
2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен 2-тармақша жаңа редакцияда (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара)
2) азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың тіркелген үлесінен тұрады.
2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Азық-түлiк себетiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тамақ өнiмдерiн тұтынудың ғылыми негiзделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады.
4. Азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнына арақатынасы арқылы белгiлеп отырады.
3-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң белгiленуi
Ең төмен күнкөрiс деңгейi жыл сайын:
1) тұрмыс деңгейiн бағалау мен кедейлiк шегiн анықтауға;
2) әлеуметтiк саясаттың бағыттарын анықтау мен халықты әлеуметтiк қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен 3-тармақша өзгертілді (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара)
3) айлық жалақының ең төмен мөлшерін, зейнетақының ең төмен мөлшерін және базалық әлеуметтiк төлемдердiң белгiленетiн ең төмен мөлшерiн негiздеуге арналады.
4-бап. Кедейлiк шегi
1. Кедейлiк шегi - республикада экономикалық мүмкiндiктерге қарай белгiленетiн, адамның ең төмен қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн қажеттi кiрiс шегi.
2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара)
2. Кедейлік шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің негізінде айқындалады. Ол республика бойынша, сондай-ақ өңірлер деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тоқсан сайын есептеледі.
3. Кедейлiк шегi табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшiн өлшем болып табылады.
2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара)
5-бап. Айлық жалақының ең төмен мөлшерін, зейнетақының ең төмен мөлшерін және базалық әлеуметтік төлемдерді белгілеген кезде ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын қолдану
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы бойынша айқындалатын және жыл сайын инфляцияны ескере отырып тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы айлық жалақының ең төмен мөлшерін, зейнетақының ең төмен мөлшерін және базалық әлеуметтік төлемдерді белгілеу үшін негіз болып табылады.
2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы мәліметтерді жариялау
Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы және халықтың негізгі жыныстық-жас топтары, кедейлік шегі, азық-түлік себетінің құны және халықтың осы өлшемдерден төмен тұратын жігі жөніндегі күнкөріс деңгейі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ресми жариялап отыруға тиіс.
7-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі
Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының