төртеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,96 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бесеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,03 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
3. Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда - жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап әрбір балаға - 0,94 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,43 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,05 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде;
2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап әрбір балаға - 1,18 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.
4. Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне 0,25 ең төмен күнкөріс деңгейіне, бірақ:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап - отбасының барлық мүшелеріне 2,5 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде;
2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап — отбасының барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.
5. Егер отбасының еңбекке жарамсыз мүшесінің Орталықтан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке жарамсыз осы мүшелері үшін белгіленген асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.
4 тарау. Жасына байланысты жәрдемақылар
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.15.12. № 101-III (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 17-бап жана редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Жәрдемақыларды тағайындау шарттары
Жасына байланысты жәрдемақылар азаматтарға Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа толғанда тағайындалады.
2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) 18-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Жасына байланысты әлеуметтік жәрдемақының мөлшері
Жасына байланысты айлық жәрдемақы 0,52 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
5 тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
19-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер
1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылып келген заңдар бойынша әлеуметтiк зейнетақылар, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша зейнетақылар тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебiнен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн iс жүзiнде алып келген зейнетақыларының мөлшерiнен кем емес мөлшерде мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төленедi.
2. Аталған жәрдемақыларды төлеу осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
21-бап. Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
22-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртібі
Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының