іс қағаздарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының зандарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 168-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
168-бап. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі аумақтық органның құзыреті
1. Аумақтық орган:
1) жеке сот орындаушыларының осы Заңды сақтауын және өздерінің міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастырады;
2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;
3) тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізеді;
4) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аумақтық орган жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып:
1) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
2) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын жинақтап қорытады;
3) осы Заңның 148-бабының 2-тармағына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асырады;
4) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдарын қарайды;
5) жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарды жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізеді.
3. Аумақтық орган өкілдері жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының жалпы жиналысының, басқармасының және басқа да органдарының отырыстарына қатысуға құқылы.
169-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін бақылау
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке сот орындаушысы жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және іс қағаздарын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды уәкілетті орган, Жеке сот орындаушыларының республикалық және өңірлік алқалары жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Жеке сот орындаушысының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының салық қызметі органдары жүзеге асырады.
3. Жеке сот орындаушыларының аумақтық органы мен өңірлік алқасының лауазымды адамдары жеке сот орындаушысының қызметін тексеру кезінде белгілі болған атқарушылық әрекеттердің жасалу құпиясын сақтауға міндетті. Құпияны жариялағаны және келтірілген залалдар үшін бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Жеке сот орындаушысының жұмысын тексеру оның атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруды бастағанынан кейін алты ай өткен соң және бір жылдан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұдан әрі жылына бір рет жоспарлы тексерулер жүргізіледі.
Жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар түскен жағдайда не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айғақтайтын басқа да ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.
5. Жеке сот орындаушылары тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарға жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысуларға қатысты мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты беруге міндетті.
6. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
170-бап. Жеке сот орындаушыларының тәртіптік теріс қылықтары
Сот орындаушыларының:
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) лауазымдық міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, белгіленген мөлшерлемеден асырып сыйақылар алуы, сондай-ақ уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға ақпаратты ұсынбауы, тиісінше немесе уақтылы ұсынбауы;
2) Жеке сот орындаушыларының кәсіби ар-намыс кодексін бұзуы тәртіптік теріс қылықтар болып табылады.
171-бап. Тәртіптік іс жүргізу
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке сот орындаушыларына тәртіптік жазалар қолдануға тәртіптік теріс қылықтарды қарау үшін құрамында тақ саннан тұратын кемінде бес мүшесі бар тәртіптік комиссия құратын уәкілетті немесе аумақтық орган басшысының құқығы бар.
2. Уәкілетті немесе аумақтық органның басшысы құратын тәртіптік комиссиялардың құрамына жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік алқасының өкілі міндетті түрде кіреді.
3. Тәртіптік комиссияның отырысын өткізу тәртібі уәкілетті орган бекіткен ережемен айқындалады.
172-бап. Тәртіптік жазалар
1. Жеке сот орындаушыларына қолданылатын тәртіптік жазалар мыналар:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) уәкілетті органның жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауы;
4) уәкілетті органның жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру туралы сотқа талап-арыз жолдауы болып табылады.
2. Әрбір теріс қылық үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
3. Тәртіптік жаза тәртіптік комиссияның қорытындысы негізінде уәкілетті немесе аумақтық орган басшысының бұйрығымен қолданылады.
4. Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауапкершілік мәселелері осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
17-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
173-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 138-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 174-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
174-бап. Өтпелі ережелер
1) Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы құрылғанға дейін оның нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау бөлігіндегі функцияларын уәкілетті орган жүзеге асырады.
2) Осы Заңның 34-бабы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жыл бойы алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарға ғана қолданылады.
3. Осы Заңның 74-бабының 1 және 2-тармақтары, 77-бабының 2- тармағы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын, одан кейін бұл нормалар мынадай редакцияда қолданылатын болады деп белгіленсін:
«1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздеріне және мүлік түрлеріне карамастан, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті өткізуді комиссиялық негіздерде сауда ұйымдары аркылы, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттыққа жүргізеді.
2. Мүлікті өткізу нысанын таңдауды сот орындаушысы мүлік түрін ескере отырып айқындайды. Жылжымайтын мүлікті қоспағанда, құны үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік комиссиялық негіздерде өткізіледі.».
«2. Осы Заңның 75 және 76-баптарында көрсетілгенді қоспағанда, борышкердің тыйым салынған мүлкін өткізу электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта сату жолымен, сондай-ақ, комиссия шарты негізінде сауда ұйымдары арқылы сату жолымен жүзеге асырылады.».
4. Осы Заңның 8-тарауы 2-параграфының ережелері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық аукцион өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады деп белгіленсін.
175-бап. Қорытынды ережелер
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы сәуірдің 2-і.
№ 261-IV