Бал ара шаруашылығы туралы
2002 ж. 12 наурыздағы № 303-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аналық бал ара - бал ара ұясының молықтырылуын қамтамасыз ететiн ұрғашы бал ара;
2) асыл тұқымды шаруашылық - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, белгiлi бір асыл тұқымды бал ара ұяларын және асыл тұқымды бал араларының ұрықтанған аналықтарын өсiру мен өткізуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект;
3) асыл тұқымды бал ара ұясы - өзiнiң тұқымдық белгiлерiн ұрпағына тұрақты түрде беретiн таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының өнiмдiлiгi жоғары ұясы;
4) бал араның бал ұясы - бал араның бал ұясын ұстауға арналған құрылыс;
5) бал арасын қорғау құралдары - бал ара шаруашылығында пайдаланылатын иммундық-биологиялық, биологиялық, өсiмдiктен алынатын, химиялық, химиялық-фармацевтикалық және басқа да ветеринариялық препараттар;
6) балауыз тетiк - бал ара ұяларының негiздерi бедерленген тиiстi өлшемдегi жасанды түрде дайындалған жұқа балауыз жапырақтары;
7) бал ара тұқымдары - адамның белгiлi бір шаруашылық және табиғи жағдайлардағы шығармашылық қызметiнiң ықпалымен қалыптасқан, «өзінде» өсiру үшiн саны жағынан жеткiлiктi және шаруашылық әрі асыл тұқымды құндылығы бар жалпы тектес бал ара ұяларының тұтас тобы;
8) бал ара ұяларының зиянкестерi - бал араларын жеу мақсаты үшiн өлтiретiн немесе балды ұрлау және (немесе) бүлдiру арқылы бал ара ұясына зиян келтiретiн жануарлардың, құстар мен жәндiктердiң жекелеген түрлерi;
9) бал ара ұяларын тасымалдау (көшiру) - бал ара ұяларын бал жинауға және энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыруға шығару;
10) бал ара ұясы - бал ара ұясында немесе үйшiгiнде тұратын жұмыскер бал аралардан, еркек бал аралардан және аналық бал арадан тұратын тұтас биологиялық бірлiк;
11) бал ара шаруашылығы - жұмыс iстеу негiзi энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыру мен олардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн бал араны өсiру, ұстау және пайдалану, бал ара шаруашылығы өнiмдерiн алу болып табылатын ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң саласы;
12) бал ара шаруашылығы өнiмдерi - бал араның жинаушылық және физиологиялық қасиеттерi арқасында алынған өнiмдер (бал, балауыз, бал ара тозаңы, балтозаң, желiмтiк, бал ара сүтi, бал ара уы, еркек бал араның гомогенаты), сондай-ақ бал араның өзi;
13) бал ара шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - бал ара шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) көшпелi омарта - орнын ауыстырып тұру арқылы бал жинау көздерiнде немесе энтомофильдi өсiмдiктер алабында орналасатын омарта;
15) омарта - бал арасымен қоса белгiлi бір жерде орналастырылған бал ара ұялары және бал ара шаруашылығымен айналысуға қажеттi мүлiк;
16) тұрақты омарта - бір жыл бойы тұрақты жерде орналастырылған омарта;
17) энтомофильдi өсiмдiктер - жәндіктер тозаңдандыратын өсiмдiктер.
2-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру
3-бап. Бал ара шаруашылығымен айналысу құқығы
1. Жеке және заңды тұлғалардың бал ара шаруашылығымен айналысуға құқығы бар.
2. Бал ара шаруашылығымен айналысу үшін мемлекеттік органның қандай да бір рұқсатын алу талап етілмейді.
4-бап. Омарталарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру тәртібі
1. Омарталарды орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда жер учаскелері беріледі.
2. Орман қорының жеріне омарталар орналастыру орман ортасына зиян келтірілмей, Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерінде омарталарды орналастыру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап. Омартаны құру және жерді пайдалану
1. Бал ара шаруашылығымен айналысу үшін жеке немесе заңды тұлға бал ара ұяларын омарта құрады, оның қосалқы үй-жайы мен құралдары болады және өзінің пайдалануындағы жер учаскесінде орналастырылады. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке немесе заңды тұлға жер туралы заңдарға сәйкес жер учаскесінің меншік иелерімен және жерді пайдаланушылармен келісе отырып, басқа жер учаскесін пайдалана алады.
2. Жеке және заңды тұлғалар күтіп ұстай алатын бал ара ұяларының санына шек қойылмайды.
3. Омарталарда асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен бал араларының Қазақстан Республикасында тұқымдық аудандастыру жоспарына сәйкес белгілі бір жерде аудандастырылған тұқымдардың бал аралары ғана ұсталуға тиіс.
6-бап. Омарталарды орналастыру
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін орындарда орналастырады. Омарталарды қауіпсіз орналастыруды реттеу тәртібін аудандық (қалалық) атқарушы органдар белгілейді.
2. Көшпелі омарталар бір-бірінен кем дегенде бір жарым километр және тұрақты омарталардан үш километр қашықтықта бал жинау көздерінің жанында орналастырылуға тиіс. Тұрақты және көшпелі омарталарды бал аралардың басқа бұрын орналастырылған омартадан бал жинау көздеріне қарай ұшатын жолына орналастыруға жол берілмейді.
7-бап. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға салық салу
1. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленбеген салықтар мен басқа да төлемдерді енгізуге және жинауға тыйым салынады.
3-тарау. Бал араларды қорғау
8-бап. Бал араларды қорғау және молықтыру
Бал араларын қорғауды және молықтыруды меншік иесі:
1) бал аралардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын, көшу орындары мен орын ауыстыру жолдарын қорғау;
2) омарталарға ветеринариялық-санитариялық қызмет көрсету;
3) бал аралар орналасқан ареалдарда бал ара ұяларының оңтайлы санын қамтамасыз ету;
4) бал араларын ғылыми негізделген түрде және ұтымды пайдалану;
5) бал ара ұяларын бұзып қирату мен қасақана жоюдың алдын алу жөнінде шаралар қолдану;
6) өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезінде бал араларын қорғау;
7) бал араларын сақтауға бағытталған қызметке жәрдемдесу арқылы жүзеге асырады.
9-бап. Бал аралардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын, көшу орындарын және орын ауыстыру жолдарын қорғау
Бал аралар санының қысқаруына әкеп соғуы мүмкін қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды қорғау, олардың мекендеу ортасын сақтау жөніндегі іс-шараларды, бал араларын сақтау және олардың тіршілігі үшін ерекше құнды саналатын учаскелер мен өсімдіктерге қол сұқпаушылықты қамтамасыз етуге міндетті.
10-бап. Бал араларын өсімдіктерді қорғау құралдары, минералдық тыңайтқыштар және басқа да препараттар қолданылған кезде қорғау
1. Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.
Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттардың тізбесін бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
2. Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолданатын жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуынан бес күн бұрын осы жайында өңделетін учаскелерден жеті километрге дейінгі радиуста омарталары бар омарташылары бар омарташыларға жазбаша ескертуге, қолданылатын препарат, оның уыттылығы және оқшаулау мерзімдері туралы хабарлауға міндетті.
11-бап. Орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде бал араларын қорғау
Тұрақты омарталар орналасқан жерден үш километрге дейінгі радиуста, ормандардың санитариялық жай-күйін және оларды молықтыру жағдайларын жақсартатын реттерді қоспағанда, бал жинау көздері - ағаштар мен бұталарды кесуге, сондай-ақ сәмбі тал қабығын дайындауға тыйым салынады.
12-бап. Бал араларын мекендеу ортасы жағдайында қорғау
1. Бал араларының пайдалы қасиеттерін пайдалану, сондай-ақ олар мекендейтін орта жағдайында бал ара шаруашылығы өнімдерін алу жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бал аралар мекендеген орта жағдайларында ұяларды және бал ара ұялары орналасқан басқа да жерлерді бұзып қиратуға, сондай-ақ бал ара ұяларынан бал алуға жол берілмейді.
3. Егер бал ара ұясы өзі мекендейтін орта жағдайында адамның тіршілігін қиындатса, мұндай бал ара ұясын көшіру мүмкін болмаған кезде, көшіру немесе жою бал ара шаруашылығы саласындағы мамандардың қатысуымен жүргізіледі.
13-бап. Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру)
Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру) ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс. Тасымалдауды (көшіруді) жүзеге асыратын көлік құралдарын кідірту бал ара ұяларына құрып кету қауіптерін төндірмей жүргізілуге тиіс.
4-тарау. Бал ара шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу
14-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
Бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
1) бал ара шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) берілген өкілеттіктер шегінде бал ара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
5) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) бал ара шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9) тармақша өзгертілді
9) бал араларды қорғау мен молықтыруға бағытталған ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруды;
10) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бал ара шаруашылығының дамуын және қорғалуын бақылауды;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық істерді мемлекеттік қолдауды ұйымдастыруды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) бал ара шаруашылығы саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметті үйлестіруді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу
1. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу, сондай-ақ балауыз тетіктерін өндіру Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен аса қауiптi аурулар тiзбесiне енгiзілген аурулармен күресу мақсатында ветеринарлық препараттармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
16-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы ветеринариялық-санитариялық сараптама
Бал ара шаруашылығының өндірілген немесе дайындалған өнімдері Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілгеннен кейін өткізілуге тиіс.
17-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқым алу жұмысы
1. Жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды бал ара ұяларын өсіру және пайдалану жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бал араларының тұқымдарын сақтау және жақсарту мақсатында жеке және заңды тұлғалар бал аралар мекендейтін ареалдарда таза тұқымды бал араларын өсірумен және сатумен айналысатын асыл тұқымды бал ара шаруашылықтарын құра алады.
3. Асыл тұқымды шаруашылықтардың төңірегінде жеті километр радиуста қорғау учаскелері белгіленеді, олардың аумағына басқа тұқымды бал аралар мен аналық бал араларын, сондай-ақ шығу тегі белгісіз бал аралар мен аналық бал араларын әкелуге тыйым салынады.
5-тарау. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
18-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу
Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарының бұзылу салдарынан келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтеледі.
19-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының