2) конкурс жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебіне жатқызылады.
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады:
1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайда;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
24-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтiнiмдерді ашу
1. Конкурстық комиссияның хатшысына конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашуға рұқсатты конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен өтінімдерді түпкілікті табыс етудің күні мен уақыты келген кезде мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде береді.
2. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдерін ашу хаттамасын ашылған күні конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурстық комиссия мүшелеріне, осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушілерге конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын жариялау туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді; 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Жұмыстар бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану мақсатында жүзеге асырады.
2. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды.
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
Бұл ретте:
1) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі;
2) тапсырыс берушімен, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен не әлеуетті өнім берушілермен еңбек қатынастарында байланысты;
3) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сай келетін сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін тиісті бейіндегі мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын жұмыстарға мамандығы сәйкес келетін өзге мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтеусіз негізде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде тартылады.
Конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беруге құқығы жоқ.
Ақылы негізде сарапшылар ретінде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуі нысанасына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуі туралы себептер көрсетілген ақпарат қамтылуға тиіс.
Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келген жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.
5. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірудің осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес кептіруден көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінім мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
7. Әлеуетті өнім берушіге осы баптың 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сай келмейді деп айқындалса;
2) ол осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса, конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
8. Егер әлеуетті өнім берушіге осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берілмесе, онда:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі;
2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге жатады.
9. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) конкурсқа қатысушыларға осы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәндерін қолданады;
3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын болса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушылар көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсету шартымен ресімдеуге жол беріледі.
10. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы өтінімдері осы Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, оған қол қойылған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды.
11. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды
25-1-бап. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау, оның ішінде үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау бөлігінде және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану мақсатында жүзеге асырады.
Үздік техникалық ерекшелік ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын бағалау негізінде айқындалады.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау және үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау және үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
Бұл ретте:
1) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі;
2) тапсырыс берушімен, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен не әлеуетті өнім берушілермен еңбек қатынастарында байланысты;
3) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сай келетін сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін тиісті бейіндегі мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын тауарлар мен қызметтерге мамандығы сәйкес келетін өзге мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтеусіз негізде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде тартылады.
Конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беруге құқығы жоқ.
Ақылы негізде сарапшылар ретінде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды.
4. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуі нысанасына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуі туралы себептер көрсетілген ақпарат қамтылуға тиіс.
Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келген жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.
Бұл ретте, үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындай отырып, конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы ресімделеді.
5. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірудің осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруден көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінім мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
7. Әлеуетті өнім берушіге осы баптың 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:
1) ол және (немесе) оның бірлескен орындаушысы осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сай келмейді деп айқындалса;
2) ол осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса, конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
8. Егер әлеуетті өнім берушіге осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берілмесе, онда:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі;
2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге жатады.
9. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді), оның ішінде сараптама комиссиясының (сарапшының) қорытындысын ескере отырып, айқындайды;
3) конкурсқа қатысушыларға осы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәндерін қолданады;
4) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын болса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушылар көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсету шартымен ресімдеуге жол беріледі.
10. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы өтінімдері осы Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, оған қол қойылған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды.
11. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
12. Үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) оның (олардың) болмауына байланысты айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тапсырыс беруші мәлімдеген функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипатына сәйкес келетін техникалық ерекшеліктер қарауға жатады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
26-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
1. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта жүргізеді.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға рұқсат берілген (конкурсқа қатысушы деп танылған) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурстық баға ұсынысын беруге тиіс.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға рұқсат берілген (конкурсқа қатысушы деп танылған) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталына осы Заңның 25-1-бабының 4-тармағына сәйкес алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделген техникалық ерекшеліктердің біріне конкурстық баға ұсынысын электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген тәртіппен береді.
Осы Заңның 25-1-бабына сәйкес конкурсқа қатысуға рұқсат берілген (конкурсқа қатысушы деп танылған), техникалық ерекшелігі үздік деп айқындалмаған әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын бермеуге құқылы.
3. Конкурсқа қатысушылар берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәліметтер конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің электрондық журналына автоматты түрде енгізіледі.
4. Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы мынадай жағдайларда мемлекеттік сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі электрондық мемлекеттік сатып алу қағидаларында анықталады;
2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен жағдайда;
3) конкурсқа қатысушы бұрын осы конкурс бойынша баға ұсынысын берген жағдайда;
4) конкурстық баға ұсынысы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш келіп түскен жағдайда.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні және уақытта мемлекеттік сатып алу веб-порталы бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарын оларға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген тиісті салыстырмалы критерийлер мәнін қолдану арқылы автоматты түрде бағалайды және конкурсқа әрбір қатысушының шартты бағасын есептейді.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төменгі шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурс нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында мол жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Шартты бағалары тең бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.