40-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі
1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
8-тарау. Арнайы ережелер
41-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
1. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Ерекше тәртіп қолданыла отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ерекше тәртіп қолданыла отырып мемлекеттік сатып алу мынадай:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше шарттарын белгілеу талап етілетін құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздіктің қажеттігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызмет көрсетулерді;
3) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2011.18.02. № 408-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2008.29.12. № 115-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) өздері туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді;
2008.29.12. № 115-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)
9) 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Конкурстық тәсілмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 41-1-баппен толықтырылды; 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 41-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-1-бап. Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Қару-жарақтарды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, сондай-ақ қорғаныс қажеттілігі мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 43) тармақшасында көзделген жағдайларда ерекше тәртіп қолданылмайды.
42-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібі
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібін (бұдан әрі - арнайы тәртіп) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар қолданады.
2. Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы тәртіпті осы баптың 1-тармағында аталған тапсырыс берушілерді басқару органдары:
1) тұрақты негізде әлеуетті өнім берушілерге біліктілігі бойынша алдын ала саралау жүргізу тәртібіне;
2) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жасау тәртібіне;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес біліктілігі бойынша алдын ала саралаудан өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын сұрату және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдері мен мерзімдеріне;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды қамтитын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес бекітеді.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43-бап. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары
Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді; 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 44-бап жаңа редакцияда
44-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда Қазақстанда шығарылған тауарлармен, тиісінше қазақстандық әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстармен, қызметтермен тең шарттарда ұлттық режим қолданылады.
2. Елдің конституциялық құрылысының негіздерін қорғау, құқықтық тәртібін, ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді, отандық жұмыс, көрсетілетін қызмет берушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге берілетін рұқсатқа тыйым салуды және аталған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін рұқсатқа шектеу белгілеуге құқылы.
Көрсетілген тауарларды шығарған елді айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 2-тармағына сәйкес оларға қатысты тыйым салу, шектеу белгілеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге рұқсат беру шарттарын белгілеуге құқылы.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 8-тарау 44-1-баппен толықтырылды
44-1-бап. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы
1. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде:
1) конкурс тәсілімен өткізілуге тиісті, мүгедектердің мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар, міндетті гигиеналық құралдар) өндіретін және (немесе) беретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осындай тауарларды, ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;
2) тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;
3) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің жүз пайызы көлемінде сатып алуды жүзеге асырады.
3. Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар, тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлері тізбесін және оларды сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 248-бабы 13) тармақшасының екінші абзацында көзделген шартқа сай келуге тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Заңда көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға рұқсат беріледі.
Жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді және қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушыларды тартуға жол берілмейді.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.
5. Мемлекеттік сатып алу осы Заңның 16-бабының 4-тармағында көзделген негіздер бойынша өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарына конкурстық баға ұсыныстарын шартты түрде он бес пайызға азайту түрінде артықшылық беруге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген артықшылықты беру тәртібі электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бөліктерге бөлуге рұқсат берілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ағымдағы жылы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген жиынтық мәндегі жалпы көлемнің кемінде он бес пайызы мөлшерінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.
Бұл ретте, бөлуге рұқсат берілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алпыс мың еселенген жиынтық мәнінен аспауға тиіс.
8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.
9. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте, сатып алу объектісі болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген жиынтық жалпы жылдық мәнде ескеріледі.
10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық немесе аукциондық құжаттамада шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасынан қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) тарту туралы талапты белгілеуге құқылы.
Бұл ретте, орындауға, көрсетуге қосалқы мердігерлер (бірлескен орындаушылар) тартылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі ағымдағы жылы осы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген жиынтық жалпы жылдық мәнде ескеріледі.
9-тарау. Қорытынды ережелер
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-бап жаңа редакцияда
45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің:
1) мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдау туралы;
2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес өзі қабылдаған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі мемлекеттік бақылау органдарына шағым жасауға жатпайды.
46-бап. Дауларды шешу
Мемлекеттік сатып алу процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
47-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды; 2009.05.05 № 158-IV ҚР Заңымен 47-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 47-1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның 12-бабы 6-тармағының ережесі 2012 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
48-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 9, 95-құжат; 2004 ж., № 14, 83-құжат; № 17, 101-құжат; 2005 ж., № 6, 7-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 71-құжат; 2007 ж., № 2, 14-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і.
№ 303-ІІІ ҚРЗ