2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзуге жатпайды.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайды.
Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізетін жағдайда ғана қабылдауға құқылы.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша күнделiктi немесе апта сайынғы тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.
10. Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда:
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші осындай шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге;
2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті
6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті өнім беруші, егер:
1) осы әлеуетті өнім берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшысының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
3-1) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген жеке тұлға болса;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
3-2) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы болса;
4) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
5) баланстық құны тиісті негізгі құрал-жабдықтар құнының он процентінен асатын әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) мүлкіне тыйым салынса;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5-1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган оларды тиісті борышкерлер тізіліміне енгізсе;
2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса;
2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
3. Мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мүддесіне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ.
4. Осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім беруші не өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге тиіс.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүддесін білдіретін оның лауазымды адамын айқындайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тапсырыс берушінің өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бола алады.
Тапсырыс беруші өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемені не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп айқындауға құқылы.
3. 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде болуға құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде болуға құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды;
2015 ж. 1 қаңтардан бастап 2) тармақша 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңының 2-бабының редакциясында қолданылады
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындауға құқылы;
3) тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен үлестес тұлғалар үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы;
4) тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындауға құқылы;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
6. 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарында өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындауға міндетті. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан айқындалуға тиіс.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды мынадай кезегімен келетін кезеңдерді сақтай отырып өткізеді:
1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;
2) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші ұсынған, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын айқындауы және бекітуі.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы айқындайтын және бекітетін конкурстық не аукциондық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де кіреді, бұл ретте:
осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жағдайда, конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы айқындалуға тиіс;
осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жағдайда, конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі айқындалуға тиіс;
4) қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі;
5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыруы;
6) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберуі;
7) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындауы;
8) тапсырыс берушінің жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу туралы шартты осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама негізінде жасасуы.
2. Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы және өткізуі осы Занда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
8-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
1. Әлеуетті өнім берушіге жалпы және арнайы біліктілік талаптары қойылады.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Әлеуетті өнім беруші мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуі:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;
3) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы тиіс.
Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары өздеріне қатысты оңалту рәсімі өткізіліп жатқан әлеуетті өнім берушілерге, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану міндетті болатын, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісі, осы баптың 2-тармағында белгіленген жалпы біліктілік талаптарынан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.
5. Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды табыс етеді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-тарақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Әлеуетті өнім беруші жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай құжаттардың бірін:
1) әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгендігін растайтын құжатты;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2) тарақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әлеуетті өнім берушінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор биржасының үзінді көшірмесін беру арқылы растауға құқылы.
3) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтық қабiлетi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы расталады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн береді.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызмет көрсетулер бойынша бірлескен орындаушы ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлескен орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиіс.
Қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленеді.
8. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу өткізілетін соманың жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдік түрінде шартты орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабілеті туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай жағдайларда:
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтініммен бірге не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аукционға қатысуға өтініммен бірге растауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін конкурстық не аукциондық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;
2) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін жеткілікті мерзімге оның біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау кезеңінде растауға құқылы.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31-баптарында, 32-бабының 4) тармақшасында және 36-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
10. Осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың ерекше және арнайы тәртіптерді қолдану арқылы мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
9-бап. Әлеуетті өнім берушіні біліктілік талап- тарына сәйкес келмейді деп танудың негіздері
1. Әлеуетті өнім беруші мынадай негіздердің бірі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылуға тиіс:
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбауы;
2) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) сәйкестігін растау үшін табыс етілген құжаттарында қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісінің анықталуы;
3) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы.
2. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлескен орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беруінің салдары
1. Біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтауы мүмкін.