ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.18.03. № 262 қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1525 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.15.04. № 359 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 30-тармақ жаңа редакцияда
30. Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесіне кадастрлық нөмірді беру және жер учаскесіне ескі үлгідегі сәйкестендіру құжатын жаңасына ауыстыру үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорынға өтінішпен жүгінеді.
Өтінішке жер учаскесіне қолданыстағы сәйкестендіру құжатының түпнұсқасы қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 31 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
31. Жер учаскесiн сәйкестендiру оны жер-кадастрлық картада көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргiзу бұл учаскенiң нақты шекараларын, шектеулер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын айқындаудан, басқа тұлғалар құқықтарының сипатын, сондай-ақ мақсатты пайдаланылуын анықтаудан басталады. Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу және оларды ресiмдеу рәсiмдерi жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бұйрықтарына сәйкес жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.18.03. № 262 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.30.11. № 1525 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.15.04. № 359 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 32-тармақ өзгертілді
32. Жер учаскесiн сәйкестендiру жөнiндегi жұмыстардың нәтижелерi бойынша кадастр жүргізетін кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр бередi, ескi үлгiдегi құжатқа тиiстi белгi жасайды және оны өтiнiш берушiге бередi. Жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi бергенi туралы ақпарат жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер қатынастары жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға ұсынылады.
Өтініш берушінің қалауы бойынша жер учаскесіне құқығы туралы ескі үлгідегі құжатты жаңа сәйкестендіру құжатын ауыстыру жүзеге асырылады.
Жер-кадастрлық кітапқа, кадастрлық іске және мемлекеттік жер тізіліміне тиісті жазба жасалады.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 33-тармақ өзгертілді
33. Кадастрлық нөмiрдi құру:
облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коды мен;
ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың кодымен;
есептi кварталдың кодымен;
жер учаскесiнiң есептi кварталдағы реттiк нөмiрiмен айқындалады.
Есептік орамдар: елді мекеннің орамы, жұмысшылар кенттері мен селолық елді мекендер, бағбандық және саяжайлық қоғамдар, шоқ ормандар, желілік объектілер: темір жолдар, автомобиль жолдары, бөліп берілген белдеулерімен жердегі, жер үстіндегі және жер астындағы құбырлар және басқалар болуы мүмкін.
Ескерту.
Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодын, одан кейінгi үшеуi ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейінгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың iшiндегі жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi.
Есептi квартал ішінде жер учаскелерiнiң саны 999-дан асқан жағдайда, осы есептi квартал iшінде қалыптасатын келесi жер учаскелерiне төрт таңбалы реттік нөмiр берiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1525 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
34. Есептi кварталдардың және/немесе аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың iшiндегi есептi кварталдардың кодтары мен жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындар береді.
35. Егер осы Ережеге сәйкес есептi кварталға код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаса, онда осы кварталдың iшіндегі жер учаскелерiне уақытша (шартты) кадастрлық нөмiрлер берiледi. Бұл жағдайда мұндай кварталдың коды нақты есептi кварталдағы кадастрлық нөмiрдiң шартты белгiсiн көрсетуге тиiс «9» санынан басталады. Есептi кварталдың заңды мәртебесiн кейiннен анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсете отырып оған нағыз код беріледi.
36. Жер учаскесiн бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн бiреуге бiрiктiру кезiнде ескi нөмiрлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмiрлер берiледi.
ҚР Үкіметінің 2008.18.03. № 262 қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
37. Бүтiн жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жердi пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне немесе жердi пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.
ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1525 Қаулысымен 38-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
38. Кадастрды жүргiзетiн кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлгені және бұл учаскенiң кадастрлық есепке қойылғаны туралы өтiнiш берушi мен тiркеушi органға хабарлайды. Өтiнiш берушiге жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi бар және жер-кадастр картасындағы (схемадағы) өзгерiстер қамтылған жер-кадастр картасының (схеманың) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi беріледi.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 39 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
39. Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қарай жер-кадастрлық карталар (схемалар):
Қазақстан Республикасының жер-кадастрлық картасы (схемасы) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
облыстың жер-кадастрлық картасы (схемасы) аудандардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер-кадастрлық картасы қаланың iшіндегі аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың жер-кадастрлық картасы (схемасы) есепті кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
есептi кварталдың жер-кадастрлық картасы (схемасы) жер учаскелерiнiң шекаралары мен кадастрлық нөмірлері көрсетiле отырып бақылау жағдайында құрылады және ұсталады.
ҚР Үкіметінің 2008.18.03. № 262 қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
40. Жер-кадастрлық картада (схемада) жер учаскелерiнiң шекаралары жер учаскелерiне сәйкестендіру құжаттарына және картаның (схеманың) масштабындағы жерді пайдалану жоспарларына сәйкес көрсетiледi.
41. Қажет болған кезде жер-кадастрлық карталар (схемалар) бiрнеше бөлiкте дайындалуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1525 Қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
42. Жер-кадастр карталарын (схемаларын) жүргiзудi және кейiннен жаңартуды кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындар жүзеге асырады.
5. Кадастрдың деректерiн беру және ақпаратын пайдалану
ҚР Үкіметінің 2011.18.07 № 820 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.11. № 1199 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 43-тармақ өзгертілді
43. Мыналар Кадастрдың мәлiметтерiн пайдаланушылар болып табылады:
аумақтарды дамытуды жоспарлау, жерді аймақтарға бөлу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды әзірлеу мәселелері, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттік басқару органдары;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органдар;
мемлекеттік статистика саласындағы органдар;
құрылыс салуға жер учаскелерiн таңдау және беру (сату) мәселелерi бойынша - құрылыс және басқа объектiлерге тапсырыс берушiлер;
жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы деректер алу мәселелерi бойынша - жобалау, iздестiру, ғылыми-зерттеу ұйымдары;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу, қала құрылысы және басқа да құжаттаманы әзiрлеу мәселелерi бойынша - сәулет-қала құрылысы қызметi саласындағы уәкiлеттi органдар;
табиғи ресурстардың пайдаланылуын және қоршаған ортаның жай-күйiн бақылауды жүргiзу, табиғат қорғау iс-шараларын әзiрлеу мәселелерi бойынша - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар;
жер салығын есептеу мәселелерi бойынша - салық қызметiнiң органдары; өзге де жеке және заңды тұлғалар.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 44-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
44. Белгiлi бiр жер учаскесi туралы кадастрдың мәлiметтерi қағаз немесе магниттiк жеткiзгiштерде, сондай-ақ техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдары қолданыла отырып, Кадастр деректерi банкiне тiкелей санкцияландырылған рұқсат түрiнде жер учаскесiн есепке алу орны бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен берiледi.
ҚР Үкіметінің 2008.18.03. № 262 қаулысымен 45-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
45. Кадастрдың жер учаскелерi туралы мәлiметтерi жер-кадастрлық карталармен (жоспарлармен) ара қатынаста болады.
Кадастрдың мемлекеттік құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын мәлiметтерi жалпыға қол жетiмдi болып табылады және мүдделi жеке және заңды тұлғаларға ақылы негiзде берiледi.
Кадастрдың мәлiметтерiн мемлекеттік органдарға беру осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен тегін негізде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 қаулысымен 45-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1525 Қаулысымен 45-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
45-1. Жер учаскелерiне арналған жер-кадастр iстері, жер-кадастр кiтаптары, бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi кадастрды жүргiзетiн кәсiпорынның мұрағатында тұрақты түрде сақталуға тиiс.
46. Кадастрдың мәлiметтерiн алу режимiн бұзу немесе анық емес ақпараттарды ұсыну заңнамалық кесімдерде көзделген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 (бұр. ред. қара); 2007.28.10. № 1000 (бұр.ред.қара); 2008.03.09. № 818 (бұр.ред.қара); 2008.18.09. № 855 (бұр.ред.қара) Қаулылармен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен
бекiтілген
Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаты үшiн
облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға
және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың
ТIЗБЕСI
Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк Коды |
1 2 |
Ақмола облысы - 01 Ақкөл 001 Астрахан 002 Атбасар 003 Сандықтау 004 Аршалы 005 Ерейментау 006 Егiндiкөл 007 Қорғалжын 008 Бұланды 009 Целиноград 011 Шортанды 012 Ақкөл қаласы 014 Атбасар қаласы 015 Ерейментау қаласы 016 Макинск қаласы 017 Степногор қаласы 018 Шаңтөбе кентi 019 Зеренді 160 Щучье 171 Еңбекшілер 172 Заозерный кентi 173 Көкшетау қаласы 174 Степняк қаласы 176 Щучье қаласы 177 Жарқайың 275 Есіл 277 Жақсы 278 Державин қаласы 283 Есіл қаласы 284 Красногор кентi 285 Ақтөбе облысы - 02 Алға 022 Байғанин 023 Әйтеке би 024 Ырғыз 025 Мұғаджар 027 Қарғалы 028 Мәртeк 029 Темір 031 Ойыл 032 Қобда 033 Хромтау 034 Шалқар 035 Ақтөбе қаласы 036 Алға қаласы 037 Қандыағаш қаласы 038 Темір қаласы 039 Хромтау қаласы 040 Шалқар қаласы 041 Ембi қаласы 042 Алматы облысы - 03 Балқаш 043 Еңбекшiқазақ 044 Жамбыл 045 Iле 046 Қарасай 047 Райымбек 050 Талғар 051 Ұйғыр 052 Есiк қаласы 054 Қапшағай қаласы 055 Қасқелең қаласы 056 Талғар қаласы 057 Ақсу 254 Алакөл 255 Қаратал 259 Кербұлақ 260 Көксу 261 Панфилов 262 Сарқанд 263 Ескелдi 264 Жаркент қаласы 266 Сарқант қаласы 267 Tалдықорған қаласы 268 Текелi қаласы 269 Үштөбе қаласы 270 Ушарал қаласы 271 Атырау облысы - 04 Жылыой 059 Индер 060 Исатай 061 Қызылқоға 062 Құрманғазы 063 Мақат 064 Махамбет 065 Атырау қаласы 066 Шығыс Қазақстан облысы - 05 Глубокий 068 Зайсан 069 Зырян 070 Қатон-Қарағай 071 Күршiм 072 Тарбағатай 078 Ұлан 079 Шемонаиха 080 Зайсан қаласы 081 Зырян қаласы 082 Риддер қаласы 083 Серебрянск қаласы 084 Өскемен қаласы 085 Шемонаиха қаласы 086 Абай 236 Аягөз 239 Бесқарағай 240 Бородулиха 241 Жарма 243 Көкпектi 244 Үржар 248 Аягөз қаласы 251 Семей қаласы 252 Шар қаласы 253 Жамбыл облысы - 06 Байзақ 087 Жамбыл 088 Жуалы 089 Қордай 090 Т.Рысқұлов атындағы 091 Мерке 092 Мойынқұм 093 Сарысу 094 Талас 095 Шу 096 Тараз қаласы 097 Жаңатас қаласы 098 Қаратау қаласы 099 Шу қаласы 100 Батыс Қазақстан облысы - 08 Бөрiлi 114 Жаңақала 115 Жәнiбек 116 Зеленов 118 Казталовка 119 Қаратөбе 120 Сырым 122 Тасқала 124 Теректi 125 Бөкейорда 126 Ақжайық 127 Шыңғырлау 128 Ақсай қаласы 129 Орал қаласы 130 Чапаев қаласы 131 Қарағанды облысы - 09 Ақтоғай 102 Жаңаарқа 104 Ұлытау 106 Шет 107 Балқаш қаласы 108 Жезқазған қаласы 109 Қаражал қаласы 110 Приозерск қаласы 111 Сәтпаев қаласы 112 Қарқаралы 133 Абай 134 Нұра 136 Осакаровка 137 Бұхар-Жырау 140 Абай қаласы 141 Қарағанды қаласы 142 Қарқаралы қаласы 143 Саран қаласы 144 Теміртау қаласы 145 Шахтинск қаласы 146 Қызылорда облысы - 10 Арал 147 Жалағаш 148 Жаңақорған 149 Қазалы 150 Қармақшы 151 Сырдария 153 Шиелi 154 Қазалы қаласы 155 Қызылорда қаласы 156 Қостанай облысы - 12 Алтынсарин 178 Жiтiқара 179 Қамысты 180 Қарасу 181 Қарабалық 182 Қостанай 183 Ұзынкөл 184 Меңдiқара 185 Наурызым 186 Денисов 187 Әулиекөл 188 Таран 189 Сарыкөл 190 Феодоров 191 Жiтiқара қаласы 192 Қостанай қаласы 193 Лисаковск қаласы 194 Рудный қаласы 195 Амангелдi 272 Жангелдi 276 Арқалық қаласы 282 Маңғыстау облысы - 13 Бейнеу 196 Қарақия 197 Маңғыстау 198 Түпқараған 199 Ақтау қаласы 200 Жаңаөзен қаласы 201 Форт-Шевченко қаласы 202 Мұнайлы 203 Павлодар облысы - 14 Ақтоғай 204 Баянауыл 205 Железинка 206 Ертіс 207 Қашыр 208 Лебяжi 209 Май 210 Павлодар 211 Успен 212 Шарбақты 213 Ақсу қаласы 215 Ертіс селосы 216 Курчатов қаласы 217 Павлодар қаласы 218 Екiбастұз қаласы 219 Солтүстiк Қазақстан облысы - 15 Айыртау 157 Уәлиханов 162 Тайынша 164 Ғ.Мүсiрепов атындағы 165 Ақжар 167 Қызылжар 220 Мағжан Жұмабаев атындағы 221 Жамбыл 223 Есіл 224 Мамлют 225 Шал ақын 228 Аққайың 229 Тимирязев 231 Булаево қаласы 232 Мамлютка қаласы 233 Петропавл қаласы 234 Сергеев қаласы 235 Тайынша қаласы - 175 Оңтүстік Қазақстан облысы - 19 Бәйдібек 286 Арыс 287 Мақтаарал 288 Қазығұрт 289 Ордабасы 293 Отырар 294 Сайрам 295 Сарыағаш 296 Созақ 297 Төлеби 298 Түлкібac 300 Шардара 301 Арыс қаласы 302 Жетiсай қаласы 303 Кентау қаласы 304 Леңгiр қаласы 305 Сарыағаш қаласы 306 Түркiстан қаласы 307 Шардара қаласы 308 Шымкент қаласы 309 Алматы қаласы - 20 Алмалы 311 Әуезов 312 Бостандық 313 Жетiсу 314 Медеу 315 Түрксiб 317 Алатау 321 Астана қаласы - 21 "Алматы" 318 "Сарыарқа" 319 Есіл 320 |