Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-6), 38-7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары бекітілсін.
2. «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 261 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 353-құжат.) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаларға сәйкес есептеледі:
В = Втэ + Вээ, [тонна],
мұндағы:
В - энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы;
Вжэ - жылу энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы;
Вээ - электр энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы.
Жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысының мөлшерін айқындау.
Вжэ = Вжэшарт / Э, [тонна];
мұндағы:
Вжэшарт - жылу энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы [шартты отынның тоннасы];
Э - отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялы коэффициенті:
Э = Qpт / 7000,
мұндағы:
Qрт - отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм];
7000 - шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм].
Вжэшарт = Qтәу * bт * 10-3, [шартты отынның тоннасы],
мұндағы:
Qтәу - тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
bо - шартты отынның жылу энергиясын жіберудегі үлес шығысы, [килограмм/гигакалория].
Qтәу = Q * t,
мандаты:
Qтәу - тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
Q - белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген жылу қуаты [гигакалория /сағат];
t - тәуліктегі сағат саны [сағат];
Q = Qбелг * Ко, [гигакалория /сағат], мұндағы:
Qбелг - станцияның белгіленген жылу қуаты, [гигакалория /сағат];
Ко - белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициенті;
Ко = Qөнд / (Qбелг. * n) мұндағы:
Qөнд - жыл бойы өндірілген жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
n - өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.
Тәулігіне электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шартты отын мөлшерін айқындау:
Вээ = Вээшарт / Э, [тонна], мұндағы:
Вээшарт - электр энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, [шартты отынның тоннасы];
Э - отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті:
Э = Qpт / 7000, [килокалория/килограмм],
мұндағы:
Qpт - отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм];
7000 - шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм].
Вээшарт = Этәу * bэ * 10-3, [шартты отынның тоннасы],
мұндағы:
Этәу - тәулігіне алынған электр энергиясының мөлшері [мың киловатт* сағат];
bэ - шартты отынның электр энергиясын жіберудегі үлес шығысы, [грамм/киловатт* сағат];
Этәу = N * t, мұндағы:
N - белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген электр қуаты [мегаватт];
tтәy - тәуліктегі сағат саны, сағат;
N = Nбелг. * Кэ, [мегаватт], мұндағы:
Nбелг. - станцияның белгіленген электр қуаты, [мегаватт];
Кэ - белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті;
Кэ = Эөнд /(Nбелг * n), мұндағы:
Эөнд - өткен жылы өндірілген электр энергиясының мөлшері [мың киловатт* сағат];
n - өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.».
3. «Отын пайдалану қорының нормасы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 577-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1143 қаулысымен
бекітілген
Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын
отын қорының нормасы
1. Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
100 километрге дейінгі жеткізу қашықтығында 10 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері;
100 километрден асатын жеткізу қашықтығында 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері.
2. Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін, оларда мазут:
авариялық отын, 5 тәулікке арналған отын мөлшері;
резервтік отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады.
3. Мазут жағатын отын болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін:
10 тәулікке арналған отын мөлшері, бұл ретте бір мезгілде жағылатын агрегаттар саны:
номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар 4x200 мегаватт, 3x300 мегаватт және одан жоғары электр станциясында - блоктарда;
номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар жылу электр орталығының екі ең үлкен қазанынан жоғары болмауы тиіс.