2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 619-1-баппен толықтырылды
619-1-бап. Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберуi -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдағы немесе өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген дәл сол әрекет -
жеке тұлғаларға - жетпіс, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 620-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
620-бап. Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу
Кодекстiң осы тарауында санамаланбаған, жол жүрісі қағидаларының талаптарын, көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді бұзу -
ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Хаттама жасау кезiнде жол жүрісі қағидаларының нақ қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.
621-бап. Көлiкпен қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу
1. Темiржол көлiгiнде қауiптi заттектерді немесе қол жүгi нәрселерін тасымалдау қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың қауiптi заттектермен немесе нәрселермен жасалатын операцияларды тиiстi құжаттарда тiркеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгiзу немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тарту -
ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу -
көрсетілген заттектер мен нәрселер тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршруттық таксиде жарылу қаупi бар заттектерді немесе нәрселерді алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына тапсыру -
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 622-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
622-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу
1. Трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксиді пайдалану қағидаларын көлік құралының тепкішектерінде және басқа да шығып тұрған бөліктерінде тұрып жол жүру, жүрген кезде кіру және шығу, есіктердің ашылуына және жабылуына кедергі келтіру, кесіп кететін нәрселерді тиісті қаптамасыз алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киімдерін былғайтын нәрселер мен заттарды тасымалдау түрінде жасалған бұзушылық -
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуден жалтару -
екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 623-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
623-бап. Жолаушыларды билетсіз алып жүру
Жолаушыларды билетсіз алып жүру:
1) халықаралық қатынастағы поездарда -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді;
2) республикаішілік қатынастағы поездарда -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді;
3) трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңындағы қатынастағы автобуста және маршруттық таксиде -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді;
4) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
624-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 624-1-баппен толықтырылды
624-1-бап. Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта сату, заңсыз сату түрінде жасалған бұзушылық, сол сияқты теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта сатуға, заңсыз сатуға жәрдем көрсету -
жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
625-бап. Темiржол, теңiз, өзен және автомобиль көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы составты, контейнерлердi, жүзетін және басқа көлiк құралдарын, сондай-ақ тасымалдау бейімдеме құрылғыларын бүлдiру -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзетін құралдардың басқа да жүк салатын орын-жайлардың пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың қаптамасын, пакеттердi, жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жүк аулаларының, темiржол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
626-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды бұзу
1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың қаптамасын, пакеттердi, сондай-ақ әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдiру -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын бүлдiру -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
627-бап. Тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу
Осы Кодекстiң 333, 334, 590, 610, 612, 617, 619-баптарында көзделген қағидаларды қоспағанда, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
628-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу
Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу -
жеке тұлғаларға - бес, заңды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
629-бап. 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
630-бап. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін реттейтiн техникалық құралдарды бүлдiру, оның iшiнде жол жабындысын ластау не арнайы бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және жабындысы жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылыстар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақтылы бұтамау салдарынан жол жүрісін реттейтін құралдардың көрiнуiн шектеу -
жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi немесе өзге мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан бұзушылықтар -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 631-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
631-бап. Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылысжайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыс-жайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды, Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындамау -
жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа да құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан әрекеттер -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 632-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
632-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жерасты коммуникацияларының қарау құдықтарын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарын жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып орындамау
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының жолдардағы жерасты коммуникацияларының қарау құдықтарын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарын орындамау, сол сияқты жолдың үстіне судың, техникалық сұйықтықтардың, будың шығып кетуіне және соның себебінен жол бетінің бұзылуына, жол үстіне мұздың қатуына, көрінудің шектелуіне және басқа да кедергілерге әкеп соғатын жерасты коммуникацияларының ақауларын жоюға шаралар қабылдамау -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамдардың денсаулығына жеңіл зиян келтіре отырып, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті бүлдіре отырып, жол-көлік оқиғасына әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
633-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу
1. Белгiленген тәртiппен келiсiп алмай, автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта жер резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбiрiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және топырағын алу, материалдар мен жүктерді жинап қою, топографиялық және басқа да жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттарды, жерасты және жерүстi құрылыстарын немесе коммуникацияларын тұрғызу, жарнаманы және өзге де ақпаратты орнату, сондай-ақ бөлiнген жолақ шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне кәріздік, өнеркәсiптiк, мелиорациялық және сарқынды суларды ағызу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану -
жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамдарға жеңiл дене зақымдарын келтіре отырып, көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылықтар -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
634-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану мен қорғау қағидаларын бұзуы
Жаяу жүргінші жолдары мен өткел (өтпе) көпiрлердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген жолаққа iргелес жер пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн жайластыру, жөндеу және ұдайы тазарту жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өтпе көпiрлердi қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды күйде және таза етiп күтiп-ұстау жөнiндегi мiндеттердi орындамау -
жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 635-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
635-бап. Магистральдық құбыржолдарды қорғау қағидаларын бұзу
1. Магистральдық құбыржолдарды қорғау қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне жиырма жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - бір, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті мұнай тасымалдау жөніндегі деректерді көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға ұсынбау, сондай-ақ уақтылы ұсынбау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
31-тарау. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
636-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
637-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын:
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан негiзсiз бас тартуы не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге көрінеу шектеулі жағдайлар белгілеуі;
2) телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне жалғаудың Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген мерзiмдерiн бұзу;
3) трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалғау деңгейлерін бұзуы;
4) 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) байланыс операторының тарифтеу бірліктері мөлшерлерін сақтамауы;
6) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
9) радиоэлектрондық құралдардың техникалық өлшемдері Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде радиожиілік спектрін пайдалану;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5) және 9-6) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
9-1) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-2) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-3) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бұзуы;
9-4) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бұзу;
9-5) байланыс операторының соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуы;
9-6) желілік мекенжайларды ауыстырып жіберу;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
10) байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын сақтамауы;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
11) ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетті орындамауы;
12) 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) пошта операторларының пайдаланушыларға қызмет көрсету және операциялық күндi өткiзу тәртiбiн ұйымдастыру жөніндегі белгіленген талаптарды сақтамауы;
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) пошта операторларының пошта жөнелтiлімдерiнің жоғалуына алып келген қабылдау және табыс ету, сондай-ақ оларды ресімдеу тәртібі жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуы;
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) пошта операторларының пошта жөнелтiлімдерiндегі тыйым салынған нәрселер мен заттарды анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құралдар мен жабдықтарды пошта желілерінде орнату жөніндегі талаптарды бұзуы -
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қою және шаралар қабылдауды қоса алғанда, байланыс операторларының және желі иелерінің өз байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етпеуі -
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
17) байланыс операторларының байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бұзуы -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін тұтынушылар туралы қызметтiк ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндеттi бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдану бойынша міндеттерді орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)