5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа салынатын инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттамасы (жоба, жұмыс жобасы және жобалардың басқа да түрлерi) жөніндегі жұмыстар жобалау жұмыстары деп түсініледі.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 323-бап өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
323-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, белгіленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлер мен кешендердi пайдалану
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, кіріс алу мақсатында қызметтер көрсету, өнiм өндiру) -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 323-1-баппен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 323-1-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
323-1-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, құрылыс қызметін жүзеге асыруға, оның ішінде құрылыс сапасына әсер ететін, өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
лауазымды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
21-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
324-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың белгіленген нормаларын арттыруға немесе төмендетуге нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
325-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 326-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
326-бап. Экологиялық рұқсаттың шарттарын орындамау
1. Экологиялық рұқсаттың шарттарын орындамау -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Экологиялық рұқсаттың сол бір шарттарына қатысты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, экологиялық залал келтірумен ұштасқан әрекет -
экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып немесе онсыз, лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданысы тоқтатыла тұрған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы -
экологиялық рұқсаттан айыруға алып келеді.
Ескертпелер:
1. Экологиялық рұқсат шарттарын бұзғаны үшін осы бапта көзделген жауаптылық экологиялық рұқсаттың шарттарын жекелеген бұзушылық үшін осы тараудың басқа баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделмеген жағдайларда туындайды.
2. Егер экологиялық рұқсат бірнеше объектіге берілген жағдайда, осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес тоқтатыла тұрған экологиялық рұқсаттың қолданысы бұзушылық жойылмаған объекті бойынша тоқтатылады.
327-бап. 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 327-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
327-1-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген міндетті мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды бұзу
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген міндетті мәліметтерді ұсынбау, толық ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған не қоршаған ортаға ластағыш заттардың өндірістік нормативтен тыс эмиссияларымен, қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерін асырумен және қоршаған ортаға басқа да жағымсыз әсер етуімен ұштасқан әрекеттер -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген анық емес міндетті мәліметтерді ұсыну -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған не экологиялық рұқсатты бұзумен немесе қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндетті іс-шараларды орындамаумен ұштасқан әрекет -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алты жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 327-2-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
327-2-бап. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) тиісінше жүргізбеу немесе жүргізбеу
1. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) тиісінше жүргізбеу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) жүргізбеу -
тиісті экологиялық рұқсаттың қолданысын немесе қызметті тоқтата тұрып, бұзушылық жасау нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 328-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 328-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
328-бап. Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу
1. Шығарындылардың технологиялық нормативтерін, төгінділердің технологиялық нормативтерін, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерін немесе қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін асыру, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру, сол сияқты қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жұмыс істеп тұрған объектіге жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластағыш заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін тиісті төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін эмиссиялардың сол бір көзінде бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластағыш заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін тиісті төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Шығарындылардың технологиялық нормативтерін, төгінділердің технологиялық нормативтерін, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерін немесе қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін бір жыл ішінде жүйелі түрде (екі реттен көп) асыру, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру не ұзақтығы қатарынан үш сағаттан асатын эмиссиялар нормативтерін екі есе асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
тиісті эмиссия көзін немесе өндірістік учаскені пайдалану жөніндегі экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластағыш заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін тиісті төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жаңадан пайдалануға берілген объект үшін алынуы міндетті болып табылған экологиялық рұқсатсыз не қоршаған ортаға әсер ету туралы міндетті декларациясыз қоршаған ортаға антропогендік әсер етуді жүзеге асыру -
қызметіне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Ластағыш заттар шығарындыларының, төгінділерінің декларацияланған көрсеткіштерімен, жинақталатын және көмілуге жататын қалдықтардың мөлшерімен салыстырғанда анық еместігі қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің асып кетуінен көрінген, қоршаған ортаға әсер ету туралы анық емес декларацияны ұсыну -
қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерін бұзу -
белгіленген лимиттен тыс жинақталған немесе көмілген қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қалдықтарды жинақтаудың немесе көмудің сол бір объектісінде бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып немесе онсыз, белгіленген лимиттен тыс жинақталған немесе көмілген қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Қалдықтарды жинақтау мерзімдерін бұзу -
Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген мерзімнен тыс әрбір күн үшін жинақталған қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттерін бұзу -
белгіленген лимиттен тыс ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Экологиялық рұқсатсыз, көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру -
экологиялық рұқсатсыз ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Қоршаған ортаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерін бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер:
1. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында тиісті төлемақы мөлшерлемесі белгіленбеген ластағыш заттардың шығарындылары немесе төгінділері бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде төлемақы мөлшерлемесі ластағыш заттар шығарындыларының бір тоннасы үшін елу айлық есептік көрсеткішке немесе ластағыш заттар төгінділерінің бір тоннасы үшін бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткішке тең сома мөлшерінде танылады.
2. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаттары үшін жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асыру деп бұрын берілген экологиялық рұқсаттың қолданысы аяқталған, кері қайтарып алынған немесе тоқтатылған (айыруды қоса алғанда), бірақ бұл ретте антропогендік әсер етуді жүзеге асыруды жалғастыру үшін жаңа міндетті экологиялық рұқсат берілмеген қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің эмиссияларды жүзеге асыру жағдайлары түсініледі.
3. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жаңадан пайдалануға берілген объекті деп құрылысына немесе пайдаланылуына бұрын міндетті экологиялық рұқсат немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілмеген объект танылады.
2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің мақсаттары үшін ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан болатын ластағыш заттардың шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген стационарлық көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.
4-тармақтың екінші бөлігінің қолданысы 2021 ж. 1 шілдеден бастап 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөлік 2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңының 2-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
Бұл ретте алаулардағы күкірт диоксидінің, азот диоксидінің, көміртегі тотықтарының шығарындылары үшін тиісінше «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген күкірт оксидтерінің (SOₓ), азот оксидтерінің (NOₓ), көміртегі монооксидінің шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады. Меркаптан шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 3-тармағында белгіленген тиісті төлемақы мөлшерлемесі қолданылады.
329-баптың қолданысы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 329-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету
Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету - қондырғы операторларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алынған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.08.04. № 491-V ҚР Заңымен 330-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
330-бап. Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы
Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы - аккредиттеу туралы аттестаттың немесе аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 331-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 331-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
331-бап. Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу
1. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын және сарқынды сулардың төгіндісін тазалау және (немесе) бақылау үшін құрылысжайларды немесе жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу немесе ақаулы құрылысжайларды немесе жабдықты пайдалану -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін сол бір құрылысжайға, жабдыққа немесе эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын және сарқынды сулардың төгіндісін тазалау және (немесе) бақылау үшін құрылысжайларды немесе жабдықты пайдаланбау -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін сол бір құрылысжайға, жабдыққа, эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
эмиссия көзіне немесе өндірістік учаскеге қатысты экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 332-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 332-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
332-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау немесе мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында қамтылған талаптарды орындамау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
333-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін көлiк құралдарын және басқа да жылжымалы құралдарды шығару
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Техникалық регламенттерде көзделген жағдайларды қоспағанда, шығарындыларында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден асып кететін автомобильдерді, ұшақтарды, кемелерді және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
қызметтi тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 334-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
334-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерінен (техникалық нормативтерден) асыра отырып, автомотокөлік құралдары мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану
1. Шығарындыларда ластағыш заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден (техникалық нормативтерден) асатын автомотокөлік құралдарын және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалану -