1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және бөгеттердiң қауiпсiздiгi саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша сараптама объектісінің сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындысын, оның ішінде жарылыс жұмыстары саласында беру;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қауіпті өндірістік объектілердің мамандарын, жұмыскерлерін даярлаудың, қайта даярлаудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі;
4) газ тұтыну жүйелерінің жарамды күйін қамтамасыз етпей оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi (сәйкес еместiгi) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындыларын беру, бөгеттердiң қауiпсiздiгi декларацияларын әзiрлеу түрінде жасалған бұзушылық -
аттестаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жоймау -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды
3. Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін тежеуіш гидротехникалық құрылысжайларды қауіпсіздік декларациясы болмай пайдалану -
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 300-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
300-бап. Электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу
1. Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін немесе қызмет көрсетуші персоналдың өміріне қауіп төндіретін жай-күйге алып келген, электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) одан ажыратуға алып келген, энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу -
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Жабдықтың, ғимараттар мен құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне, белгіленген пайдалану көрсеткіштерінің тұрақтылығын, дайындық жұмыстарының орындалу толықтығын қамтамасыз ететін жөндеу жұмыстары көлемдерінің орындалуына, жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемдерін қосалқы бөлшектермен және материалдармен уақтылы қамтамасыз етуге, сондай-ақ орындалған жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен сапасына жалпы басшылық жасау бөлігінде, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысқа жалпы басшылық жасау бөлігінде электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бұзу -
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 300-1-баппен толықтырылды
300-1-бап. Энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі
Энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінен асып кетуі -
энергия беруші ұйымның лауазымды адамына бір жүз жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе: Осы бапта энергия беруші ұйымның лауазымды адамы деп энергия беруші ұйымның бірінші басшысын немесе оның міндетін атқаратын адамды түсіну керек.
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 300-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
300-2-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін күзгі-қысқы кезеңде сақтамауы
1. Энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін күзгі-қысқы кезеңде сақтамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Электр станциясының негізгі жабдығының және қазандықтың тоқтауына алып келген, энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін сақтамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 301-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
301-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің жұмысқа әзірлік паспортын алу мерзімін күзгі-қысқы кезеңде бұзуы -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. Осы бапта энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамы деп энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің бірінші басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды түсіну керек.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 301-1-баппен толықтырылды
301-1-бап. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу
1. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тарту -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 301-2-баппен толықтырылды
301-2-бап. Технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектілерінің туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақтылы, анық бермеуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектілерінің туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты жасыруы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 301-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
301-3-бап. Электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарын, ғимараттары мен құрылысжайларын жөндеудің перспективалық жоспарын бекіту бөлігінде электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзуы -
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жөндеу мерзімдері мен түрлерін сақтау бөлігінде электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзу, оның ішінде электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, электр беру желілерінің, қосалқы станциялардың және жылу желілерінің негізгі жабдығын жөндеу мерзімдерін келісілмеген ауыстыру -
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 302-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
302-бап. Электр желілерін бүлдіру
1. Кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр желілерін (әуе электр беру желілерін, жерасты және суасты кәбіл желілерін, трансформаторлық және өзгертуші шағын станцияларды, бөліп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдіру -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Кернеуі 1000 вольттан асатын электр желілерін (әуе электр беру желілерін, жерасты және суасты кәбіл желілерін, трансформаторлық және өзгертуші шағын станцияларды, бөліп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдіру -
жеке тұлғаларға жетпіс бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіп керлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде іркіліс туғызған және залал келтірген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде іркіліс туғызған және залал келтірген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
303-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамалық актісінде белгіленген, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін электр, жылу энергиясын сатып алу міндетін орындамау және (немесе) тиісінше орындамау -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр немесе жылу желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтаудың және оларды қосудың тәртібі мен мерзімдерін бұзу түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
304-бап. Жылу желілерін бүлдiру
Жылу желілерін (құбыржолдар мен олардың конструкцияларын, арналарды, жылу камераларын, сорғы станцияларын) бүлдiру, егер бұл іс-әрекет адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiрудiң нақты қатерiне әкеп соқпаса, -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 305-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
305-бап. Электр және жылу желілері жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу
Қарамағында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыру, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыру, материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдарды соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау және төгу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
306-бап. Газ пайдалану, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу
1. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу -
жеке тұлғаларға - жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Газ тұтыну жүйесіне тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді өз бетінше қайта қосу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
307-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшiн көзделген резервтiк отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуге шаралар қолданбау немесе өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерінің белгіленген резервтік отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы -
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 308-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
308-бап. Мұнай құбырларын, газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мұнай құбырлары мен газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру немесе аспаптарды заңсыз орнату, ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану қағидаларын аварияға себеп болуы мүмкін өзге де бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
309-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде аумақтарды бүлдiру
Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жерлердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн ретке келтiруге шаралар қолданбау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2024.18.07. № 127-VІІІ ҚР Заңымен 309-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
309-1-бап. Электр желілеріне өз бетінше қосылу
1. Электр желілеріне өз бетінше қосылу - жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2024.08.07. № 122-VІІІ ҚР Заңымен 309-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
309-2-бап. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің және (немесе) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу
1. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің және (немесе) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
19-тарау. Ғарыш қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
310-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын:
1) ғарыш қызметі саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысы жоқ, ғарыш қызметі саласындағы жобаны іске асыру;
2) ғарыш объектісін Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ оны одан тыс жерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушы жүзеге асырған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш объектісін ұшыру туралы оң шешімінсіз ұшыру;
3) ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеуден жалтару;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіру;
5) ғарыш техникасы және (немесе) аспан денелерін қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін пайдалану;
6) ғарыш кеңістігінің ластануы жөніндегі халықаралық нормалар мен стандарттарды бұзу түрінде жасалған бұзушылық -
ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лицензиядан айыруға әкеп соғады.