4) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркейді;
6) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері
Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары табыс ететін концессиялық ұсыныстарды олар ұсынылған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келіседі;
2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
3) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келіседі;
5) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;
6) концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының өкілеттіктерi
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы:
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып, республикалық меншікке жататын объектілер бойынша концессиялық ұсыныстарды қалыптастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Комиссияның шешімі негізінде республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүзеге асырады және концессиялық жобаның іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
5) республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жасалған концессия шарттары бойынша ақпарат береді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) қажет болған жағдайда, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тартады;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) осы заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктерi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып, тізбеге енгізу үшін коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша концессиялық ұсыныстарды қалыптастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) концессия шартын жасасу кезінде тиісті өңірдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін конкурсты ұйымдастырушыға республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты ұсыныстар енгізеді;
3) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды айқындайды;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссияны құрады және ол туралы ережені бекітеді;
5) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады;
6) комиссияның шешімі негізінде коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;
7) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша концессия шарттарының мониторингін, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және мониторинг пен бақылау нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Концессионерлердің қызметін мемлекеттік қолдау
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Концессионерлердiң қызметiн қолдау мақсатында мемлекеттiк қолдаудың мынадай бір немесе бірнеше түрлерi ұсынылады:
1) концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерліктері;
2) концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) концессионерге мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың берiлуi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) егер концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болса, мемлекеттің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну кепілдігі;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік меншікке берілуге жатпайтын концессия объектісі құрылған кезде, концессионерге осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылмайды.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді
2-1. Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында және осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны концессия шартының шеңберінде концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнынан аспауға тиіс.
3-тарау. ОБЪЕКТІЛЕРДІ КОНЦЕССИЯҒА БЕРУ
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібі
1. Объектілерді концессияға беру төрт кезеңде жүзеге асырылады:
концессиялық ұсыныстарды іріктеу;
тізбені қалыптастыру;
концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;
концессионерді анықтау және концессия шартын жасасу.
2. Концессионерге мемлекет кепілгерліктерін берудің міндетті шарты Қазақстан Республикасының қор биржасында инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру болып табылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды дайындау
1. Концессиялық ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу сатысында жеке немесе заңды тұлғалардың жеке бастамасы тәртібімен енгiзген ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы орган концессиялық ұсыныстарды талдау және пысықтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тартады.
2. Концессиялық ұсыныстар:
1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
2) концессиялық жоба мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;
3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілімдігін қамтамасыз ету принципін негізге ала отырып, концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларын;
4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;
5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді;
6) концессиялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас саласына (аясына) болжамды мультипликативті әсерін бағалауды қамтитын салалық сараптамаға жатады.
3. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессиялық ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс.
4. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар концессиялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 5-2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-3-тармақпен толықтырылды; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 5-3-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 15-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 15-2-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
1. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
2. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер мен қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету концессиялық жобаның концессиялық ұсыныста қамтылған маркетингтік, қаржылық-экономикалық параметрлері ескеріле отырып, қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру арқылы жүзеге асырылады.
3. Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда әлеуетті концессионер не екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
4. Техникалық-экономикалық негіздеме пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін концессиялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын, концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгертілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды кейіннен жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жасайды.
5. Концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамасына қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға сараптама жүргізу үшін жібереді.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
7. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық жобаны іске асыру бойынша ұсынылатын шешімдерге сараптаманың сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
9. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген тиісті саланың уәкiлеттi мемлекеттік органының өтінімі және осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
10. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
11. Жоба бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде концессия шарты жасалмаған концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамасына сараптамалар қорытындыларының күші жойылды деп есептеледі.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Тізбені қалыптастыру
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тiзбенi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге қалыптастырады.
Тiзбе Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануға жатады.
2. Тiзбе мынадай екi бөлiмнен тұрады:
1) реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi;
2) құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер.
3. 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Тiзбеге енгiзiлмеген объектiлер бойынша тиiстi хабарламалар тиiстi ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға олардың қабылданбауының дәлелдi негiздемесiмен бiрге жiберiледi.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Концессияға берiлмеген концессия объектiлерi келесi орта мерзiмдi кезеңге арналып қалыптастырылатын тиiстi тiзбеге енгiзіледi.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны
1. Конкурсты ұйымдастырушы барлық әлеуетті концессионерлерге мынадай ақпаратты:
1) әлеуетті концессионерлерге қойылатын біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растау үшін табыс етілуге тиіс құжаттарға қойылатын талаптарды;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы тармақтың 2-1) және 2-2) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, техникалық-экономикалық негiздемені;
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жобалау-сметалық құжаттама мен концессиялық ұсынысты;
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда концессиялық ұсынысты;
3) концессияға беруге ұсынылатын объектінің тұрған орнын;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) осы концессиялық жоба үшiн концессионерлердің қызметін мемлекеттiк қолдаудың ықтимал түрлерi мен көлемдерiн, сондай-ақ концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) үлгілік шарт негізінде әзірленген концессия шартының жобасын;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия өтінімін анықтауға негіз болатын барлық критерийлердің, оның ішінде жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің сипаттамасын, оның iшiнде мұндай әрбір критерийдің салыстырмалы мәнін, концессиялық өтінімдерді бағалау және салыстыру тәсiлiнiң сипаттамасын;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) концессия объектісінің құны көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және концессия объектісінің құндарын салыстыру және бағалау мақсатында оларды бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағамды;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес концессиялық өтінімдерді жасасу және табыс ету тіліне қойылатын талаптарды;
8) әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінім берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқаманы;