2) қалған жағдайларда азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде осындай учаскенi нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.
3. Лизинг алушы қаржы лизингінің шартына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісімен бірге қаржы лизингіне берілген (алынған) жер учаскесі бойынша жер салығын төлеуші болып табылады.
375-бап. Салық салу объектісі
1. Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:
1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жер учаскелері.
Бөлінген белдеудегі ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылғылар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері;
4) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.
376-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін айқындау
1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігінің ұйымдары үшін салық салу объектісі болып табылады.
2. Электр беру желілерінің тіректері мен кіші станциялар алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика және электрлендіру жүйесінің ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
4. Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
377-бап. Салық базасы
Жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.
54-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
378-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:
| Рет № | Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) | Рет № | Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. | 1 | 0,48 | 51. | 51 | 43,42 |
| 2. | 2 | 0,67 | 52. | 52 | 44,49 |
| 3. | 3 | 0,87 | 53. | 53 | 45,55 |
| 4. | 4 | 1,06 | 54. | 54 | 46,65 |
| 5. | 5 | 1,25 | 55. | 55 | 47,71 |
| 6. | 6 | 1,45 | 56. | 56 | 48,77 |
| 7. | 7 | 1,68 | 57. | 57 | 49,83 |
| 8. | 8 | 1,93 | 58. | 58 | 50,95 |
| 9. | 9 | 2,16 | 59. | 59 | 52,01 |
| 10. | 10 | 2,41 | 60. | 60 | 53,07 |
| 11. | 11 | 2,89 | 61. | 61 | 57,90 |
| 12. | 12 | 3,09 | 62. | 62 | 60,63 |
| 13. | 13 | 3,28 | 63. | 63 | 63,26 |
| 14. | 14 | 3,47 | 64. | 64 | 65,95 |
| 15. | 15 | 3,67 | 65. | 65 | 68,61 |
| 16. | 16 | 3,86 | 66. | 66 | 71,31 |
| 17. | 17 | 4,09 | 67. | 67 | 73,96 |
| 18. | 18 | 4,34 | 68. | 68 | 76,66 |
| 19. | 19 | 4,57 | 69. | 69 | 79,32 |
| 20. | 20 | 4,82 | 70. | 70 | 82,02 |
| 21. | 21 | 5,31 | 71. | 71 | 86,85 |
| 22. | 22 | 5,79 | 72. | 72 | 89,55 |
| 23. | 23 | 6,27 | 73. | 73 | 92,19 |
| 24. | 24 | 6,75 | 74. | 74 | 94,89 |
| 25. | 25 | 7,24 | 75. | 75 | 97,56 |
| 26. | 26 | 7,72 | 76. | 76 | 100,26 |
| 27. | 27 | 8,20 | 77. | 77 | 102,91 |
| 28. | 28 | 8,68 | 78. | 78 | 105,61 |
| 29. | 29 | 9,17 | 79. | 79 | 108,27 |
| 30. | 30 | 9,65 | 80. | 80 | 110,97 |
| 31. | 31 | 14,47 | 81. | 81 | 115,80 |
| 32. | 32 | 15,54 | 82. | 82 | 119,02 |
| 33. | 33 | 16,59 | 83. | 83 | 122,21 |
| 34. | 34 | 18,08 | 84. | 84 | 125,45 |
| 35. | 35 | 18,76 | 85. | 85 | 128,67 |
| 36. | 36 | 19,82 | 86. | 86 | 131,86 |
| 37. | 37 | 20,88 | 87. | 87 | 135,10 |
| 38. | 38 | 22,00 | 88. | 88 | 138,32 |
| 39. | 39 | 23,06 | 89. | 89 | 141,51 |
| 40. | 40 | 24,12 | 90. | 90 | 144,75 |
| 41. | 41 | 28,95 | 91. | 91 | 149,57 |
| 42. | 42 | 30,01 | 92. | 92 | 154,40 |
| 43. | 43 | 31,07 | 93. | 93 | 159,22 |
| 44. | 44 | 32,17 | 94. | 94 | 164,05 |
| 45. | 45 | 33,23 | 95. | 95 | 168,87 |
| 46. | 46 | 34,29 | 96. | 96 | 173,70 |
| 47. | 47 | 35,36 | 97. | 97 | 178,52 |
| 48. | 48 | 36,48 | 98. | 98 | 183,35 |
| 49. | 49 | 37,54 | 99. | 99 | 188,17 |
| 50. | 50 | 38,60 | 100. | 100 | 193,00 |
| | | | 101. | 100-ден жоғары | 202,65 |
3. Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:
| Рет № | Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) | Рет № | Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. | 1 | 0,48 | 51. | 51 | 19,78 |
| 2. | 2 | 0,54 | 52. | 52 | 20,26 |
| 3. | 3 | 0,58 | 53. | 53 | 20,75 |
| 4. | 4 | 0,62 | 54. | 54 | 21,23 |
| 5. | 5 | 0,67 | 55. | 55 | 21,71 |
| 6. | 6 | 0,73 | 56. | 56 | 22,19 |
| 7. | 7 | 0,77 | 57. | 57 | 22,68 |
| 8. | 8 | 0,81 | 58. | 58 | 23,16 |
| 9. | 9 | 0,87 | 59. | 59 | 23,64 |
| 10. | 10 | 0,96 | 60. | 60 | 24,12 |
| 11. | 11 | 1,45 | 61. | 61 | 24,61 |
| 12. | 12 | 1,83 | 62. | 62 | 25,28 |
| 13. | 13 | 2,22 | 63. | 63 | 25,82 |
| 14. | 14 | 2,55 | 64. | 64 | 26,44 |
| 15. | 15 | 2,93 | 65. | 65 | 27,02 |
| 16. | 16 | 3,32 | 66. | 66 | 27,64 |
| 17. | 17 | 3,71 | 67. | 67 | 28,22 |
| 18. | 18 | 4,05 | 68. | 68 | 28,85 |
| 19. | 19 | 4,44 | 69. | 69 | 29,49 |
| 20. | 20 | 4,82 | 70. | 70 | 30,07 |
| 21. | 21 | 5,31 | 71. | 71 | 30,69 |
| 22. | 22 | 5,79 | 72. | 72 | 31,27 |
| 23. | 23 | 6,27 | 73. | 73 | 31,88 |
| 24. | 24 | 6,75 | 74. | 74 | 32,46 |
| 25. | 25 | 7,24 | 75. | 75 | 33,09 |
| 26. | 26 | 7,72 | 76. | 76 | 33,68 |
| 27. | 27 | 8,20 | 77. | 77 | 34,31 |
| 28. | 28 | 8,68 | 78. | 78 | 34,93 |
| 29. | 29 | 9,17 | 79. | 79 | 35,51 |
| 30. | 30 | 9,65 | 80. | 80 | 36,15 |
| 31. | 31 | 10,13 | 81. | 81 | 36,71 |
| 32. | 32 | 10,61 | 82. | 82 | 37,34 |
| 33. | 33 | 11,09 | 83. | 83 | 37,92 |
| 34. | 34 | 11,58 | 84. | 84 | 38,56 |
| 35. | 35 | 12,06 | 85. | 85 | 39,18 |
| 36. | 36 | 12,54 | 86. | 86 | 39,76 |
| 37. | 37 | 13,03 | 87. | 87 | 40,38 |
| 38. | 38 | 13,51 | 88. | 88 | 40,95 |
| 39. | 39 | 13,99 | 89. | 89 | 41,59 |
| 40. | 40 | 14,47 | 90. | 90 | 42,17 |
| 41. | 41 | 14,96 | 91. | 91 | 42,18 |
| 42. | 42 | 15,44 | 92. | 92 | 43,39 |
| 43. | 43 | 15,92 | 93. | 93 | 44,00 |
| 44. | 44 | 16,40 | 94. | 94 | 44,62 |
| 45. | 45 | 16,89 | 95. | 95 | 45,20 |
| 46. | 46 | 17,37 | 96. | 96 | 45,84 |
| 47. | 47 | 17,85 | 97. | 97 | 46,38 |
| 48. | 48 | 18,33 | 98. | 98 | 47,03 |
| 49. | 49 | 18,82 | 99. | 99 | 47,61 |
| 50. | 50 | 19,30 | 100. | 100 | 48,25 |
| | | | 101. | 100-ден жоғары | 50,18 |
379-бап. Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары
Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
2) көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге.
380-бап. Ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын жерлерге салынатын салық ставкалары
Елді мекендер, өнеркәсіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман және су қорлары жерлерінің құрамына кіретін, ауыл шаруашылығы мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелеріне осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 381-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:
«Жерге салық салу мақсаты үшін салық ставкаларына түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру схемасын бекіту туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХ сессиясының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 356 шешімін қараңыз
| Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге) | Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| | Қалалар: | | |
| 1. | Алматы | 28,95 | 0,96 |
| 2. | Астана | 19,30 | 0,96 |
| 3. | Ақтау | 9,65 | 0,58 |
| 4. | Ақтөбе | 6,75 | 0,58 |
| 5. | Атырау | 8,20 | 0,58 |
| 6. | Қарағанды | 9,65 | 0,58 |
| 7. | Қызылорда | 8,68 | 0,58 |
| 8. | Көкшетау | 5,79 | 0,58 |
| 9. | Қостанай | 6,27 | 0,58 |
| 10. | Павлодар | 9,65 | 0,58 |
| 11. | Петропавл | 5,79 | 0,58 |
| 12. | Талдықорған | 9,17 | 0,58 |
| 13. | Тараз | 9,17 | 0,58 |
| 14. | Орал | 5,79 | 0,58 |
| 15. | Өскемен | 9,65 | 0,58 |
| 16. | Шымкент | 9,17 | 0,58 |
| 17. | Алматы облысы: | | |
| 18. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 | 0,39 |
| 19. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
| 20. | Ақмола облысы: | | |
| 21. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
| 22. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 | 0,39 |
| 23. | Облыстық маңызы бар басқа қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы | 0,39 |
| 24. | Аудандық маңызы бар басқа қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы | 0,19 |
| 25. | Кенттер | 0,96 | 0,13 |
| 26. | Ауылдар | 0,48 | 0,09 |
Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 382-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
382-бап. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары
Елді мекендердің тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі болып есептеледі.
Үй іргесіндегі жер учаскелері мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға жатады:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;
1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қалған елді мекендер үшін:
көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;
5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
383-бап. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары
1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерде белгіленеді:
| Рет № | Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) | Рет № | Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. | 0 | 48,25 | 52. | 51 | 2634,45 |
| 2. | 1 | 91,67 | 53. | 52 | 2690,23 |
| 3. | 2 | 135,10 | 54. | 53 | 2745,95 |
| 4. | 3 | 178,52 | 55. | 54 | 2801,72 |
| 5. | 4 | 221,95 | 56. | 55 | 2857,46 |
| 6. | 5 | 265,37 | 57. | 56 | 2913,24 |
| 7. | 6 | 308,80 | 58. | 57 | 2968,96 |
| 8. | 7 | 352,22 | 59. | 58 | 3024,73 |
| 9. | 8 | 395,65 | 60. | 59 | 3080,47 |
| 10. | 9 | 439,07 | 61. | 60 | 3136,25 |
| 11. | 10 | 482,50 | 62. | 61 | 3188,36 |
| 12. | 11 | 530,75 | 63. | 62 | 3247,75 |
| 13. | 12 | 592,41 | 64. | 63 | 3325,49 |
| 14. | 13 | 654,08 | 65. | 64 | 3364,61 |
| 15. | 14 | 715,68 | 66. | 65 | 3423,05 |
| 16. | 15 | 777,35 | 67. | 66 | 3489,25 |
| 17. | 16 | 839,01 | 68. | 67 | 3539,95 |
| 18. | 17 | 900,67 | 69. | 68 | 3598,39 |
| 19. | 18 | 962,29 | 70. | 69 | 3656,81 |
| 20. | 19 | 1023,96 | 71. | 70 | 3715,25 |
| 21. | 20 | 1084,66 | 72. | 71 | 3769,29 |
| 22. | 21 | 1138,70 | 73. | 72 | 3829,64 |
| 23. | 22 | 1189,07 | 74. | 73 | 3890,53 |
| 24. | 23 | 1239,35 | 75. | 74 | 3951,67 |
| 25. | 24 | 1287,73 | 76. | 75 | 4012,79 |
| 26. | 25 | 1340,29 | 77. | 76 | 4073,88 |
| 27. | 26 | 1390,66 | 78. | 77 | 4135,02 |
| 28. | 27 | 1441,07 | 79. | 78 | 4196,15 |
| 29. | 28 | 1491,45 | 80. | 79 | 4257,23 |
| 30. | 29 | 1541,88 | 81. | 80 | 4319,34 |
| 31. | 30 | 1592,25 | 82. | 81 | 4371,45 |
| 32. | 31 | 1646,29 | 83. | 82 | 4432,57 |
| 33. | 32 | 1693,03 | 84. | 83 | 4493,66 |
| 34. | 33 | 1740,76 | 85. | 84 | 4554,80 |
| 35. | 34 | 1788,47 | 86. | 85 | 4615,92 |
| 36. | 35 | 1836,20 | 87. | 86 | 4677,01 |
| 37. | 36 | 1883,87 | 88. | 87 | 4738,15 |
| 38. | 37 | 1931,58 | 89. | 88 | 4799,27 |
| 39. | 38 | 1979,31 | 90. | 89 | 4860,36 |
| 40. | 39 | 2027,02 | 91. | 90 | 4921,50 |
| 41. | 40 | 2074,75 | 92. | 91 | 4975,54 |
| 42. | 41 | 2126,86 | 93. | 92 | 5054,48 |
| 43. | 42 | 2178,19 | 94. | 93 | 5134,32 |
| 44. | 43 | 2228,61 | 95. | 94 | 5214,22 |
| 45. | 44 | 2278,98 | 96. | 95 | 5294,09 |
| 46. | 45 | 2329,41 | 97. | 96 | 5373,99 |
| 47. | 46 | 2379,79 | 98. | 97 | 5453,83 |
| 48. | 47 | 2340,22 | 99. | 98 | 5533,73 |
| 49. | 48 | 2480,57 | 100. | 99 | 5613,59 |
| 50. | 49 | 2531,00 | 101. | 100 | 5693,50 |
| 51. | 50 | 2582,34 | 102. | 100-ден жоғары | 5790,00 |
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа да жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлерді қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерлер осы баптың 1-тармағында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
3. Қорғаныс мұқтажы үшін берілген, қорғаныс мұқтажы үшін уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін басқа да жер пайдаланушыларға берілген жерлер осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
4. Магистральды темір жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темір жол көлігі кәсіпорындарының жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.
384-бап. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендету ескеріле отырып, көрсетілген жерлерге салық мөлшерлемелерін жалпы төмендету базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.
3. Елді мекен шегінде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Елді мекен шегінде орналасқан, аэродромдар алып жатқан жерлерді қоспағанда, әуежайлар алып жатқан өнеркәсіп жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 381-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшін арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесі аэродром деп түсініледі.
385-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлері осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 386-баптың тақырыбы өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
386-бап. Автотұрақтар, (паркингтер) автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Елді мекендердің автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкалары кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.
2. Елді мекендердің казино орналасқан жерлері осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Елді мекеннің жерлеріне салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық ставкаларды жергілікті өкілді орган белгілейді.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекеннің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген ставкаларды ұлғайту жергілікті өкілді орган белгілейтін автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай жүргізіледі.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара арттыруға тыйым салынады.
387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа, (паркингке) автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының 50 проценттінен аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
2. Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентті қолданады:
1) балаларды сауықтыру мекемелері;
2) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
4) қызметінің негізгі түрі ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындар.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында және 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициентін қолданады.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесінде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері келісімшарт жасалған айдың алғашқы күнінен бастап қолданылады және оның қолданысы келісімшарт жасалған күннен бастап жеті жылдан аспайды.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық актісінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасына сәйкес құрылған;
2) осындай технологиялық парктердің жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының елу немесе одан астам пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3. Осы Кодекстің 135-3-бабының 1-тармағы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне бөлінген және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушілер жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгіленген тәртіппен есептейді.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 17-тарауында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы Кодекстiң 381-бабы кестесінің 23 - 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.