83. Конкурстық комиссияның мүшелері, сарапшы (сараптау комиссиясының жетекшісі) конкурстық комиссияның хатшысына қайтарғанға дейін оларды қарау уақытында әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімі құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
84. Өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы осындай комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің қатысуымен өткізіледі.
85. Конкурстық комиссия отырысын өткізбей конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауға жол берілмейді.
86. Конкурстық комиссия:
1) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін құрайтын құжаттар бумасының толықтығы мен тиісінше ресімделу мәніне қарайды;
2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;
3) жазбаша нысанда конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдердің қаралуын, оларды бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді сұратады;
4) конкурсқа қатысуға өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұраулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамаға сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі;
5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және конкурстың қатысушылары деп таниды.
Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің жалпы біліктілік талаптарына олардың банкроттау рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде сәйкес келуін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
87. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді мынадай жағдайда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болғанда;
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) конкурстық комиссияға:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген адамды;
олардың қатысу үшін банктік кепілдік түрінде берілген өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген адамды;
оның пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауымен көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиесілі ресімделмегенде.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тармақ 3) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
3) конкурстық өтінімді қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайыздан кем мөлшерінде енгізілсе.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлім 87-1-тармақпен толықтырылды;
87-1. Заңды тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші (конкурс қатысушысы деп танылған), егер:
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) ол және (немесе) қосалқы мердігер не бірлесіп атқарушы мынадай:
әлеуетті өнім беруші қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін және сауда тізілімінен заңдастырылған көшірмесін бермеу, қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып нотариалдық куәландырылған (және) сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірмесін бермеу;
лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін бермеу;
лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін не егер заңды тұлға қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін бермеу.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген акция ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын ұсынбау;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу;
банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен тоғызыншы және оныншы абзацтар жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді бермеу;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарға сәйкес келмеу негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
ол банкроттық рәсіміне не таратуға жатады;
2) егер оның конкурсқа қатысуға арналған өтінімі мына:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынбау;
техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің неғұрлым жақсы техникалық, сапалы және пайдалану сипаты бар техникалық ерекшеліктерді беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ерекшелікті беруі;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда) жұмыстар мен қызмет түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілмеген;
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беру;
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етілуін ұсынбау негіздемелері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 87-2-тармақпен толықтырылды
87-2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші (конкурс қатысушысы болып танылған), егер:
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы мынадай:
тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
жеке куәліктің (паспорт) нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін бермеу;
лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу;
банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен тоғызыншы және оныншы абзацтар жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салықтық берешектің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтердің ұсынылмауы;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарға сәйкес келмеу негіздемелері бойынша біліктілік талаптарға сәйкес болмауы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
ол банкроттық рәсіміне не таратуға жатады;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінім мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынылмаса;
техникалық ерекшеліктер ұсынылмаса;
аса жақсырақ техникалық, сапалы және пайдалануға беру сипаттары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшеліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес емес техникалық ерекшеліктерді әлеуетті өнім беруші ұсынса;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмысты орындау бойынша мердігерлер туралы (қызметті көрсету кезінде мәліметтің берілмеуі (қызметті көрсету кезінде қоса орындаушылар), сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар мен қызметтердің түрі (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда (бірлесіп орындаушылар);
әлеуетті өнім берушілердің қосалқы мердігерге қоса алғанда жұмыстың екіден үш көлемін (құрылыс бағасын) мердігерлікке (бірлесіп орындауға), қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда қызметтерді беруі;
конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды ұсынбаса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.»;
88. Сарапшы не сараптама комиссиясы төраға белгілеген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімді қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесілі ресімделуі мәніне қарайды және өз құзыреті шегінде зерделейді;
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелік қызметтерінің сәйкестігі не сәйкес келмеуі туралы сараптау қорытындысын ресімдейді және оған қол қояды;
3) тиесілі түрде ресімделген сараптамалық қорытынды ұсынады, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына береді.
89. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пікір білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар әр бетіне қол қояды және бұрыштама соғады.
90. Сарапшының (сараптама комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы:
1) бұл туралы төрағаға, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына хабардар етеді және онымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығару үшін конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күн мен уақытты келіседі;
2) конкурстық комиссияның мүшелеріне, сондай-ақ сарапшыға (сараптама комиссиясына) конкурстық комиссия отырысы өткізілетін белгіленген күн мен уақыт туралы хабардар етеді.
91. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
1) конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшелерін сарапшының (сараптама комиссиясының) сараптамалық қорытындысының көшірмесімен қамтамасыз етеді;
2) сараптама комиссиясының сарапшысы не басшысы негізделген қорытындылармен, оның ішінде сараптама комиссиясы сарапшысының ерекше пікірі бар қорытындылармен (егер осындайлар болса) бірге сараптамалық қорытынды жариялайды, қажет болған кезде конкурстық комиссияның мүшелеріне сараптамалық қорытындының қорытындыларын түсіндіреді;
3) конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің пайыздық шамасын есептейді;
4) конкурстық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады;
5) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
92. Конкурсқа қатысуға өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәніне тиіспей жөндеуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болғанда конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап береді деп танылады.
93. Егер неғұрлым үздік функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орынды ұсынылса әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.
94. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-тармақ өзгертілді
95. Конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған, конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдерді ескереді және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтінімдерге қолданады.
Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 96-тармақ өзгертілді
96. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты пайызға (0,5%), бірақ бес проценттен аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер бес пайыздан аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 97-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
97. Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең аз құны бар конкурстық өтінімді айқындайды және осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады. Осы өлшемнің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 98- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
98. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 99- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
99. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндіруші үшін ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтінімнің бағасын екі пайызға азайтады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.23.07. № 735 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 100-тармақ жаңа редакцияда
100. Сатып алынатын тауарларды, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 100-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 735 Қаулысымен 100-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
100-1. Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 101- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 101-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
101. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік функционалдық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 101-1-тармақпен толықтырылды
101-1. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік техникалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 102-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың, ең үздік сапалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді анықтаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлім 102-1- тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 102-1-тармақ жаңа редакцияда
102-1. Жергілікті қамтудың бар екендігін қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын жергілікті қамтудың әрбір пайызы үшін оннан бір (0,1) пайызға азайтады.
Тауарда жергілікті қамтудың бар болуы СТ-KZ нысанды тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталады.
Әлеуетті тауар жеткізуші сатып алынатын тауардың отандық өндірушісі болып табылған жағдайда, онда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасын жергілікті қамту болғаны үшін шартты түрде он пайызға азайтады.