Кімге:_____________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
N_________кепілдік міндеттеме
______________________________ (орналасқан жері) | ____ж. "___"______________ |
Біз бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын,_______________________,___________________________ ұйымдастырған________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатындығынан және __________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурс (лот/-тар)
бойынша атауын беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
________ж. "___"______________ жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз_______________________осымен өзімізге Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды,
(банктің атауы)
сондай-ақ Өнім беруші:
конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзім өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғандығын не өзгерткендігін және (немесе) толықтырғандығын;
танылған конкурс қатысушысы өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде тапсырмағандығын не кері қайтарып алғандығын;
конкурстың жеңімпазы етіп анықталған қатысушы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығын;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығын.
Бұл кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Бұл кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі | Күні мен мекен-жайы |
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-қосымша жаңа редакцияда
Үлгі конкурстық құжаттамаға
10-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетіннің (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетілciн) банк алдында анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды.
Күні ____________
Қолы ____________
М.О.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 11 қосымша алып тасталды (бұр. ред. қара)
Үлгі конкурстық құжаттамаға
11-қосымша
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12 қосымша өзгертілді
Үлгі конкурстық құжаттамаға
12-қосымша
Конкурста сатып алу мәні болып табылатын, жұмыстарды
орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету
кезіндегі қоса орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ
әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға)
беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері
(конкурстың толық атауын көрсету қажет)
Р/с № | Қосалқы мердігердің (қоса орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (қоса орындаушының) - Т.А.Ә. | Қосалқы мердігер (қоса орындаушы) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, оның толық заңды және пошталық мекенжайы, байланыс телефоны | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі |
| | | | | |
| | |
| | |
Осы қосалқы мердігер (қосаорындаушы) бойынша барлығы | | теңге | | көлемінің % |
| | | | | |
| | |
| | |
Осы қосалқы мердігер (қосаорындаушы) бойынша барлығы | | теңге | | көлемінің % |
Барлық қосалқы мердігерлер (қосаорындаушылар) бойынша жиыны | | теңге | | көлемінің % |
| | | | | | | | |
Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігері(лері) (қоса орындаушысы(лары)) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (қоса орындаушыларына) қатысты бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
Қосалқы мердігер (қоса орындаушы) - заңды тұлғаның атауыне жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігер (қоса орындаушы) Т.А.Ә. | Қосалқы мердігердің (қоса орындаушының) уәкілетті өкілінің Т.А.Ә. | Қолы |
| | |
|
| | |
Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесе орындаушыға) беретін жұмыстар мен қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 13-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Үлгі конкурстық
құжаттамаға
13-қосымша
______________________әлеуетті өнім беруші бағаларының кестесi
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
(лоттың нөмірі көрсете отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)
Р/с№ | Мазмұны | Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы |
1 | Қысқаша сипаты | |
2 | Шығарылған елі (жұмыстарды сатып алу кезінде алынып тасталады) | |
3 | Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде алынып тасталады) | |
4 | Өлшем бірлігi | |
5 | ________бірліктің бағасы ____________ ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша __________ (межелі орны) | |
6 | Саны (көлемі) | |
7 | Барлық бағасы =___________ 5-бет х 6-бет, | |
8 | Жалпы бағасы,__________ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша ___________ межелі орны, әлеуеттi өнім берушінің тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектер бағасын, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімi iшінде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар | |
Біз Сіздердің конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келісеміз
__________________ _____________________________
(Қолы) (лауазымы, Т.А.Ә.
М.О.
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрауыш бөліктерін көрсетпеуі де мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын, болған кезде жеңілдіктерді ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.
Ережеге
4-қосымша
Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу
туралы үлгі шарт
__________________ (Орналасқан жері) | _________ж. «___» _______________ |
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ___________________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы)
атынан,_______________________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын
______________________________________________________________________________________атынан
(өнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы)
__________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғының, Ереженің және т.б.)
______________________________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде_____жылы___ _______ өткен осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:
1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі - Шарттың бағасы) тауарларды/көрсетілетін қызметтерді Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алды.
2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:
1) «Шарт» - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;
3) «Тауарлар» нәрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелерін, сондай-ақ Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде беруге тиіс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;
4) «Ілеспе көрсетілетін қызметтер» Тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;
5) «Қызмет көрсету» - Тапсырыс берушінің мұқтажын қанағаттандыратын, заттық нәтижеге ие емес, қызмет;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) «Тапсырыс беруші» - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
7) «Өнім беруші» - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).
3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
3) техникалық ерекшелік;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ереженің 158-тармағында көрсетілген жағдайларда және мөлшерде Өнім беруші Шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу шарты бір қаржы жылынан астам мерзімге:
1) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы, тауарларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын тауарларды (мұндай фактіні растайтын әзірлеушінің анықтамасы болуға тиіс);
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, бір қаржы жылынан асатын мерзімге көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін.
Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда бір қаржы жылынан астам қолдану мерзімімен мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шартты бәсекелестік негізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша белгіленген өнім берушілермен ғана жасасуға жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.
8. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
9. Өнім беруші тауарды (көрсетілетін қызметтерді) Өнім берушінің конкурстық өтініміне және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің (конкурсты ұйымдастырушының) конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада сатуды және беруді (көрсетуге), ал Тапсырыс беруші қабылдауды және төлеуді міндетіне алады. Ақы төлеу нысаны__________________________________
(аударым, қолма қол есеп айырысу, және т.б.)
10. Төлеу мерзімі_____________________________________________
(мысал: тауарды тағайындалған пунктте қабылдағаннан кейін % немесе алдын ала төлеу және т.б)
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
______________________________________________________________
(шот-фактура немесе қабылдау-беру актісі немесе т.б.)
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу талаптарын көздеуі тиіс.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.
12. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.
13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.
15. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелікте айтылса, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растау үшін техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргізуі мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Өнім беруші жүктейді. Техникалық ерекшелікте Тапсырыс берушіге қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екендігі көрсетіледі. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттарға арналған өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуге тиіс.
16. Техникалық бақылау мен сынақ Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында, тауарларды жеткізу орнында және/немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында жүргізілсе, Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін және жәрдем көрсетілетін болады.
17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке жауап бермесе, Тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және Өнім беруші ақаулы тауарды не алмастырады не Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер енгізеді.
18. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.
19. Өнім беруші тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабілетті орауға қамтамасыз етуі тиіс. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.
20. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.
21. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын Тауарлардың/Көрсетілетін қызметтердің тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады:
а) шетелден келетін Тауарлар үшін:
Тауарды түсіргеннен кейін Өнім беруші Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін және оның күнін, жөнелтілген портын және күнін, түсіру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуге тиіс:
1) Тауарлардың сипаттамасымен, Тауардың санын, бірлігінің бағасын және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
2) көліктік жүк құжаттың түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;
3) әрбір орамның құрамын көрсетіп, орау парағының көшірмесі;
4) сақтандыру Сертификаты;
5) дайындаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;
6) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);
7) тауардың шыққан жері туралы сертификат.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Тапсырыс беруші Тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс және олар алынбаған жағдайда Өнім беруші осы шығыстарға байланысты жауапты болады.
б) Жергілікті Тауарлар үшін:
1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бірлік бағаны және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
2) көліктік жүк құжат, темір жол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;
3) Дайындаушының немесе Өнім берушінің кепілдік сертификаты;
4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);
5) тауардың шыққан жері туралы сертификат.
22. Шартқа сәйкес берілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуға тиіс (қажетті сақтандыру түрін көрсету). Сақтандыру полисінде Тапсырыс беруші Өнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталуға тиіс.
23. Сақтандыру әскери іс-қимылдарға және көтерілістерге байланысты қатерлерді қоса алғанда, «барлық қатерлерден» сақтандыру кезінде «қоймадан қоймаға» Шарт сомасының 110 % мөлшерінде болуға тиіс.
24. Өнім беруші Тауарларды тағайындалған пунктіне дейін беруге тиіс. Осы тауарларды тағайындалған пунктіне дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.
25. Осы Шарттың шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуге тиіс.
26. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.
27. Тапсырыс беруші Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөліктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші сатып алу үшін Өнім берушіден таңдай алатын және оларды кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бөліктердің құны мен номенклатурасын беруді Өнім берушіден талап етуі мүмкін.
28. Өнім беруші қосалқы бөлшектерді шығаруға тоқтатқан жағдайда:
а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;
б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.
29. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жібергені үшін жауап бермейді.
30. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай