«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 шілдедегі № 674 Қаулысы
(2014.04.05. берілген өзгерістермен)
Еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2014.04.05. № 441 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Шығыс Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Қатонқарағай ауданының тұрақты жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінен жалпы алаңы 174,0 га жер учаскесін осы қаулыға қосымшаға сәйкес кәсіпорынға беруді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғат паркі» мемлекеттік мекемесінің аумағындағы алаңы 12,0 га жер учаскесін кәсіпорынға беруді қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге беруді;
2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
7. «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 71-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 2-жолында:
5-баған «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының аумағында орналасқан археологиялық тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау» деген сөздермен толықтырылсын;
7-баған «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» деген сөздермен толықтырылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 шілдедегі
№ 674 қаулысына
қосымша
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы»
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына
берілетін жер учаскесінің экспликациясы
Жер санаты | Алаңы, га |
Қатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері, оның ішінде: егістік | 174,0 |
Барлығы: | 174,0 |