Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 Қаулысы
(2013.17.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 (бұр. ред. қара); 2007.31.01. № 73 (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 634 (бұр.ред.қара); 2007.02.09 №761 (бұр.ред.қара); 2007.15.10. № 948 (бұр.ред.қара; 2007.03.12. № 1163 (бұр.ред.қара); 2008.26.05. № 499 (бұр.ред.қара); 2008.18.09 № 858 (бұр. ред. қара); 2009.26.06. № 982 (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 612 (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 836 қаулысымен
бекітілген
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі
комиссияның құрамы
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төрағаның орынбасары |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице- министрi |
Өтепов Эдуард Карлұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы |
Жұмабаев Ермек Жианшаұлы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (келісім бойынша); |
Қанаев Серікжан Зиаданұлы | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісім бойынша), |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі, |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Имашев Берік Мәжитұлы | Қазақстан Республикасының Әділет министрі, |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі; |
Оспанов Мұрат Мағауияұлы | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 836 қаулысымен
бекітілген
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты
концессиялар жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия концессиялық жобаларды қарау және іріктеу үшін құрылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) концессиялық жобаларды қарау және іріктеу;
2) конкурсқа қатысушылар берген барлық конкурстық өтінімдерді қарау;
3) концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізу;
4) концессионер таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша концессиялық жобаларды бекіту болып табылады.
5. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:
1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Комиссия отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
2) концессиялық жобаларды іріктеудегі проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін қажетіне қарай мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға;
3) мемлекеттік және басқа ұйымдардан Комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады. Комиссияның төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметі үшін дербес жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бірі орындайды.
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2007.15.10. № 948 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) ; ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 499 (бұр.ред.қара); 2008.18.09 № 858 (бұр. ред. қара); 2010.18.06. № 612 (бұр.ред.қара) қаулыларымен өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.17.06. № 607 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Комиссияның құрамына алмастыру құқығынсыз Көлік және коммуникация, Индустрия және жаңа технологиялар, Өңірлік даму, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет министрліктерінің және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бірінші басшылары, Парламент депутаттары және республикалық меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы кіреді.
8. Концессия жөніндегі конкурстың тиісті ұйымдастырушысы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Комиссияның жұмыс органы қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.17.06. № 607 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.
11. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия мyшелерінің жалпы санының кемінде үштен eкici қатысқан кезде Комиссияның отырысы заңды деп саналады.
12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе қабылданған болып саналады және Комиссияның барлық мyшелері міндетті түрде қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Комиссия мүшелері айрықша пікір құқығына ие, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және Комиссия хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
13. Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларға қарау нәтижелері туралы хабарлайды.
14. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.