1. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне, мемлекеттік органның меншiк нысанына қарамастан, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк куәлiгiн көрсетуi бойынша кедергiсіз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi табыс етуден, тексерулер, ревизиялар мен сараптамалар жүргiзуден, мамандар бөлуден бас тарту әрекетiнен көрiнетiн кедергi жасау, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот орындаушысының заңмен белгiленген негiзде және тәртiппен қойған талаптарын орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарга жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуга әкеп соғады.
523-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi жасау
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнiң заңды қызметiн жүзеге асыруға, олардың кәсiптiк мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi құжаттарды, материалдарды немесе мәлiметтердi табыс етпеуден не жазбаша сауал салу бойынша заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етуден бас тарту әрекетiнен көрiнген лауазымды адамның кедергi жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 524-бап өзгертілді; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 524-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
524-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау
Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде не бес тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 525-бап өзгертілді
525-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау
1. Лауазымды адамдар мен жеке тұлғалардың сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның ішінде оларға белгілеген мерзімде борышкердің жұмыс орны мен оның табыстары, атқарушылық құжатқа сәйкес табысынан ұстап қалу ісін жүргізу және өндіріп алынған соманы өндіріп алушыға салып жіберу туралы, борышкердің өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасы мен мүлкіне өндіріп алуды қолдану жөніндегі қаулыларын және заңды талаптарын дәлелсіз себептермен орындамауы -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына көрінеу теріс, оның ішінде борышкердің табыстары мен мүлiктiк жағдайы туралы мәлiметтер беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау, -
айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 526-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
526-бап. Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің ауысқандығы туралы сот орындаушысына хабарламау
Атқарушылық құжат бойынша ұстап қалуды жүргізетін адамның дәлелсіз себептер бойынша бір ай мерзімде төлем төлейтін адамның жұмыстан босатылғаны туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жері туралы, егер бұл оған белгілі болса, сот орындаушысына және алимент алатын адамға хабарламауы, -
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 527-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
527-бап. Атқарушылык құжатты жоғалту
Атқарушылық құжатты жоғалту -
айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе: Осы бап бойынша өндіріп алушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 528-бап өзгертілді; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 528-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
528-бап. Сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергі келтіру
Жеке тұлғалардың және ұйымдардың лауазымды адамдарының сот орындаушысының мүлікке өндіріп алуды қолдану іс-әрекеттерін (тізімдеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткізу) жасауына кедергі келтіруі немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тартуы -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 529 - бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
529-бап. Лауазымды адамды қорлау, зорлық әрекеттер жасау қатерiн төндiру
1. Мемлекеттік органның лауазымды адамын өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қорлау, сондай-ақ оған қатысты зорлық әрекеттер жасау қатерiн төндiру, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 530 - бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
530-бап. Мемлекеттік наградаларды заңсыз тағып жүру
1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн немесе ордендiк ленталар мен планкадағы медальдар ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi, -
ескерту жасауға немесе Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерi, медальдары, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсi, айырым белгiсi немесе орден ленталары мен планкадағы медальдар ленталары тәркiленiп, айлық есептiк көрсеткiштiң бірден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн сатып алу, сату немесе өзге де өтемiн алып беру, -
белгiлер тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттік наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау, -
белгiлер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008 ж. 4 шілдедегі № 53- ІV ҚР Заңымен 531-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 531-бап өзгертілді
531-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киімдi, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешектi заңсыз киіп жүру (пайдалану)
1. Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киімдi, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешектi заңсыз киіп жүру (пайдалану) -
айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек тәркіленіп, жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның осы қызметті жүзеге асырумен байланысты жасауы -
айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек тәркіленіп, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
30-тарау. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 532-бап өзгертілді
532-бап. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 533-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
533-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі
Жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуi, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.21.07. № 308- III ҚР Заңымен 533-1-баппен толықтырылды
533-1-бап. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның заңсыз материалдық сыйақы алуы
1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не қызметтер көрсету ұсынған тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды алуы, егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиіс әрекет белгілері болмаса, —
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен ескертумен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 534-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
534-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
Ескерту. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды.
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 535-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
535-бап. Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен тыс материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы, -
осы ұйымдардың басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 536-бап өзгертілді
536-бап. 2007.21.07. № 308- III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II;2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 537-бап өзгертілді
537-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік
органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының шара қолданбауы
Мемлекеттік органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы не аталған шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұза отырып қолдануы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына тиiстi ақпарат бермеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 537-1-баппен толықтырылды
537-1-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
Мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар
31-тарау. Негізгі ережелер
ҚР 02.07.03 ж. № 451-II; 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 538-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 538-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 64-ІV ҚР Заңымен өзгертілді (бұр.ред.қара)
538-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді:
1) мамандандырылған әкімшілік соттардың судьялары;
1-1) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
2) осы Кодексте уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 539 -бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 539-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
539-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң ара жiгiн ажырату
1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстің 541-бабында көрсетілген істерді қоспағанда, істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бірi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң белгiлi бір түрiне не белгiлi бір әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, өз бетінше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксіз бұзу, жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
4. ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Осы Кодекстiң 27-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан адамның арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi судья қарайды.
540-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
32-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің қайта қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті
28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 02.07.03 ж. № 451-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.07.07. № 181-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.12.01. № 220-III (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 224-III (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр.ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр.ред. қара) 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 308- III (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 64-ІV (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 541-бап өзгертілді; 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 115-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 177-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 178-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 184-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2009.28.08 № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.09.11. № 197-ІV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.04.12 № 215-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2009.08.12 № 225-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 340-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 126-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 166-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 541-бап өзгертілді
541-бап. Соттар
1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80 - 84-1, 85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 85-1 (екiншi бөлiгiнде), 85-2 (екiншi бөлiгiнде), 85-3, 86, 86-1, 87 (2-1 және 2-2-бөліктерінде), 86-2, 87 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95 - 110-1, 122, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 135-1, 136 - 136-3, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-6 (2-1-бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 147-11 (жетiншi және тоғызыншы бөліктерінде), 147-12, 147-13, 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бiрiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 168-1, 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екiншi бөлiгiнде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 176 (бiрiншi және үшінші бөлiктерiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 187, 188 (екiншi бөлiгiнде), 190, 192, 200, 202, 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртінші - алтыншы бөліктерінде), 214, 219-6, 219-8 (екінші және үшінші бөліктерінде), 222 - 226, 228-229, 230-1, 230-2, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 235-1 (төртінші бөлігінде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 306-3 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерiнде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 309-5, 310-1 (1-1 және екінші бөліктерінде), 311-1 (жетiншi бөлiгiнде), 314, 315, 316, 317 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктерінде), 318, 319, 319-1, 320 (бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде), 321, 322 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 324-1, 324-2, 326, 327 (бiрiншi бөлiгiнде), 328, 328-2 (екінші бөлігінде), 330, 330-1 (екiншi бөлiгiнде), 332 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 335, 336 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 341-1, 342 - 344, 346 - 357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 357-7 (екiншi бөлiгiнде), 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372 - 376, 380 (екiншi бөлiгiнде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 388-1, 389-1, 390 (екiншi бөлiгiнде), 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 394-1, 396 (төртiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлiгiнде), 463-3 (бесiншi бөлiгiнде), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 465 (екiншi бөлiгiнде), 466 (екiншi бөлiгiнде), 467, 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екiншi бөлiктерiнде), 473 (үшiншi бөлiгiнде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513 - 518, 520 - 524, 528 - 537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.