3) 22-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiне алдын ала және кезеңiмен, соның iшiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру жүргiзiлуiн, еңбек және тынығу режимi сақталуын» деген сөздер «автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiн рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткізуді, олардың еңбек және тынығу режимiн сақтауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автокөлiк құралының техникалық байқаудан өткенi» деген сөздер «рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткені және автокөлiк құралын техникалық қарап тексеруден өткiзгені» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 25-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Екi және одан көп автобус колонналарына жол жүрісі қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның арнаулы автомобильдерi iлесiп жүруге тиiс.»;
5) 26-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «және такси жүргiзушiлерінің рейс алдында (ауысым алдында)» деген сөздер «, такси жүргiзушiлерінің рейс алдында және рейстен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 29-баптың 12) тармақшасындағы «рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруды ұйымдастыру және жүргiзу» деген сөздер «рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 37-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары міндетті түрде шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықталуға жатады.
1-2. 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен қосымша жабдықталады.».
12. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен байланыс операторлары байланыс қызметтерін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес шұғыл шақыру жүйесінің операторымен, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа да қызметтермен тегін жалғанымдар ұсынуды қамтамасыз етеді.»;
2) мынадай мазмұндағы 29-2-баппен толықтырылсын:
«29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру
Ұялы байланыс операторы шұғыл шақыру жүйесінің операторына автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды беру және шұғыл шақыру жүйесінің операторымен екіжақты дауыс байланысын орнату үшін өзінің жылжымалы желісінің байланыс арналарын пайдалануға өтеусіз негізде беруге міндетті.».
13. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) 5-баптың бірінші бөлігінде:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
7-2) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу;»;
2) 8-баптың 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«16) қылмыстың жасалуына күдiктi адамдарды ұстау жөнiндегi шараларды жүргізу кезiнде, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн мән-жайлар кезiнде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келiсу бойынша көшелердiң, автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiнде және басқа да аумақтарда көлiктің және жаяу жүргiншiлердің жол жүрісін шектеуге немесе оған тыйым салуға;
17) әскери көлiк құралдарының колонналары өткен уақытта жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен үйлесiмдi түрде автомобиль жолдары мен көшелерде жол жүрісін реттеуге, осы колонналарға және арнайы мақсаттағы көлiк құралдарына iлесiп жүрудi ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге;».
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) - 8), 10) - 13) және 15) - 20) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы сәуірдің 17-і.
№ 195-V