жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Нысанды киім киген ішкі істер (полиция), көліктік бақылау, әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы талабы ысқырып сигнал берумен бір мезгiлде қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беру арқылы не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигналдар жүргiзушiге түсiнiктi болуға және оларды орындау авариялық жағдай туғызбайтындай болуы үшін дер кезiнде берiлуге тиiс.»;
13) 473-1-баптағы «техникалық байқаудан», «техникалық байқау», «Техникалық байқау» деген сөздер тиісінше «техникалық қарап тексеруден», «техникалық қарап тексеру», «Техникалық қарап тексеру» деген сөздермен ауыстырылып, тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«473-1-бап. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын бұзу
1. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын мынадай түрде бұзу:
техникалық қарап тексеру операторының қызметіне тексеру жүргізу кезінде белгіленген, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйіне сәйкес келмейтін параметрлерді көрсете отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын беру;
міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден негізсіз бас тарту;
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді табыс етпеу;
техникалық қарап тексеру орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу;
қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы халыққа ақпарат бермеу;
міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кестесін бұзу;
техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеруден өткізбей, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын беруі;
міндетті техникалық қарап тексеруді бақылау-диагностикалық жабдықты пайдаланбай не ақаулы және (немесе) өлшеп тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалана отырып өткізу;
техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеру өткізілген күннен бастап алты ай ішінде күнделікті жазба бейне файлдарының мұрағаттық сақталуын қамтамасыз етпеуі;
міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу рәсімін бейне тіркеудің не техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында көлік құралын фото тіркеудің болмауы;
техникалық қарап тексерудің бекітілген нысанға сәйкес келмейтін диагностикалық картасын жасау және беру;
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізбеу, сол сияқты анық емес және (немесе) толық емес енгізу;
техникалық қарап тексеру орталығының өндірістік үй-жайы мен аумағының мемлекеттік стандарттарда белгіленген талаптарға сай келмеуі -
дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
14) мынадай мазмұндағы 474-2-баппен толықтырылсын:
«474-2-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұза отырып, жаңа көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру
1. Жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру үшін негіз болған көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұза отырып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру -
бір жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан нақ сол әрекеттер -
екі жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, денеге жеңіл және орташа ауырлықта зақым келтіруге әкеп соққан әрекеттер -
үш жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
1-тармақтың 15) - 20) тармақшалары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
15) 541-баптың бірінші бөлігінде:
«463-3 (бесінші бөлігінде)» деген сөздер «463-3 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «464-2 (екінші бөлігінде), 464-3 (екінші - төртінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«469» деген цифрлар «469 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «471 (бірінші, екінші, төртінші - он бірінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«474-1,» деген цифрлардан кейін «474-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
16) 543-бапта:
бірінші бөлікте:
«463-3 (бірінші - төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «463-3 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«464-1 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «464-2 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 464-3 (бірінші, бесінші - жетінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«468 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «469 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«471 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «471 (үшінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«474 - 476» деген цифрлар «474, 475, 476» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
6) тармақшада:
«463-1 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «463-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (төртінші бөлігінде)» деген сөздер «463-3 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 463-4 (төртінші - алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«464-1 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «464-2 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 464-3 (бірінші, бесінші - жетінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«471 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «471 (үшінші және он үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшада:
«463-3 (бірінші - үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «463-3 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«464 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «465 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«467-1 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «469 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«470 (бірінші, үшінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «471 (он екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 556-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары осы Кодекстiң:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдары жүргізушілеріне (әскери қызметшiлерге және жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерге) қатысты 461 (бірiншi - үшінші, төртiншi - сегізінші бөлiктерiнде), 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 466 (бірiншi бөлiгiнде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (үшінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөлiктерiнде), 474, 475 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 476, 477 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 483;
2) 503, 505 - 512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) осы Кодекстiң 503, 505 - 512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары;
2) осы Кодекстiң 476-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын басқаратын адамдарға) ескерту түрінде - белгіленген тәртіппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған әскери полицияның лауазымды адамдары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері - әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, сол үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк жаза ретiнде айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция кiнәлiлерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртiптiк жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері - әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, сол үшін көлiк құралын басқару құқығынан айыру не әкімшілік қамақ түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн бұзушылықтар туралы хаттамаларды әскери полиция сотқа жiберу үшiн жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiлеген тәртiппен бередi.
Әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерден басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері жасаған, сол үшін айыппұл, көлiк құралын басқару құқығынан айыру, әкімшілік қамақ түрiнде әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн бұзушылықтар туралы хаттамаларды әскери полиция қарау не сотқа жiберу үшiн жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiлеген тәртiппен бередi.»;
18) 620-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдары жүргізушілері немесе оларды басқаратын басқа да адамдар жол жүрісі қағидаларын бұзған жағдайда - әскери полицияның лауазымды адамдары;»;
19) 630-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында:
«463-4 (үшінші, төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «463-4 (үшінші - алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«471 (екінші бөлігінде)» деген сөздер «471 (бірінші, үшінші - он бірінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзацта:
«463-3 (бесінші бөлігі)» деген сөздер «463-3 (үшінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«464-1 (бірінші және екінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «464-2 (екінші бөлігі), 464-3 (екінші - төртінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
«469» деген цифрлар «469 (екінші және үшінші бөліктері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«471 (1-2 және екінші бөліктері)» деген сөздер «471 (бірінші, екінші, төртінші - он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«474-1,» деген цифрлардан кейін «474-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының: әскери полицияның (әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылықтар туралы (461 (3-1-бөлiгi), 463-3 (үшінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 468-1, 468-2, 469 (екінші және үшінші бөліктері), 471 (бірінші, төртінші - он бірінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474-1, 475 (үшінші бөлігі), 484 (бірінші бөлігі)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын басқаратын адамдар (әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерден басқа) жасаған барлық жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар туралы);»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«әскери полиция органдарының (388, 389-1, 512-1 - 512-5-баптар);»;
жиырма тоғызыншы абзацтағы «көлiк бақылау», «471 (1-1-бөлігі)» деген сөздер тиісінше «көліктік бақылау», «471 (екінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
115-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автомобиль жолдарына, көлік құралдарына арналған тұрақтар мен орынтұрақтарға, олардың конструкциялық элементтерi мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар мен ғимараттарға;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекара, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының бойынан бөлінген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.».
3. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
324-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде беруге міндетті.».
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 54-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындауға ақы төлеуді қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету;»;
2) 55-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындауды қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету;».
5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 367-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
1) жеңiл автомобильдерге:
В санатындағы (ВЕ, В1 қоса алғандағы) автомобильдер;
жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (автомобиль-пикаптар);
рұқсат етiлген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орындарының саны бойынша В санатына (ВЕ қоса алғанда) қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретiн автомобильдер, оның iшiнде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, жүк автомобильдерiне С санатындағы (СЕ, С1Е, С1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады;
3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгiленбесе, арнайы автомобильдерге белгiлi бiр технологиялық процестердi немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдығы бар автомобильдер жатады;
4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, автобустарға D санатындағы (DЕ, D1Е, D1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады.»;
2) 540-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мыналарды:
жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн - 125 пайыз;
көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн - 125 пайыз;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн - 280 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн - 13 700 пайыз;
автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн - 22 800 пайыз;
мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн - 140 пайыз;
көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн - 35 пайыз;
техникалық қарап тексерудің халықаралық сертификатын бергенi үшiн - 50 пайыз;».
6. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз ету
Қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін органның шешiмi бойынша сол орган айқындайтын мерзiмге қорғалатын адамдардың жеке басы, олардың тұрғылықты жерi туралы деректердiң және мекенжай бюроларынан, төлқұжат қызметтерiнен, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнен, автоматты телефон байланысының анықтама қызметтерiнен және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, басқа да ақпараттық-анықтамалық қорлардан олар жөнiнде өзге де мәлiметтердiң, мұндай мәлiметтер басқа қылмыстық iс жүргiзуге байланысты белгiленген тәртiппен анықталатын жағдайларды қоспағанда, берiлуiне тыйым салынуы мүмкiн.».
7. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) аумақтық көліктік жоспарлау - аумақтың көліктік жүйесін дамытуды жоспарлау, ол көліктің барлық түрлерінің инфрақұрылымын орналастыруды және көліктің маршруттық желісін трассалауды жоспарлауды да қамтиды;»;
19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1) көше-жол желісі - қызыл сызықтармен шектелген және көлік құралдарының, велосипедтер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне, инженерлік коммуникациялар салуды және төсеуді ретке келтіруге, сондай-ақ елді мекендер аумақтары қатынас жолдарының құрамдас бөлігі ретінде олардың көлік, велосипед және жаяу жүргіншілер байланыстарын қамтамасыз етуге арналған, елді мекендер аумақтарының бір бөлігі болып табылатын көлік инфрақұрылымының объектісі. Көшелер, даңғылдар, тұйық көшелер, өтпелер, жағалаулар, алаңдар, тротуарлар, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары көше-жол желісінің негізгі элементтері болып табылады;»;