2005.15.12. № 101-III (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Жасына байланысты әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi
1. Жасына байланысты айлық жәрдемақы 0,50 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде тағайындалады.
2. 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара)
5 тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
19-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер
1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылып келген заңдар бойынша әлеуметтiк зейнетақылар, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша зейнетақылар тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебiнен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн iс жүзiнде алып келген зейнетақыларының мөлшерiнен кем емес мөлшерде мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төленедi.
2. Аталған жәрдемақыларды төлеу осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
21-бап. Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
22-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртібі
Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының