1) мазмұнында:
155 және 155-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«155-бап. Оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттер
155-1-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы»;
мынадай мазмұндағы 155-3, 155-4 және 155-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«155-3-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы
155-4-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкімшінің бұзуы
155-5-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы»;
571-2-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 155 және 155-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«155-бап. Оңалту және банкроттық кезiндегi заңсыз әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi басқа адамның иелігіне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды ұсынбау, жасыру, жою, бұрмалау, оларды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдамау, егер бұл әрекеттер (әрекетсіздік) оңалту немесе банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке немесе лауазымды тұлғаларға - сексен, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкердің лауазымды адамының, борышкер мүлкінің меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң, сондай-ақ банкроттық рәсімі немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаның басқа кредиторларға залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, сол сияқты дәрменсiз борышкердiң басқа кредиторларға залал келтiре отырып, өзiне артықшылық жасағанын білетін кредитордың мұндай қанағаттандыруды қабылдауы, егер мұндай әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
жеке, лауазымды тұлғаларға - бір жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, коммерциялық емес ұйымдарға - алты жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
155-1-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы
1. Сотқа борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытынды беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізу және (немесе) түгендеу жөніндегі есеп беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банкроттық туралы іс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін оған жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сот талқылауы кезеңінде борышкердің мүлкі мен активтерін меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шығарып әкетуін болғызбау мақсатында борышкердің активтерін бақылауды қамтамасыз етпеу -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысандағы банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген талаптарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кредиторлар жиналысының өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторларға хабарлау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама орналастыру тәртібін бұзу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Борышкердің өзінің шеттетілген лауазымды тұлғаларынан құрылтайшылық, қаржылық, құқық белгілейтін және өзге де құжаттары мен мөрін қабылдау, сол сияқты шеттетілген лауазымды адамдарының аталған құжаттар мен мөрлерді уақытша басқарушыға беруі бөлігінде сот шешімін орындау бойынша атқару парағын беру туралы өтінішпен сотқа жүгіну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған не борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда өкілеттіктерді уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру кезінде, уақытша басқарушыны ауыстыру, сондай-ақ банкроттық рәсімін қозғамай-ақ таратуды жүргізуді оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға жүктеу кезінде борышкердің құрылтайшылық құжаттарын, есептік құжаттамасын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Кредитордың және борышкер мүлкінің меншік иесінің жазбаша сұрау салуы негізінде ақпарат ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу туралы борышкердің өтінішін қарау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Банкроттың тез бұзылатын мүлкін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз сатуды жүзеге асыру -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Осы баптың бірінші - он төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) мынадай мазмұндағы 155-3, 155-4 және 155-5-баптармен толықтырылсын:
«155-3-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы
1. Түгендеу жүргізу және (немесе) кредиторлар жиналысына түгендеу жөніндегі есеп ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банкроттың мүлкін күзетуді және бақылауды қамтамасыз ету міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар адамдардан берешекті өндіріп алу туралы талаптар қою міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысының өткізілу күні, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тәртібін бұзу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Сату жоспарын жасау тәртібін бұзу не банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып борышкердің мүлкін сату -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Кредиторлар жиналысы есеп айырысуға көшу туралы шешім қабылдағаннан кейін кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып жүргізу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Борышкердің немесе ол уәкілеттік берген адамның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмілелерін анықтау міндеттерін орындамау не тиісінше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы талаптарды қоймау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшалай қаражатты асыра жұмсау не мақсатқа сай пайдаланбау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Банкроттықты басқарушыны шеттету (босату) немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күшін жою кезінде борышкердің құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Сотқа қорытынды есепті ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін қорытынды есепті ұсыну -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылған ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімдердің жүзеге асырылу барысы туралы хабарламаны оған хабарламау не уақтылы хабарламау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Кредиторлар комитетінің шешімі негізінде кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы уақтылы мәлімдемеу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот, оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін талап ету міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
18. Борышкердің лауазымды тұлғаларының кінәлары анықталған жағдайда залалды (субсидиялық жауаптылықты) өндіріп алу (өтету) туралы сотқа талаптар қоймау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
19. Егер банкроттықты басқарушымен келісімде өзгеше көзделмесе, банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісінің көшірмесін оның шағымдану мәселесін қарау үшін кредиторлар комитетіне ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
20. Уақытша басқарушыдан банкроттың мүлкіне құрылтай, қаржылық және құқық белгілейтін құжаттарды, банкроттың мөрі мен мүлкін қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
21. Банкроттың банктік шотының уақтылы жабылмауы, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою куәлігінің бланктерін (олар болған кезде) тапсырмау, банкроттың мөрін жою -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
22. Осы баптың бірінші-жиырма бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
155-4-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкімшінің бұзуы
1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру үшін оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды оған жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін бұзу -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Оңалту жоспарының тиімділігі туралы қорытындыны сотқа жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу туралы борышкердің өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерін жеткізу міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кредиторлар жиналысын өткізу орны мен күні туралы кредиторларға хабарлау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Кредиторлармен оңалту жоспары келісілмеген және (немесе) оңалту жоспары «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде сотқа ұсынылмаған жағдайда оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа өтініш беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың бірінші-сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
155-5-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы
1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тәртібін бұзу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кредиторлар комитетімен оңалту рәсімінде жасасқан келісімнің шарттарын орындамау, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Борышкердің мүлкін басқаруға және оның күзетілуін қамтамасыз етуге қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Оңалту жоспарын орындамау не тиісінше орындамау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Оңалту рәсімінде кредиторлар жиналысының өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Оңалтуды басқарушы шеттетілген (босатылған) немесе ауыстырылған кезде тағайындалған оңалтуды басқарушыға борышкердің құрылтайшы, қаржылық, құқық белгілейтін және өзге де құжаттары мен мөрін беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Оңалту рәсімінде кредиторлар жиналысының келісуінсіз оңалту жоспарында көзделмеген кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді жасау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сотқа қорытынды есепті ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін қорытынды есепті ұсыну -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Борышкерді төлем қабілетсіздігіне әдейі жеткізу белгілерінің бар екенін (жоқ екенін) анықтау және белгілер болған кезде құқық қорғау органдарына процестік шешімдер қабылдау үшін өтініш жолдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде оған борышкер қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішхатты сотқа жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сотқа уақтылы жүгінбеу -
отыз айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына қаржылық жағдай туралы, кредиторлар комитетіне кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмілелер туралы ақпаратты жеткізу міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді анықтау міндетін орындамау не тиісінше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талаптарды бермеу -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Оңалту жоспарында көзделмеген әрекеттерді олар жасалғанға дейін кредиторлар жиналысымен келіспеу -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
18. Егер оңалту рәсімін қолданудан кейін пайда болған, борышкердің кредиторлық берешегінің жалпы сомасы оңалту рәсімін енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асатын болса, кредиторлық берешекті ұлғайтуға әкеп соғатын мәмілелерді кредиторлар жиналысының мақұлдауынсыз жасау -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
19. Осы баптың бірінші - он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«156-бап. Әдейi банкроттық
Әдейi банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң жеке мүдделерi немесе өзге де адамдардың мүдделерi үшін жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бір жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 157-бапта:
бірінші абзацтағы «коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің» деген сөздер «заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жетпіс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «155-1 (төртінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
7) 570-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 88 (үшiншi, төртiншi және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, 2-1, үшінші бөліктерінде), 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 161-2, 163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде), 166, 205 - 206-1, 207, 208, 210 - 212, 213 (бірінші — үшінші бөліктерінде), 215 — 218, 218-1 (бiрiншi - алтыншы, сегізінші бөлiктерiнде), 219, 357-2 (бірінші бөлігінде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
8) 571-2-бап алып тасталсын;
9) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«салық қызметi органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерi), 163-4 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртiншi - алтыншы бөлiктерi), 214, 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 533 - 535-баптар);»;
елу жетінші абзац алып тасталсын.
6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 53-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«оңалту рәсiмiн, банкроттық рәсімін жүргізуді және банкроттық рәсімін қозғамастан борышкердi таратуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша сот шешiмiмен тарату рәсiмдерiн жүргiзудi ұйымдастыру;»;
7) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: