3-бап. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 90-бабының 2-тармағындағы «1 және 4», «1, 1-3 және 4» деген сөздер «1, 1-1, 1-3, 3 және 4» деген сөздермен ауыстырылсын.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабы 1-2-тармағы екінші абзацының қолданысы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын және тоқтатыла тұру кезеңінде бұл абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Серпінді резервтің мөлшері уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айқындалады.».
5-бап.
Осы Заң, мыналарды:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 12) тармақшасын;
2) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасының он жетінші, он сегізінші абзацтарын, 9) тармақшаның төртінші, бесінші абзацтарын, 10) тармақшасын;
3) 2012 жылғы 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 35-тармағын;
4) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 4) тармақшасын, 9) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 14), 20) тармақшаларын;
5) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 7-тармағының 3) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші, бесінші - сегізінші, он үшінші абзацтарын, 11), 13), 15) тармақшаларын, 16) тармақшасының екінші абзацын, 21), 25) тармақшаларын және 37-тармағын;
6) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 17) тармақшасын;
7) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 16) тармақшасының үшінші абзацын;
8) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын осы Заңның 1-бабының 33-тармағын;
9) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 7) тармақшасының төртінші, тоғызыншы абзацтарын;
10) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 7) тармақшасының он төртінші - он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы наурыздың 7-і.
№ 177-V