4. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық тұрғыдан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi.
4-бап. Банкроттықты тану
1. Банкроттық борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде ерікті түрде белгiленедi.
2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкілеттік берiлген өзге де тұлғалардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүрлі түрде белгiленедi.
3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгінуге мiндеттi.
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Егер өзіне қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы осы Заңда белгiленген қағидалар бойынша банкроттық рәсімін жүргізу үшін мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Борышкердiң дәрменсiздiгi оны сот тәртiбiмен банкрот деп жариялау үшін негiз болып табылады.
Борышкердің дәрменсіздігін сот осы Заңның 49-бабына сәйкес жасалған, қаржылық орнықтылық туралы қорытындыны ескере отырып белгілейді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы сотқа жүгіну негіздері
1. Борышкердің орнықты төлем қабілетсіздігі оның өзін банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
Егер борышкердің міндеттемелері сотқа өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басына, сондай-ақ егер борышкер өтінішті күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында берген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басына оның мүлкінің құнынан асып кетсе, төлем қабілетсіздігі орнықты болып табылады.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, заңды күшіне енген сот актісі немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжат негізінде борышкердің кредитор алдындағы орындалмаған ақшалай міндеттемесі не борышкердің борышын мойындауы кредитордың борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
Борышкердің салықтық берешек сомасын, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасы қабылданғаннан кейін өтемеуі кредитордың салықтық және кедендік төлемдер бойынша борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Оңалту рәсімін және берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сотқа жүгіну негіздері
1. Борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі борышкердің немесе кредитордың оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
Егер өтініш берілген күнге мынадай бір немесе бірнеше мән-жай болса:
1) өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар, алименттерді өндіріп алу бойынша кредиторлар алдындағы міндеттемелер, еңбекке ақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті төлеу жөніндегі, сондай-ақ қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар бойынша міндеттемелер оларды орындау мерзімі басталған күннен бастап үш ай ішінде орындалмаса;
2) өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелер оларды орындау мерзімі басталған күннен бастап төрт ай ішінде орындалмаса, төлем қабілетсіздігі уақытша болып табылады.
2. Борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі оның берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Әдейі банкроттық үшін жауаптылық
1. Әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп танылған құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам кредиторлар алдында осы Заңның 96-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде өздеріне тиесілі мүлікпен субсидиарлық жауаптылықта болады.
Әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп екі және одан көп адам танылған жағдайда, мұндай адамдар ортақ жауаптылықта болады.
2. Банкроттықты басқарушы құрылтайшыны (қатысушыны) және (немесе) лауазымды адамды қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұндай тұлғаға қатысты оны субсидиарлық жауаптылыққа тарту және осы Заңның 96-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде сомаларды өндіріп алу туралы талап қойып, сотқа жүгінуге міндетті.
Егер құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп танылған жағдайда, кредитор осы бапта көзделген тәртіппен талап қойып, сотқа жүгінуге құқылы.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану және мүлiктi қайтару
1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мәмілелер, егер оларды борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңда көзделген негiздер болған кезде оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде жасасқан болса, жарамсыз деп танылады.
Егер борышкерге банкроттық рәсімі оңалту рәсімін тоқтату нәтижесінде қолданылған болса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделгендерден басқа, мыналар:
1) жасалған мәміле бағасының және (немесе) өзге де жағдайлардың, салыстырмалы мән-жайларда ұқсас мәмілелер жасалатын кездегі бағадан және (немесе) өзге де жағдайлардан борышкер үшін айтарлықтай нашар жағына қарай өзгеше болуы;
2) мәміленің борышкердің Қазақстан Республикасының заңдарымен, құрылтай құжаттарымен шектелген қызметіне сәйкес келмеуі не жарғыда айқындалған құзырет бұзылып жасалуы;
3) мүліктің өтеусіз (оның ішінде уақытша пайдалануға) не салыстырмалы экономикалық жағдайлар кезінде ұқсас немесе біртекті тауар бағасынан борышкер үшін айтарлықтай нашар жағына қарай өзгеше болатын бағамен не беру үшін негіздер болмай, кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып берілуі;
4) егер оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін алты ай ішінде жасалған мәміле белгілі бір кредиторлардың талаптарын басқаларының алдында артықшылықпен қанағаттандыруға алып келсе;
5) борышкердің мүлкін сыйға тарту шарттары, егер мұндай мәміле оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін бір жыл бұрын жасалған мәмілелерден айтарлықтай өзгеше болса;
6) осындай мәміле бойынша тиісті құқықтық салдарлар туғызу ниетінсіз, кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жасалған мәміле мәмілелердің жарамсыздығына негіз болып табылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелер анықталған кезде әкімші, оның ішінде мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша, анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұндай мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.
4. Мәміле жарамсыз деп танылған кезде, егер мәміле жарамсыздығының өзге де салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделмесе, жауапкер мәміле бойынша алынғандардың барлығын қайтаруға, заттай қайтару мүмкін болмаған кезде - қайтарылуға жататын мүлік құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Бұл ретте жауапкер борышкерге талап қою құқығына ие болады, ол осы Заңның 100-бабының 5-тармағына сәйкес қанағаттандырылуға жатады.
5. Осы бапта көзделген жағдайларда мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде немесе мүлік оның жоғалуына, бүлінуіне не оны кейіннен үшінші тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты өтеусіз берілген кезде, талап етілетін мүліктің бастапқы сатып алушылары жоғалған, бүлінген не үшінші тұлғалар адал жолмен сатып алған мүліктің құны шегінде осыған байланысты туындаған залалдың орнын толтыру бойынша борышкер алдында жауаптылықта болады.
6. Бастапқы сатып алушының мүлік құнының орнын толтыруы мүмкін болмаған кезде, борышкердің мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған тұлға сот тәртібімен субсидиарлық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
7. Осы баптың талаптары:
1) жобалық қаржыландыру, секьюритилендiру;
2) қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған;
3) шарттары борышкер оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде өзінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы процесінде жасасқан ұқсас мәмілелердің шарттарынан айтарлықтай ерекшеленбейтін кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінде борышкер жасасқан мәмілелерге қолданылмайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8. Осы баптың 2-тармағы 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының ережелері мынадай:
1) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін немесе оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейінгі бір ай ішінде жасалған;
2) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензия кері қайтарып алынған күнге дейінгі бір ай ішінде жасалған;
3) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) борышкердің үлестес тұлғасымен немесе оның мүддесі үшін оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейінгі алты ай ішінде жасалған;
4) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге немесе борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензия кері қайтарып алынған күнге дейінгі алты ай ішінде жасалған;
5) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша мынадай жағдайлардың бірінде:
оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін немесе оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейінгі бір ай ішінде;
борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензияны кері қайтарып алған күнге дейінгі бір ай ішінде;
борышкердің үлестес тұлғасымен оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге дейінгі алты ай ішінде;
борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалған күнге немесе борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензия кері қайтарып алынған күнге дейінгі алты ай ішінде тараптардың ауысуы (әмбебап құқық мирасқорлығы нәтижесінде тараптардың ауысуын қоспағанда) жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәмілеге (мәмілелерге) қатысты қолданылмайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
9. Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміленің жарамсыздығы, егер бас қаржылық келісімге және қалған мәмілелерге қатысты оларды жарамсыз деп тануға негіздер болмаса, бас қаржылық келісімнің өзінің және бас қаржылық келісім шеңберіндегі қалған мәмілелердің жарамсыздығына алып келмейді.
Нетто-міндеттеме (нетто-талап) айқындалғаннан кейін бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, нетто-міндеттеме (нетто-талап) нетто-міндеттемеден (нетто-талаптан) жарамсыз деп танылған мәміленің немесе мәмілелердің нәтижелерін алып тастау арқылы нетто-міндеттемені (нетто-талапты) айқындаған мәміле тарабының қайта есептеуіне жатады.
8-бап. Шарттардың құқықтық режимі
1. Банкроттық туралы iс қозғау банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін борышкер контрагентінің бастамасы бойынша борышкер жасасқан шартты орындаудан біржақты бас тарту үшін негіз болып табылмайды және осы шарттың қолданысын тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Тараптардың банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін жасасқан, шартты орындаудан бас тарту және банкроттық туралы іс қозғау себебі бойынша осы шарттың қолданысын тоқтату туралы келісімі жарамсыз болады.
2. Оңалтуды басқарушы мынадай мән-жайлардың бiреуi болған кезде:
1) шарт үлестес тұлғамен жасалса;
2) бұрын жасалған ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыртпалық салатын жағдайлар болса;
3) шарт ұзақ (бір жылдан астам) мерзiмді болса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi перспективаға есептелсе;
4) борышкердiң шартты орындауы қалған кредиторлар үшiн жағымсыз салдарларға әкеп соқтырады деп пайымдауға өзге де негiздер болса, оңалту туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасасқан, екi тарап толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан бас тартуға құқылы.
3. Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитетінің шешімі негізінде, банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін жасалған шартты өзгертуге, бұзуға, орындаудан бас тартуға немесе оның жарамдылығына дауласуға, борышкер берген мүлікті қайтаруды талап етуге міндетті.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап және оңалту немесе банкроттық туралы істі тоқтату туралы сот ұйғарымы не борышкерге оңалту рәсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін борышкер мен оның кредиторлары арасындағы өзара талаптарды есепке жатқызуға жол берілмейді.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы, егер талаптарды есепке алу кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін бұзбаса, басқа тұлғалар тартылмай, тікелей, өзара негізде болып табылса, талаптарды есепке алу туралы кредиторға мәлімдеуге міндетті. Ақшаны төлеу туралы талаптар бойынша ғана есепке алуға жол беріледі.
5. Электр және жылу энергиясын, су шаруашылығы және кәріз жүйелері, байланыс жөніндегі, сондай-ақ борышкердің мүлкін қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді беруші борышкерді банкрот деп тану себебі бойынша борышкермен жасалған шарттан бас тартуға құқылы емес. Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін осы шарттарды орындауға байланысты шығыстар әкімшілік шығыстарға жатады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6. Осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарының, 28-2-бабының, 50-бабы 1-тармағының, 51-бабының, 68-бабы 1-тармағының, осы Заңның 76-бабы 4) тармақшасының, 87-бабының, 94-бабы 6) тармақшасының, 101-бабы 3-тармағының, 117-бабының және 122-бабы 1-тармағының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жазуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.
Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жазуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жазу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.
9-бап. Үлестес тұлғалар
Осы Заңда мыналар үлестес тұлғалар деп танылады:
1) борышкердің немесе кредитордың акционері, құрылтайшысы (қатысушысы);
2) борышкер-дара кәсіпкердің, сондай-ақ осы баптың 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
3) шартқа сәйкес борышкер қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы, оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушымен жасалған шартпен байланысты тұлға;
4) оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушының немесе осы баптың 1), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды адамдары;
5) оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушы оған қатысты акционер, қатысушы болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;
6) оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушымен бірге үшінші тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушының үлестес тұлғасы болып табылатын немесе сот шешімімен үлестес деп танылған өзге де тұлға.
10-бап. Құпиялылық
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган және әкімші, борышкерді банкрот деп тануға дейінгі кезеңді қоса алғанда, дара кәсіпкердің, банкрот мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшыларының (қатысушыларының) келісімін алмастан, борышкердің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкімшінің не уәкілетті органның қаржылық-шаруашылық қызмет туралы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оған қызметі немесе жұмысы бойынша белгілі болған лауазымды адамының оларды жария етуі, сол сияқты осындай мәліметтерді қамтитын құжаттарды жоғалту Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. Осы баптың күші әкімші тартқан тұлғаларға да қолданылады.
3. Уәкілетті органның немесе әкімшінің өздеріне ұсынылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға беруі құпия ақпаратты жария ету болып табылмайды.
4. Осы Заңда көзделген рәсімдерді жүргізу кезінде мынадай ақпарат құпия болып табылмайды:
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) әкімші қызметін жүзеге асыратын тұлға туралы;
2) кредиторлар комитетінің құрамы және ол қабылдаған шешімдер туралы;
3) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы туралы және оларды кезек бойынша қанағаттандыру мөлшері туралы;
4) рәсімдерді жүргізу мерзімдері туралы;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигін орындау туралы;
6) әкімшінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы және оларды қарау нәтижелері туралы;
7) әкімшіні анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;
8) оңалту рәсімін тоқтатудың негізі туралы;
9) әкімші кредиторлар комитетіне шешім қабылдау үшін ұсынатын;
10) осы Заңда белгіленген құқықтарды іске асыру шеңберінде осыған уәкілеттік берілген адамдар бастамашылық жасаған сот талқылаулары туралы ақпарат.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Борышкердің құқықтық жағдайы
1. Борышкер:
1) осы Заңда көзделген жағдайларда оны банкрот деп тану, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану, банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;
2) осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда банкроттық рәсімі барысында бітімгершілік келісім жасасуға;
3) сотта кредиторлық берешек сомасын даулауға, сондай-ақ осы мақсаттар үшін аудиторлық ұйымдарды тартуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Борышкер:
1) оның мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), заңды тұлғаның құрылтай құжаттармен осыған уәкілеттік берілген органы оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сотқа және әкімшіге - сот банкроттық немесе оңалту туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап, ал осы Заңда көзделген жағдайларда әкімші тағайындалған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингтегі мүлік туралы, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмірлері және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тұрған жері туралы, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді үш жұмыс күні ішінде беруге;
3) хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғамен уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімді сотқа оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш бергенге дейін жасасуға;
4) хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғамен уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімді сотқа банкрот деп тану туралы өтініш бергенге дейін жасасуға;
5) уәкілетті органға сот борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы шешім шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Заңның 115-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуға;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) оңалтуды басқарушыға - тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде - есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, екі ай ішінде материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
7) уақытша басқарушыға борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде - құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он жұмыс күні ішінде - есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, жиырма жұмыс күні ішінде банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
8) қарау арқылы зерделеу үшін есепке алу құжаттамасына уақытша басқарушының қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
9) қарау арқылы зерделеу үшін есепке алу құжаттамасына уақытша әкімшінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
10) бухгалтерлік құжаттаманың, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйелерінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, оңалту рәсімін жүргізу кезінде кез келген кредиторға оның жазбаша нысандағы және (немесе) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы негізінде, сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өз қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат беруге;
12) сұрау салу негізінде сотқа, оңалтуды, уақытша немесе банкроттықты басқарушыға және кредиторлар комитетіне борышкердің қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметі туралы ақпарат, түсінік беруге;
13) әр айдың 15-күнінен кешіктірмей, кредиторлар комитетінің назарына оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде алдыңғы айдағы қаржылық жағдай, кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты жеткізуге;