қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттерді:
а) бірнеше рет;
б) ұйымдасқан топ жасаса, -
сотталған адамның мүлкі тәркіленіп не онсыз, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 184-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 90-III Заңымен (бұр. ред. қара) 184-бап жаңа редакцияда; 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 184-бап өзгертілді; 2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен 184-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
184-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу
1. Авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет автордың немесе өзге де құқық иеленушiнің құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян, оның ішінде елеулі залалға әкеп соқтырған айтарлықтай зиян келтiрсе, -
жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, -
бес жүзден жеті жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
3. Электрондық цифрлық форматтағы туындылардың және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын алмастыруға, сақтауға, тасымалдауға одан әрі қол жеткізу үшін интернет-ресурстарды ұйымдастыру, құру арқылы елеулі залал келтірген авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, -
алты жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жүз сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
4. Осы баптың екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген:
а) бiрнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;
г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 184-1-баппен толықтырылды; 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 184-1-бап өзгертілді
184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу
1. Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнін, олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін автордың немесе арыз берушінің келісімінсіз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушіге елеулі залал келтірсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе, -
жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті немесе интегралдық микросхема топологиясын елеулі мөлшерде жасалған заңсыз пайдалану, -
бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
в) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;
г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер елеулі залал келтірген немесе елеулі мөлшерде жасалған деп танылады.
2. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер ірі залал келтірген немесе ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 185-бап өзгертілді
185-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену
1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) -
бес жүз айлық есептік көрсеткіштен екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданумен не дәл сондай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған не iрi зиян келтiрген әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданумен не сондай күш қолданбақшы болып қорқытумен жасалған әрекеттер -
алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 186-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 186-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тiнтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесiне заңсыз кiрiп кету, сол сияқты бөтен бiреудiң жер учаскесiн заңсыз басып алу -
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi адамның өз қызмет бабын пайдаланып жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштің бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 187-бап өзгертілді
187-бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру
1. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру, едәуiр зиян келтiрсе -
айлық есептiк көрсеткiштің елуден бір жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi әдiстермен жасалса;
б) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса;
в) жәбiрленушiнiң өзiнiң қызметтiк немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзiнiң жақын туыстары жөнiнде нақ сондай себептермен жасалса;
г) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық себептер бойынша жасалса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) абайсызда адам өлiмiне;
б) тарих, мәдениет ескерткiштерiн, табиғат кешендерiн немесе мемлекет қорғауға алған объектiлердi, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жоюға немесе бүлдiруге әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн зиян мөлшерi елеулi зиян деп танылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 188-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 188-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
188-бап. Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру
Отпен немесе өзге де аса қауiптi көздермен абайсыз жұмыс iстеу салдарынан болған не абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан бөтен адамның мүлкін жою немесе бүлдіру -
айлық есептiк көрсеткiштің екі жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен 7-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 189-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
189-бап. 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) .
ҚР 16.07.99 ж. № 430-1; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 190-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 190-бап өзгертілді
190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
1. Кәсiпкерлiк қызметтi тiркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсiпкерлiктiң тыйым салынған түрлерiмен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен байланысты болса -
айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттi:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып;
в) бірнеше рет жасаса, -
айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан бір жарым мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады..
Ескертулер.
1. Осы Кодекстiң 190 және 191-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс - iрi мөлшердегi табыс деп, сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс аса iрi мөлшердегi табыс деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 190-бабында құны бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын тауарлар саны едәуір мөлшердегi тауарлар деп танылады.
3. Осы тараудың 190, 191, 192-1, 215, 216, 217, 219 және 220-баптарында ірі залал деп қылмыс жасау сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада азаматқа келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.
4. Осы тараудың 194, 198, 199, 200, 202, 202-1, 203, 204, 205 және 218-баптарында ірі залал деп қылмыс жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада азаматқа келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 191-бап өзгертілді
191-бап. Заңсыз банктiк қызмет
1. Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеуден өткiзбей немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен ұштасса -
айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттi:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып жасаса;
в) бірнеше рет жасаса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 225-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 192-бап жаңа редакцияда; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 192-бап өзгертілді
192-бап. Жалған кәсіпкерлік
1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген жағдайда, -
алты жүз елуден екі мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл сала отырып не онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттерді:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаса;
в) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса,-
екі мыңнан бес мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
а) ұйымдасқан топ;
б) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса,-
үш мыңнан алты мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстің осы бабында және 192-1-бабында құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, заңсыз табыс табуға және (немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.
2. Осы бапта ірі залал деп азаматқа айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада келтірілген залал танылады.
2009.08.12. № 225-IV ҚР Заңымен 192-1-баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 192-1-бап өзгертілді
192-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы),-
бес жүзден екі мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
ҚР 16.03.01 № 163-II Заңына сәйкес 193-баптағы ескерту толықтырылды; ҚР 25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 104-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 193-бап өзгертілді
193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру
1. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар және (немесе) басқа да мәмілелер жасау не көрсетілген қаражаттың немесе мүліктің қылмыстық жолмен шығарылғанын жасыру мақсатында оларды өзгеше пайдалану -
айлық есептiк көрсеткiштің бес жүзден бір мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) әлденеше рет;
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасалса, -
жеті жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
б) ұйымдасқан топ;
в) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе iрi мөлшерде жасаса, -
бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайларда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы бапта жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомаға жасалған мәмiлелер немесе ақша қаражатын немесе басқа мүлiктi пайдалану iрi мөлшер деп танылады.
2. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастырудың дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстардың немесе өзге де қылмыстың құрамдары болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 194-бап өзгертілді
194-бап. Несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану
1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлдiк мүлкi туралы, немесе несиенiң, демеу қаржының несиелеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуға арналған елеулi мәнi бар өзге де мән-жайлар туралы көпе-көрiнеу жалған мәлiметтердi банкке немесе өзге де несие берушiге беру арқылы жеке кәсiпкердiң немесе ұйым жетекшiсiнiң несие, демеуқаржы не несиелеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуы, сол сияқты несиелеудi, демеуқаржы берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердi жоюға не бөлiнген несие мен демеу қаржы мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғатын мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге несие берушiге хабарламау, егер осы әрекеттер ірі залал келтiрсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтiрсе -
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 194-1-баппен толықтырылды
194-1-бап. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану
Қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитент органдарының (эмитенттің лауазымды адамдарының) осы эмитенттің облигацияларын шығару проспектісінде белгіленген, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың шарттары мен тәртібін бұзуға әкеп соқтыратын шешімдер қабылдауы, егер бұл әрекет облигация ұстаушыларға ірі залал келтіретін болса, - айлық есептік көрсеткіштің он мыңнан жиырма мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жыл мерзімге түзеу жұмыстарына, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Осы бапта iрi залал деп қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен он мың есе асатын сомада келтiрiлген залал танылады.
195-бап. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 196-бап өзгертілді; 2008.25.12 № 113-IV ҚР Заңымен 196-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 196-бап өзгертілді
196-бап. Монополистік қызмет
1. Нарық субъектілерінің монополиялық жоғары (төмен) немесе келісілген бағаларды белгілеуі және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қайта сатуға аумақтық белгісі, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны не бағасы бойынша шектеулер белгілеуі, тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ассортименті, олардың өткізілу немесе сатып алыну көлемі, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлуі, сондай-ақ бәсекелестікті шектеуге бағытталған өзге де әрекеттер, егер олар жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не нарық субъектісінің ірі мөлшерде табыс табуымен ұштасқан болса, -
айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Бірнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған, не адамның қызмет бабын пайдалануымен жасалған нақ сол әрекеттер, -
айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.