9-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Аукцион жеңімпазы не осы баптың 10 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шарт өзіне берілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қол қоюға және оны ұсынуға тиіс»;
екінші бөліктегі «шарт жобасының» деген сөздер «шарттың» деген сөзбен ауыстырылсын;
37) 35-9-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «пайдаланбаса, өтпеді деп танылады.» деген сөздер «пайдаланбаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) егер осы Заңның 35-8-бабының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасылмаса, өтпеді деп танылады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.»;
38) 37-бапта:
1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде үлгілік шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіге жібереді.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына олардың қорытындылары туралы хаттаманың бір данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жібереді.
Мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шарт жасасуға жол беріледі.»;
«4. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта осы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны не тиісінше орындалмағаны үшін тұрақсыздық төлемі, сондай-ақ тапсырыс берушінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеме мөлшерінде тұрақсыздық төлемін өндіріп алуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеті көзделуге тиіс»;
5-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында не электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген жағдайларда, өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері шартта тиісті қаржы жылында көзделген жылдық сома негізге алына отырып есептеледі.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы, осы Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда оны берген өнім берушілерге, осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды.»;
11-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын:
«11-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауға тиіс»;
39) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге осы Заңда белгіленген мерзімдерде бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, осы Заңның 37-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.»;
40) 39-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «бөлігінде жол беріледі.» деген сөздер «бөлігінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылса, тауарды беру туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы жасасылған шартты осылайша өзгертуге өнім берушінің хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегінде он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі.»;
41) 41-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
42) 43 және 44-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары
Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.
44-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда Қазақстанда шығарылған тауарлармен, тиісінше қазақстандық әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстармен, қызметтермен тең шарттарда ұлттық режим қолданылады.
2. Елдің конституциялық құрылысының негіздерін қорғау, құқықтық тәртібін, ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді, отандық жұмыс, көрсетілетін қызмет берушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге берілетін рұқсатқа тыйым салуды және аталған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін рұқсатқа шектеу белгілеуге құқылы.
Көрсетілген тауарларды шығарған елді айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 2-тармағына сәйкес оларға қатысты тыйым салу, шектеу белгілеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге рұқсат беру шарттарын белгілеуге құқылы.»;
43) 8-тарау мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:
«44-1-бап. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы
1. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде:
1) конкурс тәсілімен өткізілуге тиісті, мүгедектердің мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар, міндетті гигиеналық құралдар) өндіретін және (немесе) беретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осындай тауарларды, ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;
2) тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;
3) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің жүз пайызы көлемінде сатып алуды жүзеге асырады.
3. Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар, тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлері тізбесін және оларды сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 248-бабы 13) тармақшасының екінші абзацында көзделген шартқа сай келуге тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Заңда көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға рұқсат беріледі.
Жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді және қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушыларды тартуға жол берілмейді.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.
5. Мемлекеттік сатып алу осы Заңның 16-бабының 4-тармағында көзделген негіздер бойынша өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарына конкурстық баға ұсыныстарын шартты түрде он бес пайызға азайту түрінде артықшылық беруге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген артықшылықты беру тәртібі электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бөліктерге бөлуге рұқсат берілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ағымдағы жылы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген жиынтық мәндегі жалпы көлемнің кемінде он бес пайызы мөлшерінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.
Бұл ретте, бөлуге рұқсат берілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алпыс мың еселенген жиынтық мәнінен аспауға тиіс.
8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.
9. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте, сатып алу объектісі болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген жиынтық жалпы жылдық мәнде ескеріледі.
10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық немесе аукциондық құжаттамада шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасынан қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) тарту туралы талапты белгілеуге құқылы.
Бұл ретте, орындауға, көрсетуге қосалқы мердігерлер (бірлескен орындаушылар) тартылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі ағымдағы жылы осы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген жиынтық жалпы жылдық мәнде ескеріледі.»;
44) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің:
1) мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдау туралы;
2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес өзі қабылдаған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі мемлекеттік бақылау органдарына шағым жасауға жатпайды.».
6. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат):
8-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды толығымен немесе ішінара өтейді.
Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау бөлігінде реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
2-бап. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды;».
3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қаңтардың 14-і.
№ 161-V