4) тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындауға құқылы;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.»;
6-тармақ алып тасталсын;
6) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды мынадай кезегімен келетін кезеңдерді сақтай отырып өткізеді:
1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;
2) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші ұсынған, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын айқындауы және бекітуі.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы айқындайтын және бекітетін конкурстық не аукциондық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де кіреді, бұл ретте:
осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жағдайда, конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы айқындалуға тиіс;
осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жағдайда, конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі айқындалуға тиіс;
4) қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі;
5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыруы;
6) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберуі;
7) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындауы;
8) тапсырыс берушінің жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу туралы шартты осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама негізінде жасасуы.
2. Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы және өткізуі осы Занда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
7) 8-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.»;
7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленеді.»;
8) 9-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбауы;»;
9) 10-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «дұрыс емес» деген сөздер «анық емес» деген сөздермен ауыстырылып, 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтауы мүмкін.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «дұрыс емес» деген сөздер «анық емес» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осындай факті анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа қуыным беруге міндетті.»;
10) 11-баптың 4-тармағында:
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінуге міндетті.»;
11) 13-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын, тауарларды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын, жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын бекітеді;»;
19) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
24-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24-3) конкурстың не аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы тұтынылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесін бекітеді;»;
25) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен» деген сөздер «Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 14-баптың бірінші бөлігінде:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды;»;
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану тәртібін айқындайды;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу тәртібін айқындайды;»;
13) 14-1-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) анықтамалықты енгізе отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын енгізуді және сүйемелдеуді жүзеге асырады.»;
14) 15-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, аукциондық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы;»;
4) тармақшадағы «тұлғалар бақылау объектілері болып табылады.» деген сөздер «тұлғалар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор бақылау объектілері болып табылады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, аукциондық комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымданумен әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;»;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) міндеттемелері толық көлемде және тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасасылған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінеді.»;
15) 16-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бөлуге міндетті.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп айқындалған және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар деп таныған әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысады.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде өтпеді деп есептеледі:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы;
3) конкурсқа қатысуға бір де бір әлеуетті өнім берушіге рұқсат берілмеуі;
4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушіге рұқсат берілуі;
5) конкурсқа қатысушылар ұсынған конкурстық баға ұсыныстарының болмауы;
6) конкурсқа қатысушылардың екеуден аз конкурстық баға ұсынысын ұсынуы;
7) осы Заңның 26-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екеуден аз конкурстық баға ұсынысының бағалануға және салыстыруға жатқызылуы;
8) конкурс жеңімпазының мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы.»;
16) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондык нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2), 8), 13), 14), 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, ал қажет болған кезде нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекшеліктер қамтылуға тиіс.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс;»;
«8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бағаларынан басқа, қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеуді көрсету;»;
«13) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың тәртібі, тәсілі мен соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданыс мерзімі;
14) әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндірулер сұрата алатын тәсілдер;
15) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні және уақыты;
16) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаты;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлерді:
1) әлеуетті өнім берушіде:
өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларға ерікті сертификаттау жүргізілгенін растайтын құжаттың;
ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);
ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын;
2) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге міндетті.»;
5 және 5-1-тармақтар алып тасталсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.»;
17) 18, 19 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынуының соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыратын жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.
19-бап. Конкурстық құжаттаманы ұсыну
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бекітілген конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялау арқылы мүдделі тұлғаларға конкурстық құжаттаманы ұсынады.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға тілек білдірген тұлғалар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркеледі.
20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
1. Осы Заңның 19-бабына сәйкес өздері туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалмен өтініш жасауға кұқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетпестен, конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін жариялауға міндетті.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күні өткенге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабына сәйкес өздері туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалардың сауалына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның 19-бабына сәйкес өздері туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жіберуге міндетті.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартылуға тиіс»;
18) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылуға тиісті мәліметтер, сондай-ақ құжаттар электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.»;
19) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Конкурсқа қатысуға өтінім ұсыну
1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оны ұсынудың конкурстық құжаттамада көрсетілген соңғы мерзімі өткенге дейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынады.
Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі:
1) әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берген;
2) конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік сатып алу веб-порталына осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталының автоматты түрде қабылдамауына жатады.
2. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілер берген өтінімдер мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркеледі.
3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:
1) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) конкурсқа қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оны кері қайтарып алуға жол берілмейді.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдердің конкурстық құжаттамада белгіленген қолданыс мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, әлеуетті өнім берушілерден олардың қолданыс мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзартуды сұратуға құқылы. Әлеуетті өнім беруші:
1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданыс мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
2) конкурсқа қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді мұндай өтінімнің қолданыс мерзімі өткеннен кейін қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы.
5. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға өзінің қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы, электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алмайды.»;
20) 23-бап алып тасталсын;
21) 23-1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қонкурсқа қатысушы деп танылған, осы Заңның 26-1-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес конкурстық баға ұсынысын ұсынбаған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде ұсынбаған не кері қайтарып алған;»;
22) 24-бап алып тасталсын;
23) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Жұмыстар бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану мақсатында жүзеге асырады.
2. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды.
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
Бұл ретте:
1) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі;
2) тапсырыс берушімен, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен не әлеуетті өнім берушілермен еңбек қатынастарында байланысты;
3) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сай келетін сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін тиісті бейіндегі мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын жұмыстарға мамандығы сәйкес келетін өзге мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтеусіз негізде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде тартылады.
Конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беруге құқығы жоқ.