6. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
37-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Шығармашылық ұжымдарды, мамандарды, мәдени құндылықтарды және мәдениет саласындағы қызмет нәтижелерін, сондай-ақ мәдениеттің түрлі салаларындағы ұйымдастырушылық қызмет тәжірибесін алмасуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ұйымдарға қатысу
1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес халықаралық коммерциялық емес мәдени бірлестіктердің филиалдары, өкілдіктері құрылуы мүмкін.
2. Мәдениет ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес және өздерінің құрылтай құжаттарында айқындалатын тәртіппен осы баптың 1-тармағында аталған бірлестіктерге кіруге, сондай-ақ қайырымдылық мақсаттағы нысаналы түсімдерге билік етуге құқығы бар.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
39-бап. Мәдениет саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Мәдениет туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж. № 22, 406-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы желтоқсанның 15-сі.
№ 207-III ҚРЗ