Азаматтық қорғаныс күштерi бейбiт уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Мемлекеттік жүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады, ол туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігінiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерi, ведомстволық мамандандырылған авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру, әскерилендiрiлген және басқа да құрамалар бөлiнуi мүмкiн, олар жұмыстарды орындауды құтқару жұмыстарының жалпы басшысының жедел басшылығымен жүзеге асырады.
Бөлiнген күштер оқып-жаттықтырылған, техникамен, жабдықтармен жарақтандырылған және iздестiру-құтқару жұмыстарын дербес жүргiзуге сақадай-сай болуға тиiс.
Азаматтық қорғаныс күштерiн пайдалану тиiстi деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
13-бап. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi мен олардың бейбiт және соғыс уақытындағы мiндеттерi
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың қаупi төнген және туындаған кезде республиканың халқын, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн және аумақтарын қорғауға арналған.
Уәкілетті органға ведомстволық бағынысты Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметіне берiледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн жасақтау, жарақтандыру және қолдануға әзiрлiкте ұстау жөнiнде шаралар қолданады.
2. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) бейбiт уақытта:
құтқару жұмыстарын жүргiзуге адам құрамын жан-жақты дайындау мен оны аттестациялауды ұйымдастыру;
iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу және зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсету;
төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасы тиiстi келісімдер жасасқан шет мемлекеттердiң аумақтарында төтенше жағдайлар болған кезде құтқару жұмыстарына қатысу;
iзгiлiк көмек ретiнде төтенше жағдайлар аймағына әкелiнетiн жүктерге iлесе жүру және оларды күзету;
мобилизациялық өрiстетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесiне келтiру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
бейбiт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн кеңiнен өрiстетуге, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған қару-жарақты, техниканы, басқа да материалдық-техникалық құралдарды жинақтау, сақтау және дер кезiнде жаңартып отыру;
2) соғыс уақытында:
зақымдану ошақтары мен залалдану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;
зақымдану ошақтарында, залалдану және топан су басқан аймақтарда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзу;
халық пен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне эвакуация жүргiзуге қатысу;
халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қалпына келтiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге қатысу, аэродромдарды, жолдарды, өткелдердi және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды элементтерiн қалпына келтiруге байланысты аумақтық қорғаныстың жекелеген мiндеттерiн орындау болып табылады.
3. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн бейбiт уақытта қолдануды Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген тәртiппен уәкілетті органның басшысы жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныстың тұрақты дайындықтағы әскер бөлiмдерi техникамен және жабдықпен жарақтандырылуға және зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшiн дереу қолдануға әзiр болуға тиiс.
4. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн жасақтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскери бөлiмдерi азаматтық қызметкерлермен де жасақталады. Азаматтық қызметкерлер атқаратын лауазымдардың штат санын, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жалпы сан шегiнде уәкілетті органның басшысы белгiлейдi.
5. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн мобилизациялық өрiстету үшiн штатқа сәйкес техника, қару-жарақ, материалдық және техникалық құралдардың қорлары құрылады және күтiп ұсталады.
12.03.99 ж. № 347-1; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Азаматтық қорғаныс құрамалары, олардың мақсаты және оларды құру тәртібі
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Азаматтық қорғаныс құрамалары бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қатерi төнгенде және туындағанда авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған.
Азаматтық қорғаныс құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылып, объектiлiк және аумақтық құрамалар болып бөлiнедi.
Объектiлiк құрамалар ұйымдарда, тұрғылықты жерлер бойынша құрылады және әдетте солардың мүдделерi үшiн пайдаланылады. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешiмi бойынша объектiлiк құрамалар тиiстi аумақтардың мүдделерiн көздейтiн мiндеттер орындауға тартылуы жұмылдырылуы мүмкiн.
Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарына бағынады. Ұйымдар аумақтық құрамалар құруға негiз болады.
Азаматтық қорғаныс құрамаларының құрамы мен саны алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының болжамдық есептерi мен көлемiнiң негiзiнде айқындалады.
Қазақстан Республикасының жер сiлкiнiсi болып тұратын аймақтары үшiн Азаматтық қорғаныс құрамалары халықтың 10 адамына кемiнде бiр құтқарушы; су тасқындары, өрт пен басқа да ықтимал қауiп-қатерлерге ұшырайтын өнеркәсiп аймақтары мен аумақтары үшiн халықтың 15-20 адамына бiр құтқарушыдан келетiндей есеппен әзiрленедi.
Азаматтық қорғаныс құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары олардың кәсiби даярлығына, осы заманғы техникамен, жабдықпен басқа да материалдық құралдармен жарақтандырылуына және тұрақты әзiрлiкте болуына дербес жауапты болады.
2. Азаматтық қорғаныс құрамаларының негiзгi түрлерi:
1) құтқару құрамалары зардап шеккендердi барлауға, iздеуге және үйiндiлерден шығарып алуға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған және олар аралас құтқару отрядтарынан (командаларынан), құтқару командаларынан (топтарынан), адамдарды iздеу командаларынан (топтарынан), барлау топтарынан, буындарынан және басқалардан тұрады.
2) инженерлiк құрамалар инженерлiк барлау жүргiзуге, үйiндiлерде жүргiн жолдар, соқпақ жолдар салуға, жолдар мен көпiрлердi, оның iшiнде су тосқауылдары арқылы салынған өткелдердi қалпына келтiруге және оларды жүрiп-тұра алатындай жағдайда күтiп ұстауға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге, қираған құрылыстарды аршып алуға және бүлiнiс аудандарында басқа да инженерлiк жұмыстарды жүргiзуге арналған және инженерлiк командалардан, жол-көпiр командаларынан (топтарынан), жарылыс жұмыстары топтарынан, инженерлiк барлау топтарынан (буындарынан) және басқалардан тұрады.
Инженерлiк құрамалар шешiлетiн мiндеттердiң ерекшелiгiне қарай жұмыстарды дербес орындауды қамтамасыз ететiндей техникамен және жабдықпен жасақталуға тиiс.
3) Азаматтық қорғаныс қызметiнiң құрамалары халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге, авариялық-құтқару және шұғыл-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге, құтқару құрамаларын күшейтуге және олардың iс-қимылын жан-жақты қамтамасыз етуге арналған және медицина, байланыс, қоғамдық тәртiптi қорғау, өртке қарсы, авариялық-техникалық, материалдық жағынан қамтамасыз ету, көлiк, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау және басқа да құрамалар болып бөлiнедi.
3. Жедел-құтқару отрядтары iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзуге және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге арналған.
Жедел-құтқару отрядтары жоғары дәрежелi әзiрлiктегi құрамалар болып табылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен құрылады.
4. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды
5. Азаматтық қорғаныс құрамаларына I, II, III топтардағы мүгедектерден, жүктi әйелдерден, сегiз жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерден және соғыс уақытында - жұмылдыру нұсқамасы бар әскери міндетті адамдардан басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер алынады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-тарау. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен қызметтері,
Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау
15-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық жасау
1. Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi жүзеге асырады, ол (лауазымы бойынша) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының Бастығы болып табылады.
2. Уәкілетті органның басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысы Бастығының орынбасары болып табылады және Республиканың азаматтық қорғанысына тiкелей басшылықты жүзеге асырады.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады және азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға жеке жауапты болады.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық қорғаныс бастықтары:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс Бастығы белгiлеген тәртiппен тиiстi деңгейдегi азаматтық қорғаныс жоспарларын бекiтуге және iске қосуға;
белгiленген тәртiппен ведомстволық бағыныстағы аумақта халықты эвакуациялауға;
азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша бұйрықтар, шешiмдер, өкiмдер шығаруға;
заңдарда белгiленген тәртiппен азаматтар мен ұйымдарды азаматтық қорғаныс шараларын жүргiзуге тартуға;
жеке және заңды тұлғалардан осы Заңның және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын талап етуге міндетті.
5. Тиiсті деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының азаматтық қорғаныс мәселелерi жөніндегі бұйрықтары, шешiмдерi және өкiмдер барлық ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
05.05.00 ж. № 48-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Азаматтық қорғанысты басқару органдары
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшiн мынадай органдар құрылады:
Уәкілетті орган және оның аумақтық органдары;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында Азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлiмдер (қызметкерлер);
ұйымдарда - Азаматтық қорғаныс саласындағы міндеттерді шешуге арнайы уәкілеттік берілген, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімшелер (жеке қызметкерлер).
Уәкiлеттi органдағы, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерiндегі лауазымдардың бiр бөлiгi әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнен, Iшкi iстер министрлiгiнен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (iссапарға жiберiлген) әскери қызметшiлерден жасақталады.
2. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалардың (бөлiмдердiң) басшылары лауазымы бойынша тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарының орынбасарлары болып табылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17-бап. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi
1. Азаматтық қорғаныстың арнаулы шараларын орындауды қамтамасыз ету және күштер мен құралдарды осы мақсаттарда дайындау үшiн республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұйымдардың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi құрылады, олар тiкелей Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады.
2. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң, ұйымдар басшыларының шешiмдерiмен құрылады.
3. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi, олар туралы Ереженi уәкілетті орган бекiтедi.
4. Басқару пункттерiнiң, күштер мен құралдардың, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң дайындығы үшiн жауапкершiлiк олардың құрылуына негiз болған орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларына жүктеледi.
5. Азаматтық қорғаныстың эвакуациялық шараларын орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарда эвакуация, эвакуациялық-қабылдау комиссиялары құрылады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 17-1 баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 17-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттік инспекторы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары;
облыстардың, қалалар мен аудандардың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады.
5-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ, ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIГI, АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысына басшылық жасайды;
азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын, оны қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тәртібін белгiлейдi;
республика экономикасының бейбiт және соғыс уақытында жұмыс iстеу орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды әзiрлеу мен жүргiзуге басшылықты жүзеге асырады;
қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды-санаттарға жатқызу тәртібі мен өлшемдерiн бекiтедi;
Азаматтық қорғаныс жүйесiн бейбiт жағдайдан соғыс жағдайына көшiру, эвакуация шараларын жүргiзу тәртібін айқындайды;
iрi көлемдi авариялар, апаттар мен табиғи зiлзалалар кезiнде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының жекелеген әскер бөлiмдерiн өрiстетуге шешiм қабылдайды;
өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
05.05.00 ж. № 48-II ҚР Заңымен; 2006.07.07. № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Уәкілетті органның өкiлеттiгi
Уәкілетті органы:
Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылықты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдары, сондай-ақ халқы орындауға мiндеттi азаматтық қорғанысты дайындау және жүргiзу мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдайды;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы Ереженi бекiтедi;
авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезiнде Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен құрамаларын басқаруды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың бейбіт және соғыс уақытындағы Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді, оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге табыс етеді және оларды іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асырады;
Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлейді;
төтенше жағдайлардан қорғау саласында ұйымдар, оның iшiнде коммерциялық емес мамандандырылған ұйымдар, оқу орындарын құру және қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүргiзедi;
Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi адам құрамының, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамалары басшыларының, халықтың азаматтық қорғаныс бойынша әзiрлiгiн ұйымдастырады, осы мақсаттарда тиiстi дайындық бағдарламаларын жасайды;
азаматтық қорғаныс мүдделерi үшiн қару-жарақ, техника, қорғаныс құралдары мен басқа да материалдық-техникалық құралдар жөніндегі қажеттердi айқындайды;
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерiнiң жауынгерлiк және мобилизациялық әзiрлiгiн қамтамасыз етедi;
Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес әскери қызметшілерді лауазымға тағайындайды, ауыстырады, қызметтен босатады және шығарады, сондай-ақ әскери қызметшілерге және әскери міндеттілерге мерзімінен бұрын беруді қоса алғанда, әскери атақтар береді, оларды төмендетеді және әскери атақтардан айырады;
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын қалаларды және шаруашылық объектілерін санаттарға бөлу дәрежесіне байланысты бекітеді.
Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
қазіргі заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым басшыларын және халықты одан қорғану тәсілдерін және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдар жасауға үйретуді ұйымдастырады;
халықты құлақтандырудың және байланыстың республикалық жүйесін дереу пайдалануға, оны жарақтандыру мен дамытуға тұрақты дайындық жасайды және оны қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
05.05.00 ж. № 48-II ҚР Заңымен; 2006.07.07. № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
Уәкілетті органды, ал жергілікті әскери басқару органдары арқылы уәкілетті органның аумақтық органдарын тиiстi әзiрлiк деңгейiне келтiру туралы, сондай-ақ мобилизация жариялау туралы құлақтандырады;
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негiзiнде азаматтарды Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесiне мiндеттi әскери қызметке шақыруды, әскери қызметшiлердi запасқа шығаруды, тiзiмдегi құрамды оқу жиындарына шақыруды, сондай-ақ мобилизация бойынша азаматтарды шақыруды жүргiзедi;
Уәкілетті органды, оның аумақтық органдарын, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды әскерге шақырылатын құраммен және мобилизациялық ресурстармен жасақтауды, офицерлердi запастан әскери қызметке шақыруды (қабылдауды) жүзеге асырады;
халық пен аумақтарды осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың зардаптарынан қорғау жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жөніндегі мiндеттердi шешу кезiнде уәкілетті органмен өзара iс-қимыл жасайды;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2006.07.07. № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары азаматтық қорғаныс саласында:
азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды, салаларда азаматтық қорғанысқа басшылықты жүзеге асырады;
Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын, басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құрады және тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;
Азаматтық қорғаныс құрамаларын дайындауды және сала қызметкерлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғану әдiстерiне және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға үйретудi ұйымдастырады;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады және оларға басшылық етедi;
осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және олар қолданылған жағдайда, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде сала қызметкерлерiн қорғау жөніндегі шараларды жоспарлайды және жүргiзедi;
бейбiт және соғыс уақытында саланың тұрлаулы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолданады;
қызметкерлер мен олардың отбасыларын эвакуациялауға әзiрлеу және оны ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;