Қазақстан Республикасының
Заңы
Концессиялар туралы
(2013.04.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға», «Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға», «Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ықтимал концессионерлердің», «ықтимал концессионерлерге», «ықтимал концессионердiң», «ықтимал концессионерлер», «ықтимал концессионерлермен», «Ықтимал концессионер», «ықтимал концессионер», «Ықтимал концессионерге», «ықтимал концессионерге» деген сөздер тиісінше «әлеуетті концессионерлердің», «әлеуетті концессионерлерге», «әлеуетті концессионердiң», «әлеуетті концессионерлер», «әлеуетті концессионерлермен», «Әлеуетті концессионер», «әлеуетті концессионер», «Әлеуетті концессионерге», «әлеуетті концессионерге» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері - қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын объектілер, объектілер кешендері;
3) жекешелік концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарты бойынша концессионер қабылдаған міндеттемелер;
4) концедент - Қазақстан Республикасы, оның атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын жасасуға уәкiлеттік берген мемлекеттiк органдар әрекет етеді;
5) концессионер - концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға (мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда);
6) концессия - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;
7) концессия бойынша конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы) - концессионерді таңдау жөніндегі конкурстар өткiзудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
8) концессиялық жоба - концессияны жүзеге асыру бойынша шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар жиынтығы;
9) концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу - конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, тәуелсiз сарапшылар көрсететiн қызметтер;
10) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;
11) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi - маркетингтiк, техникалық-технологиялық, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық зерттеулердiң нәтижелерi, сондай-ақ концессиялық жобаны iске асырудың орындылығы мен мүмкiндiгiн негiздейтiн институционалдық шешiмдер, қаржылық шешiмдер, тәуекелдердi бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттiк қолдау түрлерi мен мөлшерiн айқындау жөнiндегi, сондай-ақ жобаны iске асыру кезiнде оның мемлекеттiк бюджетке ықпал етуi жөнiндегi шешiмдер және тұтас экономика мен оның салаларының дамуына әлеуметтiк-экономикалық әсер қамтылатын жоба алдындағы құжаттама;
12) концессиялық ұсыныс - мемлекеттік орган әзірлейтін, тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін тұжырымдамасы;
13) концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым - концессия мәселелерi бойынша қызметтер көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған ұйым;
14) концессия объектiсi - концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
15) концессия объектісін құру - Қазақстан Республикасының аумағында бұрын болмаған концессия объектісін құру, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде құру, концессия объектісінде жаңа өндірістік жабдық орнату, концессия объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де жұмыс түрлерін жүргізу;
16) концессия объектісін пайдалану - концессионердің концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен және жағдайларда концессия объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде тауарлар өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;
17) концессия объектісін реконструкциялау - жаңа технологияларды енгізу, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, техникалық жағынан ескірген және (немесе) физикалық тұрғыдан тозған жабдықты жаңғырту және неғұрлым өнімді жаңа жабдықпен алмастыру негізінде қайта құру, сондай-ақ концессия объектісінің немесе оның жекелеген бөліктерінің технологиялық немесе функционалдық мақсатын өзгерту жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы ғимараттың жекелеген үй-жайларын, өзге де бөліктерін немесе тұтас ғимаратты өзгерту, концессия объектісінің сипаттамалары мен пайдаланылу қасиеттерін жақсарту жөніндегі өзге де іс-шаралар;
18) концессия шарты - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм;
19) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету обьектілерін қаржыландыруға, құруға, реконструкциялауға және (немесе) пайдалануға бағытталған мемлекет пен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы ынтымақтастық нысаны;
20) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган - стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
21) республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi аясында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
22) техникалық ұсыныс - концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысушы ұсынған және маркетингтік, техникалық-технологиялық және экологиялық зерттеулер нәтижелерін, сондай-ақ концессия объектісін құру құнын негіздейтін қаржылық шешімдерді қамтитын техникалық және (немесе) технологиялық жоба алдындағы құжаттама;
23) тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы - мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
24) тiзбе - концессияға ұсынылатын объектiлердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, орта мерзiмдi кезеңге арналған тiзбесi.
2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Заңның ережелері жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп, жүзеге асырылады.
Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия осы Заңға сәйкес және «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып реттеледі және жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Концессияның негізгі принциптерi
Концессияға байланысты қызмет мынадай негізгі принциптерге:
1) концедент пен концессионер қызметінің жариялылығы мен ашықтығына;
2) концедент пен концессионердің мүдделері мен тәуекелдерінің теңдестірілімін қамтамасыз етуге;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) концессионер концессия шарты бойынша беретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) еркін бәсекелестікке;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) барлық әлеуетті концессионерлердің теңдігіне және кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Концессияның қолданылу аясы
Тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын объектілерді қоспағанда, экономиканың барлық салаларындағы (аясындағы) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері концессияға беріле алады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Концессия шарты бойынша меншiк құқығы
1. Мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын және жылжитын мүлік, концессия объектілері бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты айрықша құқықтар концессия шартында көзделген тәртіппен концессионердің уақытша иеленуіне және пайдалануына беріледі.
2. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия обьектілерінде жүргізілген жақсартулар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс обьектілері және концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтар мемлекеттік меншікке беріледі.
3. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектілері құрылғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі.
4. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионердiң концессия объектiлерiн пайдалану нәтижесiнде алған өнiмi мен өзге де табыстары оның меншiгi болып табылады.
5. Концессия объектiлері концессия шарты қолданылған мерзiм ішінде кепiл нысанасы бола алмайды.
6. Концессия объектiлері концессия шарты қолданылған мерзiм ішінде иелiктен шығарылуға жатпайды.
7. Егер концессия шартында өзгеше белгіленбесе, концессионер өзiне концессия шарты бойынша иеленуге және пайдалануға берiлген мемлекеттiк мүлiктiң, сондай-ақ концессия шартын орындау нәтижелерi бойынша пайда болатын мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну тәуекелiн көтереді.
8. Концедент концессиялық жобаны қоса қаржыландырған және (немесе) концедент концессионерге инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеген кезде, концессия объектісі мемлекеттік меншікке беріледі.
6-бап. Концессионерге жер учаскелеріне құқықтар беру
Концессия шартын іске асыру мақсатында концессионерге Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер пайдалану құқықтарының берілуі мүмкін.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері
1. Мыналар:
1) концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;
3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарын өтеу;
4) экономиканың тиісті саласында (аясында) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күтіп-ұстауға арналған шығыстар көлемі шегінде концессионердің пайдалану шығындарын өтеу;
5) мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы;
6) концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi болып табылады.
2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады және осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі ескеріле отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасының белгілі бір үлестерімен бірыңғай төлемдер түрінде жүргізілетін, бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдерді қамтиды.
3. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы әлеуметтік маңызды санатқа жатқызылатын концессиялық жобаларға қатысты ғана қолданылуы мүмкін.
4. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi концессионерді таңдау жөніндегі конкурс нәтижелерінің негізінде айқындалады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды
1-1 тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
7-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлері
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді.
2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік заңды тұлғалардың қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттің және жеке кәсіпкерлік субьектілерінің қатысуымен іске асырылады.
3. Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік концессия, мүліктік жалдау және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарттары шеңберінде осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен іске асырылады.
7-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттары
Мыналар мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттары болып табылады:
1) дәйектілік қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қатысушылары арасында шарттық негізде орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынастар орнату;
2) конкурстық қағидат - жекешелік әріптесті конкурстық негізде айқындау;
3) теңгерімділік қағидаты - тәуекелдерді, пайданы, кепілдіктер мен міндеттерді мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қатысушылары арасында өзара тиімді бөлісу;
4) нәтижелілік қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер мен көрсеткіштерді белгілеу.
2-тарау. КОНЦЕССИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктерi
Қазақстан Республикасының Үкіметі концессия саласында:
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тізбені бекітеді;
2) жасалған концессия шарттарының және берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізу ережелерін бекітеді;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережелерін бекітеді;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) концессиялық ұсыныстарды ұсыну, қарау және iрiктеу қағидаларын бекiтедi;
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) экономиканың тиiстi саласында (аясында) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күтіп-ұстауға арналған шығыстар көлемi шегiнде концессионердiң пайдалану шығындарын өтеу қағидаларын және концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызды санатқа жатқызу критерийлерін бекiтедi;
5) экономиканың әр түрлі саласында (аясында) концессияның үлгі шарттарын бекітеді;
6) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - комиссия) құрады және ол туралы ережені бекітеді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды құрады;
7-1) концессия шарттарының мониторингін және концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу қағидаларын бекітеді;
7-2) концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу қағидаларын бекітеді;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
1) мыналарды:
концессиялық ұсыныстардың сараптамасын;
концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеме) экономикалық сараптамасын;
конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын;
концессия шарттары жобаларының, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарының сараптамасын;
концессиялық жобалардың, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуына бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;
2) техникалық-экономикалық негiздемелерге сараптамалардың немесе концессиялық ұсыныстарға сараптамалардың нәтижелерiн ескере отырып, тiзбенi қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;
3) конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
4) 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) концессия объектісінің құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекітеді;
6) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды айқындайды;
7) концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды;
7-1) концессиялық жобаларды ұйымдастыру саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
7-2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органға жібереді;
8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттіліктері
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) тізбені келіседі;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы және концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
3) концессия шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады, сондай-ақ концессия шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді;
4) жасалған концессия шарттары бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;
5) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркейді;
6) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің қаржылық шектерін және оларды қабылдаудың басымдықтарын белгілейді;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері
Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары табыс ететін концессиялық ұсыныстарды олар ұсынылған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келіседі;
2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
3) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келіседі;
5) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;
6) концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)