Қазақстан Республикасының
Заңы
Концессиялар туралы
(2010.02.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға», «Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға», «Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) концедент - Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын жасасуға уәкілдік берген мемлекеттік органдар;
3) концессионер - концессия шартына сәйкес концессия объектісіне құқық алған заңды тұлға (мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) концессия - концессия шарты бойынша мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ мұндай объектілерді одан әрі пайдалануы үшін концессионерге оны иелену, пайдалану құқықтарын беру арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды ұсыну арқылы не онсыз кейіннен мұндай объектілерді мемлекетке бере отырып, концессионердің қаражаты есебінен немесе концеденттің қоса қаржыландыруы шартымен жаңа объектілер құру (салу) құқықтарын беру;
5) концессия бойынша конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) - концессия бойынша конкурстар өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі концессия мәселелері бойынша қызметтер көрсету үшін құрған ұйым;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) концессия объектісі - тізбеге енгізілген, жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері және концессия шартының талаптарын орындау нәтижелері бойынша болашақта пайда болатын объектілер;
7) концессия шарты - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, концессияны іске асыру шартын айқындайтын жазбаша келісім;
8) концессиялық жоба - шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу - конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді, конкурсқа қатысушымен комиссияның келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын тәуелсіз сарапшылар көрсететін қызметтер;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін құруға (салуға) және реконструкциялауға арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-3) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі - маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, тәуекелдерді бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдау түрлері мен мөлшерін айқындау жөніндегі, сондай-ақ жобаны іске асыру кезінде оның мемлекеттік бюджетке және тұтастай экономиканың және оның саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық нәтижеге ықпал етуі жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжат;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8-4) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-4) концессиялық ұсыныс - концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін одан әрі дайындау мақсатында мемлекеттік орган әзірлейтін тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін тұжырымдамасы;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8-5) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган - стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9) республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншік объектілерін басқару саласында өз құзыреті шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, меншікті жекешелендіруді және оның мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы - мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) тізбе - концессияға ұсынылатын объектілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, орташа мерзімдік кезеңге арналған тізбесі;
11) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Заңның ережелері жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп, жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Концессияның негізгі принциптерi
Концессияға байланысты қызмет мынадай негізгі принциптерге:
1) концедент пен концессионер қызметінің жариялылығы мен ашықтығына;
2) концедент пен концессионердің мүдделері мен тәуекелдерінің теңдестірілімін қамтамасыз етуге;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) концессионер концессия шарты бойынша беретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) еркін бәсекелестікке;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) барлық ықтимал концессионерлердің теңдігіне және кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.
4-бап. Концессияның қолданылу аясы
Тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын объектілерді қоспағанда, экономиканың барлық салаларындағы (аясындағы) объектілер концессияға беріле алады.
5-бап. Концессия объектілеріне меншік құқығы
1. Концессияға берілген, осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерде жүргізілген жақсартулар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері және осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік меншік құқықтары мемлекеттік меншік болып табылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шарт талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектісі концессионердің осы объектілерді кейіннен пайдалануы арқылы концессия объектісін құрған кезден бастап мемлекеттік меншікке беріледі.
3. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионердің концессия объектілерін пайдалану нәтижесінде алған өнімі мен өзге де кірістері оның меншігі болып табылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Концессия объектілері кепіл нысанасы бола алмайды.
5. Концессия объектілері концессия шартының қолданылу мерзімі кезеңінде иеліктен шығарылуға жатпайды.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионер өзіне концессия шарты бойынша иелік етуге және пайдалануға берілген мемлекеттік мүліктің, сондай-ақ концессия шартын орындау нәтижелері бойынша пайда болған мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін көтереді.
6-бап. Концессионерге жер учаскелеріне құқықтар беру
Концессия шартын іске асыру мақсатында концессионерге Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер пайдалану құқықтарының берілуі мүмкін.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Концессионердің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздері
1. Концессионердің концессия шартын орындауға байланысты шығындары өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату және концессия объектісін пайдалану процесінде кірістер алу арқылы өтелуі мүмкін.
2. Концессионер өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) пайдалануға жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар концессия шарты бойынша қызметін жүзеге асыру барысында концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тұтынушылары бола алады.
4. Мемлекет Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарына өтемақы беруі мүмкін.
2-тарау.
КОНЦЕССИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктерi
Қазақстан Республикасының Үкіметі концессия саласында:
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тізбені бекітеді;
2) жасалған концессия шарттарының және берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізу ережелерін бекітеді;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережелерін бекітеді;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу ережелерін бекітеді;
5) экономиканың әр түрлі саласында (аясында) концессияның үлгі шарттарын бекітеді;
6) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - комиссия) құрады және ол туралы ережені бекітеді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды құрады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
1) мыналарды:
концессиялық ұсыныстардың экономикалық сараптамасын;
концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеме) экономикалық сараптамасын;
конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын;
концессия шарттары жобаларының, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарының сараптамасын;
концессиялық жобалардың, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуына бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;
2) техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып, тізбені қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
3) конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
4) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен басымдықтарын белгілейді;
5) концессия объектісінің құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекітеді;
6) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды айқындайды;
7) концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды;
8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттіліктері
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) тізбені келіседі;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы және концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
3) концессия шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады, сондай-ақ концессия шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді;
4) жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;
5) концессиялық міндеттемелерді тіркейді;
6) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері
Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары табыс ететін концессиялық ұсыныстарды олар ұсынылған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келіседі;
2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
3) өз құзыреті шегінде республикалық меншікте болатын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалу мониторингін жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келіседі;
5) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;
6) концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының өкілеттіктерi
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы:
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып, республикалық меншікке жататын объектілер бойынша концессиялық ұсыныстарды қалыптастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Комиссияның шешімі негізінде республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
5) республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жасалған концессия шарттары бойынша ақпарат береді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қаржыландыру жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) осы заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктерi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып, тізбеге енгізу үшін коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша концессиялық ұсыныстарды қалыптастырады;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) концессия шартын жасасу кезінде тиісті өңірдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін конкурсты ұйымдастырушыға республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты ұсыныстар енгізеді;
3) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссияны құрады және ол туралы ережені бекітеді;
5) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады;
6) комиссияның шешімі негізінде коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;
7) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Концессионерлердің қызметін мемлекеттік қолдау
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Концессионерлердің қызметін қолдау мақсатында мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері ұсынылуы мүмкін:
1) концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерліктері;
2) концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) концессионерге мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың берiлуi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) егер концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болса, мемлекеттің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну кепілдігі;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) концессия шартында белгіленген мерзімде және концессия шартының қолданылуы кезеңінде сонда айқындалған көлемде концессионердің инвестициялық шығындардың белгілі бір көлеміне өтемақы төлеу.»;
2. Концессионерге мемлекеттік қолдаудың жоғарыда аталған түрлерінің біреуі не бірнешеуі ұсынылуы мүмкін.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді
2-1. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде концессионер сатуға ұсынылатын концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма процент көлемінде инфрақұрылымдық облигациялар шығаруға міндетті.
Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару көлемі, орналастыру талаптары тараптардың келісімімен концессия шартында айқындалады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)