Радиоактивтi қалдықтармен айналысу мәселелерi бұл Ереженiң қолданылу аясынан алып тасталады.
3. Осы Ережедегi ұғымдар мынаны бiлдiредi:
«қалдықтар» - өндiрiс пен тұтыну қалдықтары. Бұл ретте өндiрiс қалдықтары деп өнiм өндiру, жұмыстарды (қызметтердi) атқару процесiнде пайда болған және аталған кәсiпорында (ұйымда) қолданылуы табылмаған не өзiнiң белгiленген мақсатына сай қолданылуы үшiн толық жарамсыз болған материалдар, заттар, бұйымдар ұғынылса, тұтыну қалдықтары деп қоғамдық немесе жеке тұтыну процесiнде өзiнiң тұтынылу қасиетiн толық немесе iшiнара жоғалтқан материалдар, заттар, бұйымдар ұғынылады;
«қалдықтармен айналысу» - қалдықтардың пайда болуымен, жиналуымен, сақталуымен, пайдаланылуымен, залалсыздандырылуымен, тасымалдануымен және көмiлуiмен байланысты барлық қызмет түрлерi;
«қалдықтарды пайдалану» - қалдықтарды өнiм өндiру жұмыстар (қызметтер) атқару немесе энергия алу үшiн қолдану;
«қалдықтарды көму» - қалдықтардың одан әрi пайдаланылу мүмкiндiгiн жоққа шығару, сондай-ақ зиянды заттардың қоршаған ортаға қосылып кетуiн болдырмау мақсатында қалдықтарды оқшауландыру;
«қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау» - қалдықтардың бiр мемлекеттiң юрисдикциясында болатын аумақтан басқа мемлекеттiң юрисдикциясында болатын аумаққа (аумақ арқылы) кез келген орын ауыстыруы (көлiкпен тасымалдануы);
«қатысушы-мемлекеттiң қадағалау мен бақылау жасау үшiн жауапты уәкілеттi мемлекеттік органы» - Беларусь Республикасы: Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі және Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлiк жанындағы Өнеркәсiп пен атом энергетикасындағы жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi қадағалау жөніндегі комитетi;
Қазақстан Республикасы: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
Ресей Федерациясы: Ресей Федерациясының Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі мемлекеттік комитетi;
«қатысушы-мемлекеттiң лицензия және/немесе рұқсат беруге жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органы» - Беларусь Республикасы: Беларусь Республикасының Сыртқы iстер министрлігі және Беларусь Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасы: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
Қырғыз Республикасы:
Қырғыз Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
Ресей Федерациясы: Ресей Федерациясының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетi.
«бөлiп көрсетiлетiн орталық» - қатысушы-мемлекеттің қадағалау мен бақылау жасау үшiн жауапты құзырлы мемлекеттік органына бағыныстағы, қалдықтардың трансшекаралық тасымалы туралы ақпаратты алу мен беру үшiн, сондай-ақ қалдықтар туралы мәлiметтер банкiн жүргізу үшiн жауап беретiн ұйым;
«экспорттайтын мемлекет» - аумағынан қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жүзеге асырылатын мемлекет;
«импорттайтын мемлекет» - қалдықтарды пайдалану мақсатымен аумағына трансшекаралық тасымалдау жүзеге асырылатын мемлекет;
«транзиттейтiн мемлекет» - аумағы арқылы қалдықтардың транзиттiк тасымалы жүзеге асырылатын мемлекет;
«экспорт» - Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң кедендiк аумағынан қалдықтарды тасып шығарудың, транзиттi қоспағандағы, кез келген түрі;
«импорт» - Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң кедендiк аумағына қалдықтарды тасып әкелудің, транзитті қоспағандағы, кез келген түрi;
«транзит» - Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң аумағы арқылы мемлекеттік шекараны қиып өте отырып, қалдықтардың оларда сақталмай үздiксiз тасымалдануы (бұған көлiкпен тасымалдауға байланысты уақытша сақтайтын жағдайлар қосылмайды);
«ұйым» - қалдықтармен айналысу жөніндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлға;
«экспортшы» - экспорттайтын мемлекеттiң юрисдикциясында болатын және қалдықтардың экспортын жүзеге асыратын ұйым;
«импортшы» - импорттайтын мемлекеттiң юрисдикциясында болатын және қалдықтардың импортын жүзеге асыратын ұйым;
«тасымалдаушы» - қауiптi қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
«өндiрушi» - қызметi қалдықтардың пайда болуын тудыратын ұйым немесе осы қалдықтарға иелiк ететiн ұйым;
«мүдделi мемлекет» - экспорттайтын, импорттайтын немесе транзиттейтiн мемлекет.
II. Жалпы талаптар
4. Осы Ережеге № 6.1 Қосымшада көрсетiлген қалдықтардың импортталуы мен транзиттелуiне тыйым салынады.
5. Осы Ережеге № 6.1 және № 6.2 Қосымшаларда көрсетiлген қалдықтардың экспортына және Осы Ережеге № 6.2 Қосымшада көрсетiлген қалдықтардың импортына Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес қатысушы-мемлекеттiң лицензия және/немесе рұқсат беруге жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органының лицензиясы және/немесе рұқсаты болмаса, тыйым салынады.
6. Осы Ережеге № 6.2 Қосымшада көрсетiлген қалдықтардың транзиттелуiне қатысушы-мемлекеттің қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органы берген рұқсат болмаса, тыйым салынады.
7. Осы Ереженiң 4, 5 және 6-тармақтары бұзыла отырып жүзеге асырылатын экспортталатын, импортталатын не транзиттелетiн қалдықтар тиiсiнше Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң кедендiк аумағына қайтарылуға не шұғыл түрде Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң кедендiк аумағынан тыс тасып әкетiлуге жатады.
8. Қалдықтарды қатысушы-мемлекеттердiң кедендiк шекарасын бiрнеше мәрте қиып өтудi талап ететiндей партиялап трансшекаралық тасымалдау жүзеге асырылған жағдайда қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға не лицензия және/немесе рұқсат беруге жауапты уәкілетті мемлекеттік органы лицензия және/немесе рұқсат берудiң ұлттық заңдарда белгiленген тәртібіне сәйкес және егер мүдделi мемлекеттердiң жазбаша келісімi болып, мына шарттар орындалатын болса, белгiленген мерзiмге тиiстi рұқсат бередi:
- қалдықтардың физикалық және химиялық қасиеттерi бiрдей болып, қалдықтарды пайдаланғаны немесе көмгенi үшiн жауап беретiн тап сол бiр ғана ұйымнан, жасалған тап сол бiр ғана келісім-шарт бойынша жүйелi жiберiлiп отыратын болса;
- қалдықтарды кедендiк ресiмдеу Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң Бас кеден органы айқындаған бiр ғана кеденнен жүзеге асырылса және қалдықтардың орын ауыстыруының қатысушы-мемлекеттiң мемлекеттік шекарасындағы тап сол бiр ғана кеден пунктi арқылы өткiзiлуi жүзеге асырылатын болса;
- қалдықтарды мүдделі мемлекеттің аумағы арқылы транзиттеу жағдайындағы кедендiк ресiмдеу транзиттейтiн мемлекеттің (мемлекеттердің) мемлекеттік шекарасындағы тап сол бiр ғана кеден пунктiнде кiрген кезiнде және шыққан кезiнде жүзеге асырылатын болса;
- мүдделi мемлекеттер қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органына өзінің аумағына (аумағы арқылы) қалдықтарды көп мәрте әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат тапсыратын болса.
9. Егер осы Ережеге сәйкес мүдделi мемлекеттер рұқсат берген қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау импорттаушы мемлекеттің аумағында қалдықтарды пайдалану мен тасымалдау жөніндегі келісім-шарт ережелерi сақтала отырып аяқталмайтын болса, экспорттаушы импорттаушы мемлекеттiң уәкілеттi органы бұл туралы экспорттаушы мемлекеттiң уәкiлеттi органын немесе өндiрушiнi (экспорттаушыны) және Базель конвенциясының хатшылығын хабардар еткен сәттен бастап 90 күннен кешiктiрмей не мүдделi тараптар келiскен кез келген басқа мерзімде қалдықтарды керi алып кетуге мiндеттi.
10. Экспорттаушы қалдықтарды трансшекаралық тасымалдаудың басталған күнi туралы қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органын хабардар етуге мiндеттi.
11. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды жүзеге асыру туралы хабарлама мен осындай тасымалға рұқсат беру үшiн қажеттi ақпарат қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органына қатысушы-мемлекеттiң тілінде және келісім-шарт түпнұсқасының тілінде тапсырылады.
12. Осы Ереже бұзылған, қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға арналған рұқсатта белгiленген талаптар орындалмаған, Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердiң экологиялық мүддесiне залал келтiруге соқтырған мән-жайлар туындаған немесе Кеден одағына қатысушы-мемлекеттер Базель конвенциясы бойынша мiндеттемелердi сақтамаған жағдайда қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органының аталған рұқсаттың күшiн тоқтата тұруға құқығы болады.
Қатысушы-мемлекеттiң лицензия және/немесе рұқсат беруге жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органы қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органының шешiмi негізiнде қалдықтардың экспортына (импортына) бұрын берiлген лицензиялардың және/немесе рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұруға және күшiн жоюға және өзінің iс-әрекетi туралы Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң Бас кеден органы мен қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органын хабардар етуге мiндеттi.
Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң Бас кеден органы қатысушы-мемлекеттiң кедендiк шекарасы арқылы қалдықтардың орын ауыстыруын белгiленген тәртiппен тоқтата тұру немесе тыйым салу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдауға және өзiнiң iс-әрекетi туралы қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органын хабардар етуге мiндеттi.
Қауiптi қалдықтардың трансшекаралық тасымалына мемлекеттік бақылау жасау мен қадағалауды ұлттық заңдарға сәйкес Тараптардың уәкiлетті мемлекеттік органдары жүзеге асырады.
III. Қалдықтардың экспортына қойылатын талаптар
13. Қалдықтарды:
- оңтүстiк ендiктiң 60 градусынан оңтүстiкке қарай кез келген нүктеге;
- мұндай қалдықтарды импорттауға тыйым салған және бұл туралы қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасайтын уәкілетті мемлекеттік органын немесе Базель конвенциясының хатшылығын хабардар еткен мемлекетке;
- қалдықтарды пайдалану немесе көмудiң экологиялық қауiпсiз жолдармен жүзеге асырылатындығын растай алмайтын мемлекетке;
- мемлекет қалдықтардың трансшекаралық тасымалы жөніндегі қандай да бiр қостарапты, көптарапты немесе аймақтық келісімдердiң немесе шарттардың тарабы болып табылатын жағдайды қоспағанда, Базель конвенциясының тарабы болып табылмайтын мемлекетке экспорттауға тыйым салынады.
14. Егер:
- қатысушы-мемлекеттiң лицензия және/немесе рұқсат беруге жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органының қалдықтарды экспорттауға арналған лицензиясы және/немесе рұқсаты, қатысушы-мемлекеттiң лицензия және/немесе рұқсат беруге жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органы берген қауiптi қалдықтарды трансшекаралық (транзиттiк) тасымалдауға арналған рұқсаты және қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылау жасау мен қадағалау тәртібіне сәйкес қалдықтар экспортына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы үшiн қажеттi өзге де құжаттары болса;
- экспортшы мен қалдықтарды пайдалану немесе көму үшiн жауапты импорттаушы мемлекеттiң ұйымының тиiстi қалдықтармен экологиялық қауiпсiз айналысу жолдары көрсетiлген келісім-шарты болса;
- қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген нысандағы қалдықтарды тасымалдау туралы құжат бар болса;
- Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердiң ұйымдары қалдықтарды пайдалануды немесе көмудi экологиялық қауiпсiз және тиiмдi жолдармен жүзеге асыру үшiн техникалық мүмкiндiктер мен қажеттi объектілерге немесе қуаттарға ие бола алмай отырса;
- қалдықтар импорттаушы мемлекетте шикiзат ретiнде пайдаланылу үшiн талап етіліп отырса;
- экспорт Кеден одағына қатысушы-мемлекеттермен қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы жасалған мемлекетаралық қостарапты, көптарапты немесе аймақтық келісімдерге немесе шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын болса;
- трансшекаралық тасымалдау сақтық және басқа да қаржылық кепiлдiктермен, сондай-ақ өндiрушiнiң (қалдықтарды пайдалану немесе көму үшiн жауап беретiн экспортшының, делдалдың, импортшының, тасымалшының немесе импорттаушы мемлекет ұйымының) келісім-шартқа сәйкес қалдықтарды жеткізудi, пайдалануды немесе көмудi жүзеге асыруы мүмкiн болмаған немесе басқа да ойда жоқ оқиғалар мен апаттар жағдайында қалдықтарға қатысты баламалы шаралар жүргізудi талап ететiн өзге де мiндеттемелерiмен қамтамасыз етiлсе, экспортшы осы Ереженiң № 6.1 және № 6.2 Қосымшаларында көрсетiлген қалдықтарды әкетудi жүзеге асырады.
15. Қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органы жоспарланып отырған трансшекаралық тасымал туралы мүдделi мемлекеттерге олар үшiн түсiнiктi тiлде белгiленген мерзiмде жазбаша нысанда хабарлама жiбередi. Хабарламадағы ақпарат Базель конвенциясының ережелерiне сәйкес келуге тиiс.
IY. Қалдықтардың импортына қойылатын талаптар
16. Қалдықтарды көму немесе жағу мақсатымен импорттауға Кеден одағына қатысушы-мемлекеттер аумағында тыйым салынады.
17. Егер:
- қатысушы-мемлекеттiң лицензия беруге жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органының қалдықтарды импорттауға арналған лицензиясы, қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органы берген қауiптi қалдықтарды трансшекаралық (транзиттiк) тасымалдауға арналған рұқсаты және қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылау жасау мен қадағалау тәртібіне сәйкес қалдықтар импортына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құжаттар бар болса;
- қалдықтар Кеден одағына қатысушы-мемлекетте шикiзат ретiнде пайдаланылу үшiн талап етіліп отырса;
- экспортшы мен қалдықтарды пайдалану үшiн жауапты Кеден одағына қатысушы-мемлекет ұйымының келiсім-шарты болып, онда тиiстi қалдықтармен экологиялық қауiпсiз айналысу жолдары және оларды пайдалануды аяқтаудың мерзiмi көрсетiлген болса;
- экспортшы мемлекет Базель конвенциясының тарабы немесе Кеден одағына қатысушы-мемлекеттермен қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы жасалған мемлекетаралық қостарапты, көптарапты немесе аймақтық келісімдердiң немесе шарттардың қатысушысы болса;
- трансшекаралық тасымалдау сақтық және басқа да қаржылық кепілдiктермен, сондай-ақ өндiрушiнiң (қалдықтарды пайдалану немесе көму үшiн жауап беретiн экспортшының, делдалдың, импортшының, тасымалшының немесе Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң ұйымының) келісім-шартқа сәйкес қалдықтарды жеткізудi, пайдалануды жүзеге асыруы мүмкiн болмаған немесе басқа да ойда жоқ оқиғалар мен апаттар жағдайында қалдықтарға қатысты баламалы шаралар жүргiзудi қамтамасыз ететiн өзге де мiндеттемелерiмен қамтамасыз етiлсе, импортшы осы Ереженің № 6.2 Қосымшасында көрсетiлген қалдықтарды әкелудi жүзеге асырады.
Аталған кепiлдiктер сақтық полисi, банк қолхаты, мiндеттемелер немесе залал үшiн өтемақының өзге де уәдесi нысанында болуы мүмкiн.
18. Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң қалдықтарды пайдалану үшiн жауап беретiн ұйымы тиiстi қалдықтарды алғандығы туралы және оларды пайдаланудың аяқталғаны туралы экспортшыны, экспорттаушы мемлекеттiң уәкiлеттi органы мен қатысушы-мемлекеттің қадағалау жасау мен бақылауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органын хабардар етедi.
Ү. Қалдықтардың транзитiне қойылатын талаптар
19. Осы Ережеге № 6.1 Қосымшада көрсетiлген қалдықтардың Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердiң аумақтары арқылы транзитiне тыйым салынады.
20. Осы Ережеге № 6.2 Қосымшада көрсетілген қалдықтардың транзитi қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органы берген қауiптi қалдықтарды трансшекаралық (транзиттiк) тасымалдауға арналған рұқсаты және қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылау жасау мен қадағалау тәртібіне сәйкес қалдықтар транзитiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құжаттар бар болғанда жүзеге асырылады.
21. Қалдықтардың транзитiне рұқсатты қатысушы-мемлекеттiң қадағалау және бақылау жасауға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органы қауiптi қалдықтарды трансшекаралық (транзиттiк) тасымалдауға рұқсат беру тәртібіне сәйкес бередi.
22. Қалдықтарды транзиттеуге сақтық және басқа да қаржылық кепiлдiктер, сондай-ақ өндiрушiнiң (қалдықтарды пайдалану немесе көму үшiн жауап беретiн экспортшының, делдалдың, импортшының, тасымалшының немесе импорттаушы мемлекет ұйымының) келісім-шартқа сәйкес қалдықтарды жеткізудi, пайдалануды немесе көмудi жүзеге асыруы мүмкiн болмаған немесе басқа да ойда жоқ оқиғалар мен апаттар жағдайында қалдықтарға қатысты баламалы шаралар жүргiзудi қамтамасыз ететiн өзге де мiндеттемелерi болған кезде рұқсат етiледi.
Аталған кепiлдiктер сақтық полисi, банк қолхаты, мiндеттемелер немесе залал үшiн өтемақының өзге де уәдесi нысанында болуы мүмкiн.
YI. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезіндегі жауапкершілік
23. Осы Ережеде белгiленген тәртiптi бұзған және сол арқылы қалдықтардың заңсыз трансшекаралық тасымалына жол берген ұйым Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердiң, экспортшының немесе импортшының заңдарына және басқа да мүдделi мемлекеттердiң заңдарына сәйкес жауапты болады.
24. Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердiң аумағына (аумағы арқылы) экспортшының немесе өндiрушiнiң iс-әрекетi нәтижесiнде қалдықтар заңсыз трансшекаралық тасымалданған жағдайда, экспортшы немесе өндiрушi қалдықтарды экспорттаушы мемлекетке өз есебiнен қайтаруды қамтамасыз етедi не оларды экспорттаушы мемлекетке қайтаруды бұл мүдделi мемлекеттiң уәкiлеттi үкiметтiк органы экспортшының немесе өндiрушiнiң есебiнен жүзеге асырады.
25. Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің аумағына (аумағы арқылы) импортшының немесе қалдықтарды пайдалану үшiн жауап беретiн қатысушы-мемлекеттің ұйымының iс-әрекетi нәтижесiнде қалдықтар заңсыз трансшекаралық тасымалданған жағдайда, импортшы немесе қатысушы-мемлекеттің ұйымы қалдықтарды экспорттаушы мемлекетке қайтаруды не олардың экологиялық қауiпсiз пайдаланылуын өз есебiнен қамтамасыз етедi және қатысушы-мемлекеттiң қадағалау жасау мен бақылау үшiн жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органы айқындайтын тиiстi соманы қатысушы-мемлекеттiң заңдарында белгiленген тәртiппен импортталған қалдықтарды пайдалану кезiнде қоршаған ортаға келтірілген залалдың өтемақысы мақсатында төлейдi.
26. Экспортшының немесе Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң өндiрушiсiнiң iс-әрекетi нәтижесiнде қалдықтар экспортшының немесе импортшының заңдарына сәйкес басқа мемлекеттiң аумағына (аумағы арқылы) заңсыз трансшекаралық тасымалданған жағдайда, экспортшы немесе өндiрушi қалдықтарды Кеден одағына қатысушы-мемлекеттiң аумағына өз есебiнен қайтаруды қамтамасыз етедi не оларды қайтару Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердiң заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдауды мемлекеттік реттеудің
бірыңғай тәртібі туралы Ережеге
№ 6.1 Қосымша
Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің аумағына (аумағы арқылы)
импортталуына (транзиттелуіне) тыйым салынатын, ал экспортталуы
мемлекеттік реттеуге* жататын қауіпті қалдықтардың
Тізбесі
_______________________________________________________________________
ВЭД ТН Қалдық Қалдық
бойынша түрінің түрінің
қалдық Базель Экономи.
түрінің конвенция калық
коды Қалдық түрінің атауы сының ынтымақтастық
жіктеуі пен даму
бойынша ұйымының
коды жіктеуі
бойынша коды
________________________________________________________________________
701990-нан Физикалық-химиялық сипаттамасы RB 020**
бойынша асбестке ұқсас әйнекталшықтың
қалдықтары
252400-ден Асбест қалдықтары мен шаң Ү 36 RB 010
Құрамында түсті металдар бар
басқа да шаң: Ү 17
810490000-ден магний шаңы
810890000-ден титан шаңы
811240900-ден ванадий шаңы
8539-дан Өңделген сынап лампалары мен
люминесцентті трубкалар Ү 29
Металл ұнтақтары:
262090-нан екі тотықты марганец электролиті
өндірісінің марганец ұнтақтары
262090-нан күкірт қышқылы өндірісінің Ү 25
селен-сынап ұнтақтары
құрамында торий бар ұнтақтар:
271390-нан Кокс-химия өндірісінің бензолды ректификациялау
цехының сульфат бөлімінің қышқыл смоласы
2902-ден Қышқыл смоланы өңдеуден түсетін қалдықтар: Ү11 RA 020
2912-ден
Кокс және газ зауыттарының ұнтақтары:
270600000-нан Құрамында фенол бар смола тектес фустар
(сланецті ұқсатқаннан кейінгі қалдықтар)
381111100-ден Құрамында тетраэтилқорғасын бар ұнтақтар
(антидетонациялық құрым-күйелер) Ү31 RS 030
285000-нан Арсин мен фосфин қоспалары бар сорбенттер Ү24
293219000-нан Полихлорлы дибензофуран мен басқа да соған
төркіндес қосылыстар Ү43 RC 010
293490-нан Полихлорлы дибензодиоксин (диоксин) және
басқа да соған төркіндес қосылыстар Ү44 RC 020
2903-тен Бромды сутегі қышқылы өндірісіндегі
фторлы органикалық қосылыстардың қалдықтары Ү45
290369-дан Полихлорилді бифенилдер, терфенилдер, поли-
340490-нан бромды бифенилдер, солармен ластанған сұйықтар
немесе еріткіштер, сондай-ақ құрамында осылар
бар заттар мен бұйымдар (50 мг/кг және одан
көп концентрацияда) Ү 10 RC 010
2903-тен Хлорорганикалық қышқылдар өндірісінің Ү 45