1.2. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына әкелiнетiн және мiндеттi сертификатталуға жататын тауарлардың тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес белгiленедi.
Аталған Тiзбе Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық қызметi Тауар номенклатурасының (бұдан әрi - ТМД СЭҚ ТН) талаптарына сәйкес құрылады.
1.3. Қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарында белгiленген стандарттар мен талаптарға сәйкес келудi растайтын құжат импорттаушы елдің сертификаттау жүйесiнiң ережелерi бойынша берiлген сертификаттар болып табылады.
Аталған сертификат басқа қатысушы мемлекеттердiң ұлттық сертификаттау жүйелерiнде берiлген сертификатты тану туралы куәлiк те болып табылады.
1.4. Қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына тауарларды жеткізуге жасалған келісім-шарттар (шарттар) ережелерiнде қатысушы мемлекеттердiң оған уәкiлеттi органдары берген немесе танылуға тиiстi сертификаттар мен сәйкес келу белгілерiнiң болуы көзделуге тиiс.
2.Тауарларды кеден режимiнiң шарттарына сәйкес шығару
ерекшелiгi.
2.1. Қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңдарында көзделген «еркiн айналыс үшiн шығару» кедендiк режимiнде және өзге кеден режимдерiнде мәлiмделген мiндеттi сертификатталуға жататын тауарлар осы мемлекеттердiң кеден органдарына сертификаттарды (рұқсаттарды) немесе кедендiк ресiмдеудi жүргізу үшiн қажеттi осы мемлекеттердiң уәкiлеттi мемлекеттік органдарының басқа да рұқсаттық құжаттарын берген жағдайлар кезiнде ғана қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарында шығарылуға жатады.
2.2. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің уәкiлеттi органдары белгiлеген жағдайда мiндеттi сертификатталуға жататын тауарларды олар орналасқан кеден режимiне қарамастан, сәйкес келу сертификаттарын беру шарттарынсыз шығаруға жол беріледi.
Аталған тауарлар иелiктен алынған жағдайда олар белгiленген тәртiппен сертификатталуға жатады. Мiндеттемелердi орындамаған кезде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң заңдарымен белгiленген шаралар қолданылады.
3. Әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу
3.1. Әкелiнетiн тауарлар осы тауарларды алушы немесе оның құрылымдық бөлiмшесi тұрған Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден органы қызмет ететiн аймақта кедендiк ресiмдеуге жатады.
Қатысушы мемлекеттердің кеден заңдарында белгiленген жекелеген жағдайларда тауарларды өзге кеден органдары ресiмдеуi мүмкін.
3.2. Әкелiнетiн тауарлар кедендiк ресiмдеу кезеңiнде кедендiк бақылауда уақытша сақталуда тұрады. Уақытша сақтаудың шектi мерзiмi Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес белгіленедi.
3.3. Әкелiнетiн тауарлар оларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органында Қатысушы мемлекеттердiң Бас кеден органы белгiлеген тәртiппен декларациялауға жатады.
Кедендiк декларациямен және кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргізу үшiн қажеттi өзге құжаттармен бiрге декларант кеден органына белгiленген нысандағы сертификатты және (немесе) белгiленген талаптарға сәйкес уәкiлеттi органның әкелуге құқық беретiн рұқсатын табыс етуге мiндеттi.
Кеден декларациясы ретiнде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сәйкестендiрiлген кедендiк жүк декларациясын (бұдан әрi - КЖД) пайдаланған кезде декларант 6-тармақтың 44-бағанасындағы КД І (КД2) нысанындағы:
- сертификат берген органның қысқаша атауын;
- сертификаттың нөмiрi мен оның берiлген күнiн;
- сертификаттың қолданылу мерзiмiн көрсетуге мiндеттi.
Кеден декларациясы ретiнде өзге құжатты пайдаланған кезде декларант осы құжатта аталған мәлiметтердi мәлiмдеуге тиiс.
3.4. Кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау мақсаттары үшiн оның нысаны мен мазмұнын туындатқан әдiспен дайындалуға тиiс сертификаттың куәландырылған көшiрмесi пайдаланылады.
Көшiрменi:
- нотариус;
- сертификат берген орган;
- сертификаттау және метрология жөніндегі аумақтық органдар;
- Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң консулдық мекемесi куәландыруы мүмкiн.
3.5. Сертификаттың куәландырылған көшiрмесi кеден органының iстерiнде қалады және декларантқа қайтаруға жатпайды.
3.6. Сертификаттау мақсаттары үшiн декларанттар немесе тауарға қатысты өкiлеттiгі болатын өзге де адамдар кеден органының рұқсатымен әкелiнген тауарды кеден органының бақылауымен тексере, сондай-ақ Олардың сынамалары мен үлгiлерiн өздерімен бiрге ала алады.
Сынамалар мен үлгілер кеден органы лауазымды адамдарының көзiнше бұл сынамалар мен үлгiлердi зерттеудi қамтамасыз ететiндей болмашы мөлшерде алынады.
Сынамалар мен үлгілердi алғаны туралы ерiктi нысанда акт жасалады, оған кеден органының лауазымды адамдары, сондай-ақ сынамалар мен үлгiлерге сұрыптау жүргізген адамдар қол қояды.
Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiне олар тауарларға қатысты берiлетiн кеден декларациясында қамтылу шарттары болған кезде жеке кеден декларациясы берiлмейдi.
Сыналатын үлгiлердi қайтару немесе сынау нәтижелерiнде оларды жоғалту (жою) шарттары декларантпен немесе тауарларға қатысты өкiлеттiктерi болатын өзге адамдардың және стандарттау және сертификаттау жөнiнде қатысушы мемлекеттiң уәкiлеттi органының немесе оның аумақтық органының арасында жасалған шартта келісілуге тиiс.
3.7. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден органдарының лауазымды адамдары кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кезде өзге әрекеттерден басқа:
- сертификат көшiрмесiне қойылған қолдар мен мөрлердi;
- сертификат берген органның өкiлеттiгiн;
- әкелiнетiн тауардың сертификатқа сәйкес келуiн;
- сертификаттың қолданылу мерзiмiн;
- кедендік ресімдеуге қажетті өзге де мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады.
Жеткілікті негіздер болған жағдайда кеден органы декларанттан Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден аумақтарына әкелінетін тауарға сертификат берілу фактісін растауды талап ете алады.
Қажет болған жағдайда тексеруге қатысушы мемлекеттердің стандарттау және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының және/немесе оның аумақтық органдарының өкілдері тартылуы мүмкін.
3.8. Тауарларды шығаруды кеден органы уәкілетті лауазымды адамы кеден органы кеден декларациясын қабылдаған, сондай-ақ сертификаттарды және кедендік мақсаттар үшін басқа да қажетті құжаттар мен мәліметтерді берген күннен бастап он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Оларға қатысты қатысушы мемлекеттердің Бас кеден органдары кедендік рәсімдеудің оңайлатылған тәртібін белгілеген тауарларды шығару үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Осы ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
Осы Ережені бұзуға кінәлі адамдар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Кеден одағы туралы келісімге қатысушы
мемлекеттерге әкелiнетiн тауарларға қатысты
техникалық, медициналық, фармацевтiк,
санитариялық, ветеринариялық,
фитосанитариялық және экологиялық
стандарттарды, нормаларды, ережелердi және
талаптарды қолданудың бiрыңғай тәртібі туралы
Хаттамаға № 4 қосымша
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына санитариялық, ветеринариялық және
фитосанитариялық бақылауға жататын тауарларды әкелу тәртібі туралы
Ереже
1. Негізгi ережелер
Осы Ереже Кеден одағын қалыптастыру кезiндегі тарифтік емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы келісімге сәйкес әзiрлендi және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауға (бұдан әрi мәтiн бойынша - бақыланатын тауарлар) жататын тауарларды әкелу тәртібін белгiлейдi.
Осы Ереже үшiн мынадай мағыналардағы ұғымдар пайдаланылады:
- мемлекеттік қадағалау органы - Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау (бақылау) жасайтын уәкiлеттi мемлекеттік органдары;
- өткізу пункттерi - Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы мен Кеден одағы туралы келісімге қосылушы басқа да мемлекеттердiң мемлекеттік шекаралары арқылы тауарлар мен көлiк құралдарының өтуiне арналған белгiленген жерлер.
Осы Ереженiң күшi өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық мақсатқа арналмаған жеке адамдар әкелетiн және санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауға жататын тауарларға қолданылмайды.
Санитариялық бақылауға жататын тауарлардың бағдарламалық тiзбесi осы Ережеге 4.1-Қосымшада келтiрiлген.
Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың бағдарламалық тiзбесi 4.2-Қосымшада келтiрiлген.
Фитосанитариялық бақылауға жататын тауарлардың бағдарламалық тiзбесi 4.3-Қосымшада келтiрiлген.
Аталған бағдарламалық тiзбелер мемлекеттік қадағалау ұлттық органдарының құзыретiн ведомствоаралық шектейтiн сипатта болмайды. Тараптар Интеграциялық Комитетпен бiрлесiп, бұл тiзбелердi осы Ережеде қолдану процесiнде үнемi нақтылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Осы Ереже меншiк нысандарына, оларды тiркеген жерлерiне, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына бақылауға алынатын тауарларды әкелудi жүзеге асыратын ведомстволық және мемлекеттік тиiстiлігіне қарамастан, бүкiл шаруашылық қызметi субъектiлерiнiң, сондай-ақ бақылауға алынатын тауарларды әкелуге мемлекеттік қадағалауды (бақылау) жүзеге асыратын Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттік органдарының орындауы үшiн міндеттi.
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттік қадағалау органдары өз құзыретi шеңберiнде бақыланатын тауарлардың өткізу пункттерi арқылы тез арада өтуiне бағытталған барлық шараларды қолданады.
2. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарына
әкелiнетiн тауарларға, оларды әкелу және өткізу
шарттарына қойылатын негiзгі талаптар.
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына әкелiнетiн бақылауға алынатын тауарлар қатысушы мемлекеттерде қолданылатын нормативтiк-құқықтық актiлер талаптарына және/немесе Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттік қадағалау органдары өздерiнiң құзыретiне сәйкес таныған тауарлардың қасиетi мен сапасына қойылатын халықаралық талаптарға (ұсыныстарға) сәйкес келуге тиiс.
2.1. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына үшiншi елдерден бақылауға алынатын жүктердi әкелу мемлекеттік қадағалаудың уәкiлеттi органдарының рұқсатымен ғана мүмкiн болады.
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына бақылауға алынатын тауарларды әкелу мен өткізудiң мiндеттi шарты қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік қадағалаудың уәкiлеттi органдары белгiленген нысан бойынша берген құжаттар болып табылады. Аталған құжаттар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң бүкiл аумақтарында қолданылады. Бақылауға алынатын тауарларды әкелу мен өткізуге (немесе топтама көлемiн шектеуге) құқық беретiн құжаттардың қолданылу мерзiмiн оларды берген мемлекеттік қадағалау органдары белгiлейдi.
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына аталған әрекеттердi жүзеге асыруға рұқсат беретiн мемлекеттік қадағалау органдарының құжаттары жоқ бақылауға алынатын тауарларды әкелуге, аумақтарда пайдалану мен өткізуге тыйым салынады.
2.2. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарына тиiстi бақылауға алынатын тауарларды әкелуге рәсiмдердi ресiмдеудiң мiндеттi шарты:
- сатушы немесе сатып алушы келісім-шартты жасау сатысында алуға тиiс мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органдары немесе қатысушы мемлекеттердiң (әкелу мемлекеттерiнiң) мемлекеттік қадағалаудың өзге де уәкiлеттi органдары берген гигиеналық қауiпсiздiк құжаттары (гигиеналық сертификат, қорытынды және басқалары);
- экспорттаушы елдiң мемлекеттік ветеринариялық органы берген ветеринариялық сертификат;
- қатысушы мемлекеттiң (әкелу мемлекетi) орталық мемлекеттік ветеринариялық қызмет басшысының немесе оның орынбасарының рұқсаты (мал шаруашылығы өнiмi және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауына алынатын басқа да жүктер);
- қатысушы мемлекеттiң (әкелу мемлекетi) өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекциясы берген тауарларды әкелуге карантиндiк рұқсат;
- экспорттаушы елдiң тиiстi мемлекеттік қызметi берген фитосанитариялық сертификат болып табылады.
2.3. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына бақылауға алынатын тауарларды әкелу халықаралық шарттарға немесе Кеден одағына қатысушы мемлекеттер Үкiметтерiнiң тиiстi бақылауға алынатын тауарларды өткізуге арналған шешiмдерiне сәйкес белгiленген өткізу пункттерi арқылы ғана жүзеге асырыла алады.
Әкелiнетiн тауарларға қатысты өткізу пункттерiнде қатысушы мемлекеттердiң (әкелу мемлекетi) мемлекеттік қадағалау органдары санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады.
2.4. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң (әкелу мемлекетi) мемлекеттік қадағалау органдарының бақылауы ұлттық заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
2.5. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына бақылауға алынатын тауарларды әкелу кезiнде осы тауарларға қатысты өкiлеттiгі бар адамдар мемлекеттік қадағалаудың тиiстi органына осы Ереженiң 2.2-тармағында көзделген құжаттарды бередi.
2.6. Бақылауға алынатын тауарларға қатысты өкiлеттiгi бар адамдар жоғарыда аталған құжаттарды көрсете отырып, мемлекеттік қадағалау органы өз құзыретi шегінде қоюы мүмкiн осы тауарларға қатысты қосымша талаптарға бағынуға тиiс.
Мемлекеттік қадағалау органының кезекшi қызметкерлерi өз құзыретi шегiнде әкелiнетiн бақылауға алынатын тауарларға қатысты iлеспе құжаттарға зерделеу жүргiзедi.
Қажет жағдайда тексеру жүргізiледi және кеден органдарымен келісілген тәртіппен лабораториялық сараптама үшiн сынамалар мен үлгiлер iрiктелiп алынады.
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумағына бақылауға алынатын тауарларды әкелу мүмкiндiгi туралы шешiм тауар-көлiктiк құжаттардың барлық даналарына тиiстi мөртаңбалар, мемлекеттік қадағалау органдары жауапты лауазымды адамдарының қойылған қолдары мен белгi соғулары арқылы ресiмделедi.
Мемлекеттік қадағалау органы ресiмдеген құжаттар бақылаудың нәтижесi бойынша тиiстi кеден органына беріледi.
2.7. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумағына бақылауға алынатын тауарларды әкелуге тыйым салу туралы шешiм қабылданған жағдайда мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарына тауарларды әкелуге тыйым салу туралы Мәлiмдеменi ресiмдейдi, ол бақылауға алынатын тауарға қатысты өкiлеттiктерi бар адамдардың назарына жеткiзiледi, бұл орайда тауарлық-көлiктiк құжаттарға тыйым салу мөртаңбалары қойылып, белгі соғылады және қол қойылады. Сонымен бiрге осы қабылданған шешiммен бiрге өту пунктiнде орналасқан кеден органына хабарланады.
2.8. Оларға қатысты өткізу пунктiнде санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау аяқталмаған, өткізу пункттерiнде жатқан тауарлардан кеден органдарына өзгеше негiзгi кедендiк ресiмдеу iсiне жiберiлетiн тауарлар мемлекеттік қадағалау органдары өз құзыреттерi шегiнде оларды жеткiзген жерiнде жүргiзетiн мемлекеттік қадағалаудың аталған түрлеріне жатады.
Кеден органдары бақылауға алынатын тауарларды кедендiк ресiмдеудi мемлекеттік қадағалау органдарының рәсiмдерi аяқталғаннан кейiн бiтiредi. Мұндай бақылаудың өткенiн растауды тиiстi органдардың мөртаңбалары және тауарлық-көлiктiк құжаттарға қойылатын лауазымды адамдардың қойған қолдары атқарады.
2.9. Мемлекеттік қадағалау органдары әкелуге тыйым салған бақылауға алынатын тауарлар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумақтарының шегiнен тыс жерлерге дереу әкетiлуге жатады. Әкелуге тыйым салған бақылауға алынатын тауарларды алып кетудi бақылауға алынатын тауарларды өткiзетiн адам, не кеден ережелерiн сақтай отырып, тасымалдаушы өз есебiнен жүргiзедi.
Кеден одағына қатысушы
мемлекеттердiң кеден аумақтарына
санитариялық, ветеринариялық және
фитосанитариялық бақылауға жататын
тауарларды әкелудің тәртібі туралы
Ережеге
№ 4.1 қосымша
Кеден одағы қатысушы мемлекеттердің кеден аумақтарында мемлекеттік санитариялық
бақылауға жататын тауарлардың
Бағдарламалық тізбесі
Сүт және сүт өнімдері, құс жұмыртқасы, табиғи бал,
жануар текті тамақ өнімдері
1. Сүт және қант немесе басқа да тәттілейтін заттарды қоспаған қойыртылған кілегей.
2. Сүт және қант немесе басқа да тәттілейтін заттарды қосқан қойыртылған кілегей.
3. Майсу, ұйытылған сүт және кілегей, йогурт, айран, өзге де ферменттелген немесе ашытылған сүт және қант немесе басқа да тәттілейтін заттарды қосқан немесе қоспаған, жеміс, жаңғақ немесе какао қосқан немесе қоспаған қош иісті немесе қош иіссіз қойыртылған немесе қойыртылмаған кілегей.
4. Қант немесе басқа да тәттілейтін заттарды қосқан немесе қоспаған сүт сарысуы, қант немесе басқа да тәттілейтін заттарды қосқан немесе қоспаған, басқа жерлерде аталмаған сүттің табиғи компонентінің өнімдері.
5. Сары май және басқа да сүт майлары.
6. Сары ірімшік және ақ ірімшік.
7. Шаңғалақтағы, жас, сүрлемеленген немесе пісірілген құс жұмыртқасы.
8. Шаңғалақсыз құс жұмыртқалары мен жұмыртқа сарыуыздары.
9. Табиғи бал.
10. Балалар тағамының арнаулы өнімдері.
11. Басқа жерде аталмаған жануар текті тамақ өнімдері.
12. Желатин.
Ет және тамақтық ет өнімдері
1. Буып-түйілген ет.
2. Жас, мұздатылған немесе тоңазытылған сиыр еті, шошқа еті, қой еті немесе ешкі еті.
3. Блоктардағы мұздақ ет.
4. Жас, мұздатылған немесе тоңазытылған жылқы (ат), есек, қашыр еттері.
5. Жас, мұздатылған немесе тоңазытылған ірі қара мал шошқа, қой, ешкі, жылқы, қашырдың тамақтық ішек-қарыны мен өкпе-бауыры.
6. Жас, мұздатылған немесе тоңазытылған үй құстарының еті және тамақ өнімдері.
7. Шошқа майы, үй құстарының майлары (мұздатылған, мұздатылмаған, күйдірілген, күйдірілмеген, тұздықта тұздалған, кептірілген немесе қақталған).
8. Тұздықта тұздалған, кептірілген немесе қақталған ет және тамақтық ішек-қарын мен өкпе-бауыр, еттен және тамақтық ішек-қарын мен өкпе-бауырдан жасалған тамақтық ұн.
Балық және шаян тәріздестер, ұлу және басқа да судағы
омыртқасыздар
1. Мұздатылған балық, балықтың жон еті.
2. Кептірілген, тұздалған немесе тұздықтағы балық; ыстық немесе мұздатылып қақталған балық.
3. Мүшеленген немесе мүшеленбеген, тірі, жас, мұздатылған, тоңазытылған, кептірілген, тұздалған немесе тұздықтағы шаян тәріздестер; мүшеленбеген, буда немесе ыстық суда пісірілген, мұздатылған немесе мұздатылмаған, тоңазытылған, кептірілген, тұздалған немесе тұздықтағы шаян тәріздестер; шаян тәріздестерден жасалған ұн немесе түйіршіктер;
4. Мүшеленген немесе мүшеленбеген, тірі, жас, мұздатылған, тоңазытылған, кептірілген, тұздалған немесе тұздықтағы ұлу; тірі, жас, мұздатылған, тоңазытылған, кептірілген, тұздалған немесе тұздықтағы шаян тәріздестер мен ұлулардан ерекшеленетін өзге де су омыртқасыздары; өзге де омыртқасыздардан жасалған ұн немесе түйіршіктер.
Ет, балық және шаян тәріздестер, ұлулар мен өзге де су
омыртқысыздарынан жасалған өнімдер.
1. Шұжық және еттен, тамақтық ішек-қарын мен өкпе-бауыр немесе қаннан жасалған осыған ұқсас өнімдер; олардың негізінде дайындалған тамақ өнімдері.
2. Балықтан жасалған өзге де дайын немесе сүрлемеленген өнiмдер; бекiре уылдырықтары (қара уылдырық) және өзге де теңiз балықтарынан дайындалған уылдырықты ауыстырушылар; бүтiндей немесе кесек балық.
Майлар және өсiмдiктi тектi майлар, олардың ыдыратылған өнiмдерi.
1. Iрi немесе ұсақ мүйiздi малдардың үй құстарының майы, ерiтiлген немесе ерiтiлмеген шошқа майлары.
2. Майлар немесе олардың балық немесе теңiз сүт қоректiлерiнен үлестерi.
3. Өсiмдiк майлары және олардың үлестерi.
4. Маргарин.
5. Өзге де майлар.
Қант және қанттан жасалған тәттiдәм тағамдары.
1. Қамыс қанты немесе қатты күйдегi қызылшадан немесе химиялық жолмен жасалған таза сахароза.
2. Қатты күйдегі химиялық таза лактозаны, мальтозаны, глюкоза мен фруктозаны қоса алғанда, қанттың өзге де түрлерi.
3. Какаосы жоқ қанттан жасалған (ақ шоколадты қоса алғанда) тәттiдәм өнiмдерi.
Какао және одан жасалған өнiмдер.
1. Тұтас және ұсақталған, шикi немесе қуырылған какао бұршаққыны.
2. Какао қабықтары (қауызы, қабығы, қабықшасы) және какаоның өзге де қалдықтары.
3. Майынан айрылған немесе майынан айрылмаған какао-паста.
4. Какао-май, какаодан жасалған май немесе сұйық май.
5. Қант немесе басқа тәттiлейтiн заттар қоспаған какао ұнтағы.
6. Какаосы бар шоколад және өзге де тамақ өнiмдерi.
Астық тұқымдастар дәнiнен, ұн, крахмал және сүттен жасалған
өнiмдер, ұннан жасалған тәттідәм өнiмдерi.
1. Уытты экстракт, ұннан, жармадан, крахмалдан және уытты экстракттен жасалған тамақ өнiмдерi.
2. Толтырма немесе толтырмасыз пiсiрiлген немесе пiсiрiлмеген макарон өнiмдерi.
3. Тапиока немесе оның ауыстырғыштары.
4. Астық тұқымдастарды немесе астық өнiмдерiн қабарту немесе қуыру жолымен алынған дайын өнiмдер.
5. Нан, ұннан жасалған тәттiдәм өнiмдерi, печенье және өзге де нан-бөлке және ұннан жасалған тәттiдәм өнiмдерi.
Көкөнiс және кейбір тамыр жемiстілер мен түйнек жемiстiлер.
1. Жас немесе мұздатылған картоп.
2. Жас немесе мұздатылған қызан.
3. Жас немесе мұздатылған басты пияз, ұсақ басты пияз (шарлот), сеппе жуа, сарымсақ және өзге де жуашықты көкөнiстер.
4. Қаудендi, гүлдi, орамжапырақ, кольраби, брунколь және өзге де осыған ұқсас жеуге жарамды көкөнiстер.
5. Сәбiз, шалқан, асханалық қызылша, тамырлы балдыркөк, шалғам және өзге де жеуге жарамды жас немесе мұздатылған тамыр жемiстiлер.
6. Қияр және корнишон.
7. Аршылған және аршылмаған бұршақ көкөнiстерi.
8. Өзге де көкөнiстер: баклажан, бұрыш, артишок, қояншөп және басқалары.
Көкөнiс, жемiс, жаңғақ немесе өсiмдіктiң өзге бөлiктерiнiң
өңделген өнiмдерi
1. Көкөнiс, жемiс, жаңғақ және өсiмдiктiң жеуге жарамды бөлiктерi.
2. Сiрке немесе сiрке қышқылы қосылмаған дайындалған немесе сүрлемеленген қызандар.
3. Сiрке немесе сiрке қышқылы қосылмаған дайындалған немесе сүрлемеленген саңырауқұлақ және трюфель.
4. Сiрке немесе сiрке қышқылы қосылмаған дайындалған немесе сүрлемеленген, тоңазытылған өзге де көкөнiстер, картоп, өзге де көкөнiстер және көкөнiс қоспалары.
5. Қантта сүрлемеленген жемiс, жаңғақ, жемiс қабықтары мен өсiмдiктің өзге де бөлiктерi (шәрбәт сiңiрiлген, әйнекеленген), жанжәбiл және өзгелерi.
6. Джем, жемiс-жидек тоңбасы, мармелад, жемiс-жидек езбесi, жылу өңдеуiнен өткен, оның iшiнде қант, басқа тәттiлейтiн заттар немесе спирт қосылған жаңғақтар.
7. Ашытылмаған және спирт қосылмаған, қант немесе басқа да тәттiлейтiн заттар қосылған немесе қосылмаған жемiс шырындары (жүзiм сыраашытқышын қоса алғанда) және көкөнiс шырындары.
Алкогольдi және алкоголсiз сусындар мен сiрке
1. Минералды және газдалған су.
2. Минералды, қант немесе басқа тәттiлейтiн немесе қош иiстi заттар қосылған сулар, өзге де алкоголсiз сусындар.
3. Сыра.
4. Күшейтiлгендi қоса алғанда, жүзiмдiк табиғи шарап.
5. Көбiктi шарап, шампан.
6. Өсiмдік немесе қош иiстi экстракттар қосылған вермут және өзге де табиғи жемiс шараптары.
7. Күштi спирт ішімдiктерi, құрамында iшкiлiктердi дайындау үшiн пайдаланылатын спирт дүмбiлдерi бар өзге де алкогольдi iшкiлiктер.
8. Сiрке және сiрке қышқылынан алынған оны ауыстырғыштар, шарап сiркесi.
Кофе, шай және татымдылықтар.
1. Қуырылған немесе қуырылмаған, кофеин немесе кофеинсiз кофе, жемiс етi және кофе дәнiнiң қабықтары, кофесi бар кофе ауыстырғыштар.
2. Қош иiстi немесе қош иiссiз шай (көк немесе қара).
3. Кептiрiлген, ұсақталған және майдаланған бұрыш.
4. Ваниль.
5. Дәмқабық және қышқыл ағаштың гүлдерi.
6. Қалампыр (тұтас жемiстерi, гүлдерi).
7. Жұпар жаңғақ, мацис, кардамон.
8. Шаған, бадьян, фенхель, кориандр, зире тұқымдары, арша жемiстерi.
9. Жәнжәбiл, зағыпаран, кукурма (жебiршөп) тимьян, лавр жапырағы және басқалары.
Өзге де әртүрлi тамақ өнiмдерi.
1. Экстракт, эссенция және кофе қанықпалары, экстракт, эссенция, кофе, шай немесе мате қанықпалары негiзіндегі өнiмдер, қуырылған шашыратқы және өзге де қуырылған кофе ауыстырғыштары.
2. Ашытқы (актив немесе актив емес), өнеркәсiптiк микроорганизмдер мен ұйытқылар.
3. Тұздықтар дайындауға арналған өнiмдер және дайын тұздықтар, дәм кiргізетiн қоспалар, аралас астатымдар.
4. Көже мен сорпа, әзiрлеу үшiн дайын астар.
5. Балмұздақ және басқа да ас мұзының басқа да түрлерi.
6. Басқа жерлерде аталмаған тамақ өнiмдерi.
7. Тұз.
Қара және түстi металлдардан жасалған ыдыстар.
1. Эмалданған болаттан шаруашылық ыдысы.
2. Тоттануға берiк болат ыдыс.
3. Эмалданған шойыннан шаруашылық ыдысы.
4. Мельхиор, жез, хромды нейзлильберi немесе никельдi жамылғысы бар ыдыс.
5. Мельхиор, жез, алтынды нейзлильберi немесе күмiс жамылғысы бар ыдыс.
6. Құйма аллюминийден шаруашылық ыдысы.
7. Полимер материалдардан ыдыс.
8. Кремнийлi және фтор органикалық жамылғысы бар ыдыс.
9. Хрустальдан ыдыс және көрнекi бұйымдар.