35) iшкi iстер органдары арнаулы мекемелерiнiң қызметiн ұйымдастыруды және бақылауды, сондай-ақ айдап алып жүрудi жүзеге асырады;
36) Қазақстан Республикасының көшiп кету мен көшiп келу саласындағы заңдарының сақталуын ведомстволық бақылауды және азаматтық мәселелерi бойынша жұмысты ұйымдастырады;
36-1) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және тоқтату рәсімдерін, пана іздеген адамның куәлігін беруді жүзеге асырады;
36-2) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау тәртібін, пана іздеген адам куәлігінің үлгілерін бекітеді;
36-3) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
37) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысады, құқықтық тәртiптiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
38) күзет қызметi саласында, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жеке және Заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
39) кандидатураны әкiмшiлiк учаске халқымен жариялы түрде талқылау ескеріліп, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау тәртібін айқындайды;
40) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және көлiктегi iшкi iстер органдары:
1) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;
3) криминалдық, әкiмшiлiк полициясы мен iшкi iстер органдарының өзге де қызметтерiнiң қызметiн бақылауды, сондай-ақ iшкi әскерлер бөлiмдерiн, бөлiмшелерiн жедел басқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiнде шаралар қолданады және қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтiк құқықтық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
5) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн кадрлармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
6) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi мен қызметшiлерiн аттестаттаудан өткiзедi;
7) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
8) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
9) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында өңірлік ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
10) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуды қамтамасыз етедi, құқықтық тәртiптiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
11) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбiт уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, iшкi iстер органдары арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларын орындалуын қамтамасыз етедi;
12) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша қоғамдық бірлестiктермен, ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен өзара iс-қимыл жасайды;
13) мемлекеттік қорғауға жататын объектiлердi күзетудi, күзет қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, жөндеудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн бақылауды қамтамасыз етедi;
14) өңiрдегi қылмыстың алдын алу мен оған қарсы күрестiң жай-күйi туралы тұрғын халықты хабардар етедi;
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және тергеудi, сондай-ақ алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
16-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен:
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға;
заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар;
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге;
заңды тұлғаларға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар;
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
заңды тұлғаларға:
жарылғыш материалдарды сатып алуға, сақтауға;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар береді;
17) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының және ішкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша рұқсаттардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) тiкелей облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) басқару деңгейiне жататын бөлiмшелердiң күшiмен тиiстi әкiмшiлiк бірлiк аумағында қоғамдық тәртiптi сақтауды және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
19) жол қозғалысы ережелерi мен жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын өзге де нормативтердiң сақталуын, көлiк құралдары иелерінің мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтуiн бақылауды жүзеге асырады, оларды мемлекеттік тiркеу және есепке алу арқылы жол қозғалысына қатысуға жiбередi, көлiктердi пайдаланушы адамдарды, соның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркейдi және есепке алады, емтихан қабылдайды және көлiк құралдарын басқару құқығына арналған куәлiктер бередi, жол қозғалысын реттейдi;
20) iшкi iстер органдары ұстаған, қамауға алған адамдарды айдап алып жүрудi қамтамасыз етедi;
21) уақытша ұстау оқшау бөлмелерiнiң, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты орны және құжаттары жоқ адамдарға арналған арнаулы қабылдау-бөлу орындарының, қызмет жануарларына арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн және оларға бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
22) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
24) халықаралық шарттар негiзiнде iшкi iстер органдарының қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
25) заңсыз көшi-қонның алдын алу, азаматтық, көшiп кету, көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерiн қарау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) iшкi iстер органдары:
1) қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi, ашады және тергейдi, iшкi iстер органдарының қарауына жататын қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асырады, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен адамдарды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда адамдарды iздестiрудi ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) қоғамдық тәртiптi сақтауды, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алу мен жолын кесудi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретiнiң шегiнде әкiмшiлiк iс жүргiзудi, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтауды және оның жолын кесудi, жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалау жасауды, шетелдiктермен және азаматтыққа қабылдау және одан шығу, шетелге тұрғылықты тұру үшiн кету туралы өтiнiш берген адамдармен жұмысты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарына жүктелген өзге де мiндеттердi шешедi;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
4) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiн сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) қылмыс жасады деп сезiк туғызған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдап алынған адамдарды заңға сәйкес қамау және ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
6) ұсталғандарды және қамалғандарды айдап апаруды жүзеге асырады;
7) уақытша ұстау оқшау бөлмелерiнiң, қабылдау-бөлу орындарының, арнаулы қабылдау орындарының, қызмет жануарларына арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
8) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) кадрларды iрiктеудi, орналастыруды жүзеге асырады, аттестаттау жүргiзедi, көтермелейдi, жазалайды, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде жұмылдыру даярлығы мен азаматтық қорғаныс ic-шараларын орындайды;
10) мемлекеттік күзетке жататын объектiлердi күзетудi жүзеге асырады;
11) қорғау нұсқамасын шығарады;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды
5-2-бап. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi
1. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi - қылмыстық-атқару жүйесi) - қылмыстық жазалардың атқарылуын және тергеу изоляторларында күдіктiлер мен айыпталушыларды қамауда ұстауды қамтамасыз ету бойынша атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң тыныс-тiршiлiгін қамтамасыз ететiн ұйымдардың жүйесi.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:
1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы);
2) қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органдары;
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар:
құрылымында пробация қызметтері жұмыс істейтін қылмыстық-атқару инспекциялары;
түзеу мекемелерi;
4) тергеу изоляторлары;
5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактикалық ұйымдары мен бiлiм беру ұйымдары;
6) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталған адамдарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi құрайды.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің персоналын:
1) қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің қызметкерлерi;
2) қылмыстық-атқару жүйесiнде лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер;
3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынасында тұратын қылмыстық-атқару жүйесiнiң жұмыскерлерi құрайды.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң және олардың лауазымды адамдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасы мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленеді.
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 5-3-баппен толықтырылды
5-3-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық- атқару жүйесі органдарының функциялары
1. Қылмыстық-атқару қызметi саласында Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі органдары мынадай:
1) соттардың сотталған адамдарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
2) күдіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
4) сотталған адамдарға түзеу ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастыру;
5) сотталған адамдардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын, сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын күзету;
7) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелеріндегі шұғыл жағдайды бақылау, персоналдың, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, айдап апару;
8) сотталған адамдарды босатуға дайындау жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiн атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталған адамдардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
9) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
10) сотталған адамдардың жалпы бiлiм алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
11) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
12) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
14) персоналдың кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
15) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру функцияларын жүзеге асырады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iске асырады.
Қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне соларда ұсталатын күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталған адамдардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру кезiнде азық-түлік өнiмдерiн, алғашқы қажеттiлiк заттарын, киiм-кешек, аяқ киiм, газеттер, журналдар, әдебиет, дәрi-дәрмектер және қосымша емдiк-профилактикалық көмек көрсету үшiн медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды қосымша сатып алуға, ұзақ мерзiмдi кездесулер ұсынуға және қосымша емдеу-профилактикалық және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалатын өзге де қызметтер көрсетуге, сондай-ақ күдiктiлер мен айыпталушылар үшiн қосымша ақылы тұрмыстық қызметтер жасауға ұсынылатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтер жатады.
09.12.1998 ж. № 307-1 ҚР Заңымен; 05.04.1999 ж. № 360-1 ҚР Заңымен; 11.06.2001 ж. № 208-11 ҚР Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi
1. Iшкi iстер министрлігін Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi басқарады.
2. Iшкi iстер министрi:
1) iшкi iстер органдарына басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдары жүйесінің құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) ішкі істер органдары жүйесінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібін белгілейді;
3-1) Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы қызметіне тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне кандидатура ұсынады;
4) Iшкi iстер министрлігінiң атынан iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады.
5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiктерi
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында iшкi iстер органдарымен бірлесiп, қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-1) қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесші орган құрады.
Консультативтiк-кеңесші органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгі ережемен регламенттеледi.
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен лимиттер шегiнде облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi есебiнен қамтылатын әкiмшiлiк полицияның штат санын ұстауды қамтамасыз етедi;
4) жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының коммуналдық қызмет көрсетуге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметiне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, аумақтық органдар аппараттарына электрондық почта қызметiн көрсетуге жұмсалатын шығындарды қоспағанда, қызметтiк үй-жайлары мен көлiк құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетудi және жөндеудi қамтамасыз етедi;
5) учаскелiк полиция инспекторларын олар қызмет көрсететiн учаскелерде жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған жұмысқа арналған үй-жаймен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етедi;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың деңгейінде спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн жерлерде шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға шектеу қояды;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында iшкi iстер органдарымен бірлесiп, қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң аумағында әкiмшiлiк учаске халқының пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау үшiн iшкi iстер органдарымен бірлесiп, жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастырады;
2-1) қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесші орган құрады.
Консультативтiк-кеңесші органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгі ережемен регламенттеледi.
3) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деңгейінде спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн жерлерде шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға шектеу қояды;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР 11.06.2001 ж. № 208-11 Заңымен 7-бап өзгертiлдi; 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. Iшкi iстер органдары лауазымды адамдарының iшкi әскерлермен өзара iс-қимылы
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан iшкi әскерлер бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерi мен құрамаларының командирлерiне қатысты, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң құрылымына кiрмейтiн өзге де iшкi iстер органдары мен бөлiмшелерiнiң басшыларына қатысты, ал төтенше жағдайлар кезiнде - оларға берiлген барлық күштер үшiн аға оперативтiк бастықтар болып табылады.
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңына сәйкес 8-бап өзгертiлдi
8-бап. Iшкi iстер органдарының өзге де мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара iс-қимылы
1. Iшкi iстер органдары:
1) өзге құқық қорғау органдарымен, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдармен;
2) қоғамдық тәртiптi қорғау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, қоғамдық тәртiптi сақтауда, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде, қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде iшкi iстер органдарына жәрдем жасауға мiндеттi.
2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Iшкi iстер органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
1. Iшкi iстер органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2 тарау. Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi
10.07.1998 ж. № 283-1; 09.12.1998 ж. № 307-1; 16.07.2001 ж. № 244-11; 09.08.02 ж. № 346-II; 10.06.03 ж. № 433-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 25-III (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III; 2008.05.07. № 63-IV (бұр.ред.қара); 2009.28.08 № 192-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертiлдi; 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді