Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне механикалық көлік
құралдарын және оларға тіркемелерді есепке алу, мемлекеттік тіркеу және
мемлекеттік техникалық байқау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
2003 ж. 10 маусымдағы № 433-II Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының мына актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат):
10-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"18) жол жүрісі ережелерінің және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзге де нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібін айқындауға, сондай-ақ жеңіл, жүк автомобильдерін және автобустарды, олардың базасында жасалған арнаулы автомобильдерді қоса алғанда; мотоциклдер мен мотороллерлерді, автомобильдердің құрамында жүруге арналған тіркемелерді мемлекеттік тіркеуді және есепке алуды жүргізуге, оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге, оларды пайдаланушы, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізуге, оларды жүргізу және троллейбустар мен трамвайларды жүргізу құқығына емтихан қабылдауға және куәлік беруге, жол жүрісін реттеуге;".
2. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 жылғы 16 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 14 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің жекелеген түрлерінің жалпы пайдаланудағы жолдармен жол жүрісіне қатысуына рұқсат беруді Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдар тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу, оларды пайдаланушы, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тіркеу мен есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау мен куәлік беру арқылы жүзеге асырады.
Механикалық көлік құралы мен тіркемені сертификатсыз немесе оның белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжатсыз мемлекеттік тіркеуге тыйым салынады.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің мынадай түрлері мемлекеттік тіркелуге жатады:
1) жеңіл, жүк автомобильдері және автобустар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда;
2) мотоциклдер және мотороллерлер;
3) автомобильдердің құрамында жүруге арналған тіркемелер;
4) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің мынадай түрлері мемлекеттік тіркелуге жатпайды:
1) жабық аумақтарда технологиялық көлік ретінде пайдаланылатын автомобильдер мен тракторлар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдер мен тракторларды, өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, тіркемелерді қоса алғанда;
2) троллейбустар;
3) трамвайлар және рельспен жүретін басқа да механикалық көлік құралдары;
4) басқа мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екі айдан аз мерзімге әкелінген жеңіл, жүк автомобильдері мен автобустар, олардың шассилерінде жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда; мотоциклдер мен мотороллерлер.";
2) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Механикалық көлік құралдарын мемлекеттік
техникалық байқаудан өткізу
1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері, тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдарда міндетті мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілуге тиіс.
2. Мемлекеттік техникалық байқаудан өткізудің тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдар белгілейді.".
Қазақстан Республикасының