1) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
2) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
3) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
600-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып түсуін есепке жатқызу
Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес бюджеттен қайтарылуы тиіс есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып түсуін есепке жатқызуды қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.»;
«602-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару
1. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.
2. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, алым, төлемақы, өсімпұл бойынша жеке шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.
3. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
4. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару осы Кодекстің 599-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
5. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына жүргізіледі.
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
Салық органы салық берешегi болған кезде салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан орын алған салық берешегiн өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.
Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.
Салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.
6. Салық төлеушінің есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын қайтару жүргізілмейді.
7. Салық органы салық, төлемақы, алым бойынша қайтару мерзімі бұзылып жүргізілген, олардың артық төленген сомасын қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл қайтару күнін қоса алғанда, қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
8. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебінен салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасын қайтарған күні салық төлеушінің қайтаруға салықтық өтінішінде көрсетілген банк шотына аударылуға жатады.»;
238) 603-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық берешегі болмаған кезде оның банк шотына осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.
Салық органы салық берешегi болған кезде есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырмай-ақ, орын алған салық берешегiн өтеу есебіне қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жүргізеді.
Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтінішін тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.
Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.»;
239) 605 және 606-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
4-тармақтың 239) тармақшасының екінші - жетінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару
1. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту нәтижесінде оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.
Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішке айыппұлдың заңсыз салынғаны салдарынан оның күшін жоюды немесе көлемін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе салық қызметінің жоғары тұрған органының (лауазымды адамның) шешімі қоса берілуге тиіс.
2. Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті салық төлеуші қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептеулі тұратын жеке шоты бойынша салық органына ұсынады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына айыппұл сомасын қайтаруға өтініш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
4. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұлды төлеу кезінде артық төленген соманы қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын қайтару және есепке жатқызу
Осы Кодекстің 599, 601 - 602-баптарында көзделмеген негіздер бойынша бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомаларын қайтару және есепке жатқызу осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.»;
240) 607-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - осы Кодекстің 37-1-бабының 7-тармағында және 43-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық есептілігінде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;»;
241) тармақша 2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
241) 608-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Егер осы баптың 1-2, 1-3-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп тексеру жүргізу күні осындай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. Салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 4) - 9) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), хабарламаның қайтарылу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.»;
242) 609-бапта:
242) тармақшаның екінші - бесінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тәсiлдi қоспағанда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi:
1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған, 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар;
2) өтініштері осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіппен қаралатын салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қатысты қолданылмайды.»;
4-тармақтың 242) тармақшасының алтыншы абзацы 2010 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ алып тасталсын;
243) 611-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтару күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;»;
243) тармақшаның төртінші және бесінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде жүргізіледі.»;
244) тармақшасы 2010 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
244) 614-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
245) 615-баптың 3, 4, 7 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банк шотынан салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады.
4. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банк шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.»;
«7. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотындағы бар сомалар шегінде орындайды.»;
«9. Салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.»;
246) 616-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiнің сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi (салық агенті) салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн тапсырған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алуға жатады.»;
247) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
247) 623-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетiлген, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп және (немесе) аталған келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орындарында қызметін жүзеге асыратын сенім бiлдiрiлген адам (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) iрi салық төлеушiлердiң мониторингіне жатқызылады және осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында белгiленген шарттардың сақталуына қарамастан, iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгзiледi.»;
248) 624-бапта:
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
4-тармақтың 624) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2 - 5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.»;
249) 625-бапта:
4-тармақтың 249) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «салық бақылауын» деген сөздер «салықтық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылып, 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салықтық тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу;»;
«2) осы Кодекстiң 274-бабының ережелерi ескерiле отырып, қосылған құн салығының асып түскен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiне құқықты айқындау мақсатында пайдаланылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекел дәрежесінің критерийлерін және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
250) 627-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналар:
нұсқамада көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары және осы Кодекске сәйкес салық қызметi органдары тексеру жүргiзуге тартатын өзге де адамдар;
мынадай:
салық органдарында тiркеу есебiне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша тақырыптық тексерулер кезiнде - нұсқамада көрсетiлген аумақтың учаскесiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi;
салықтық тексерудiң басқа түрлерi кезiнде - нұсқамада көрсетiлген салық төлеушi салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.»;
5-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тақырыптық тексеру - мыналар:
салықтың және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы;
Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы;
мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуi, ұсталуы мен аударылуы, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы есептелуi мен төленуi;
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы;
трансферттiк баға белгiлеу;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;
соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң немесе қаулысының негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасасқан операциялар бойынша салық мiндеттемелерiн айқындау;
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетінсіз жүзеге асырылған деп сот таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша салық мiндеттемелерiн анықтау мәселелерi бойынша;
салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау;
халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолдану заңдылығы;
қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;
төленген табыс салығын резидент еместiң салықтық өтiнiшiнің және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтару;
осы Кодекстiң 608-бабында белгiленген тәртiппен камералды бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орындалмауы;
салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексерудiң нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметi органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау;
төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместiң салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтiнiшiн қарау;
салық органдарында тiркеу есебiне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы;
бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiн сақтау;
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмдi орындау мәселелерi бойынша салық төлеушiге (салық агентiне) қатысты салық қызметi органы жүргiзетiн тексеру.
Мынадай:
салық органдарында тiркеу есебiне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысу үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектілерi бiрлестiктерiнiң өкiлдерi осындай бiрлестiктермен келiсiм бойынша тартылуы мүмкiн.»;
250) тармақшаның қырық бірінші және қырық екінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сауда операциялары кезiнде қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді жедел режімде жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасын пайдаланған жағдайда, бақылау-касса машинасының болуы және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізілмейді.»;
9-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жоспардан тыс тексеру - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлмеген, оның iшiнде:
салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң өтiнiшi бойынша;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген негiздер бойынша;
салық төлеушi (салық агентi) бұрын тексерiлген салық кезеңiне қосымша салық есептiлiгiн осындай қосымша салық есептiлiгiнде көрсетiлген мәлiметтердiң дәйектілігін тексеру мақсатында ұсынылған жағдайда;
салық қызметi органының бұрын жiберiлген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келiп түспеген жауап алынған жағдайда;
осы Кодекстiң 608-бабында белгiленген тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушi (салық агентi) орындамаған жағдайда;
резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;
резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты;
дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;
салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылуына байланысты;
жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт мерзiмiнiң өтуiне байланысты;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша;