«автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты салмағының жол берiлетiн жалпы салмақтан асып түскенi үшiн есеп-қисапты, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшерiндегi алым мөлшерлемесін асып түскен әрбiр (толық емесiн қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргiзiледi;»;
2-тармақ алып тасталсын;
193) 462-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және рұқсат құжаттарын алғанға дейін бюджетке төленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүру фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы осындай факті анықталған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы рұқсат құжаты алынғанға дейін рұқсат құжаты алынған жер бойынша бюджетке төленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүру фактісі анықталған жағдайда алым сомасы алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
194) 463-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«463-бап. Жалпы ережелер
Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) өткізу кезінде алынады.»;
195) 467-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
196) 472-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алым сомасы белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - өздерінің орналасқан жері бойынша және жеке тұлғалар - тұрғылықты жерi бойынша тиiстi құжаттарды лицензиарға бергенге дейiн бюджетке төленедi.»;
«4. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымның сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның тапсырмағанын растайтын, лицензиар берген құжатты ол тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.»;
197) 476-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін рұқсатты (рұқсаттың телнұсқасын) алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның тапсырмағанын растайтын, байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган берген құжатты ол тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.»;
198) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
198) 478-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша орналасқан салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
199) 483-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.»;
200) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
200) 493-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
201) 495-бапта:
201) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ кестесінің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
3 | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,24 |
»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы бапта белгіленген қоршаған ортаға эмиссия үшін белгіленген нормативтерден асатын төлем мөлшерлемелері он есе ұлғаяды.»;
202) 496-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативін сатып алуға құқылы. Нормативті сатып алу рұқсат құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген кезде ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.
3. Рұқсат құжаты осы Кодекстің 498-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алынған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) рұқсат құжатында көрсетілген орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
Ластанудың қозғалмалы көздері бойынша төлем сомасы бюджетке:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша - салық төлеушінің орналасқан жері бойынша енгізіледі.»;
203) 498-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация тапсырады.
Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларация салық органдарына:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша - салық төлеушінің орналасқан орны бойынша тапсырылады.»;
204) 507-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, төленген төлемақы сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте төленген төлемақы сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлемақы төлеушінің салықтық өтініші бойынша оның мемлекеттік орман иеленушілер берген, ағаш кесу билетінің, орман пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты ол тапсырғанынан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен оның төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.»;
205) 508-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) (мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және олардың қандай да бір жер санатына жататындығына қарамастан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегіндегі жер учаскелерінде орналасқан және осы Кодекстің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алынады.»;
206) 511-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны бақылау-өткiзу пункттерiнде, не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актiсiнде айқындалған, табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң немесе аталған төлемді растайтын бақылау-касса машинасы, терминалдар чектерiнiң негiзiнде қолма-қол ақша енгiзу жолымен жүргiзiледi.»;
4-тармақтың 207) тармақшасы 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
207) 513-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
208) 515-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмей төленеді.
Қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасында салық төлеушілер ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес заңды тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлемақы төлейді.»;
209) тармақша 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
209) 524-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көлiк саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жыл сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және нысан бойынша уәкiлеттi органға навигация мерзiмдерi туралы мәліметтер ұсынады.»;
210) 527-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы төлемақы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.»;
6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
4-тармақтың 527) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Төлемақы төлеушілер төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл төлемақы үшін салық кезеңі болып табылады.»;
211) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
211) 528-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жол органдары және жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер ұсынады.»;
4-тармақтың 212) тармақшасы 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
212) 529-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарнама объектілерін орналастыратын жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) мен заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімше орналасқан жер бойынша салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның мұндай тану немесе мұндай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
213) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
213) 530-баптың 2-тармағының кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
Р/с № | Жолдардың санаты | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Қалаға кiреберiстер | 8 |
2. | I, II | 7 |
3. | III | 3 |
4. | IV | 2 |
»;
214) 531-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұндай көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізген кезде олардың мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын тіркелген жері бойынша төлемақысы бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
5. Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш және бұл төлеушіде төлемақының артық төленген сомасының болғанын және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастырмау фактісін растайтын тиісті мемлекеттік уәкілетті органның құжаты негізінде салық органдары жүргізеді.»;
215) 532-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«532-бап. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк баж - мемлекеттiк уәкiлетті органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәнi бар iс-әрекеттерге теңестіріледі.
2. Мемлекеттік уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өзінің орналасқан жері бойынша салық органына мемлекеттік баж төлеушілер туралы ақпарат ұсынады.»;
216) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
216) 536-баптың 20) тармақшасының бірінші абзацындағы «қолдың растығын» деген сөздер «қолдардың түпнұсқалығын» деген сөздермен ауыстырылсын:
217) 542-баптың 10) тармақшасындағы «бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.»;
218) 556-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) акцизделетін тауарларға, сондай-ақ авиациялық отынға, биоотынға және мазутқа бақылау;»;
219) 557-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есепке жазылған сомасы туралы;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) жеке тұлғаларға мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының есепке жазылған сомасы туралы;
6-2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;»;
220) 558-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, салықтық тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін табыс етудің мүмкін болмауы;»;
3) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салықтық зерттеп тексеруді жүргізу үшін осы тармақшада көзделген негіздеме, осы Кодекстің 73 және 74-баптарында белгіленген тәртіппен салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.»;
4-тармақтың 220) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық органы салық төлеушінің орналасқан жерінің болуын (болмауын) растау туралы хабарламаны салық төлеушіге жіберген күннен кейінгі күннен кешіктірмей, мұндай салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), салықтық тексеру актісін жүргізу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, салық органы:
осы Кодекстің 611-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады немесе
жазбаша түсіндірме ұсынуға осы тармақта белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алуды жүргізеді.»;
221) 561-баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алатын (өткізетін) осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес - осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша. Егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.
Егер мұндай резидент емес бағалы қағаздарды, активтер құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкін құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлестерін сатып алған (өткізген) жағдайда, салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына резидент емес туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады;
«5) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін), осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес - мүліктің орналасқан жері бойынша. Егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды;»;
222) 562-бапта:
1-1-тармақтың 3) тармақшасындағы «инкорпорация елiндегi» деген сөздер «бар болған жағдайда инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін), осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:»;
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Қазақстан Республикасында мүлік, көлік құралдары салығы немесе жер салығы салынатын объектiсi болып табылатын мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай мүліктің орналасқан орны бойынша салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) мұндай нөмірі бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;
223) 564-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде немесе оның салықтық өтінішімен мынадай себептер бойынша:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер жеке тұлғада Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерi болмаған жағдайда, мұндай тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуі;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Кодекстің 562-бабының 5-2-тармағында көрсетілген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның салық салу объектiлерiне құқықтарының тоқтатылуы;»;
224) 566-бапта:
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер;
2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтінішті ұсыну мерзімі осы баптың 2-1-тармағына сәйкес салықтық өтінішті ұсынған кезде қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, мұндай куәлік дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынылған салықтық өтініш негізінде ауыстыруға жатады.
Бұл ретте салықтық өтініш осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар қоса берілместен ұсынылады.»;