28) тапсырыс берушіден, сондай-ақ құрылтайшылары тапсырыс берушілер болатын мекемелерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу не олардың қызметінің негізгі мәні бойынша дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес немесе одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тапсырыс берушілерге тиесілі заңды тұлғалардан тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
29) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
30) жаңа технологияны енгізуге байланысты сол технологияның меншік иесінен жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
31) жоба алдындағы құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстардың негізгі көлемін тиесілі түрде орындаған өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу;
32) жобалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігінен туындайтын жобалық құжаттаманы әзірлеген өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу;
33) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, жиындар мен төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
34) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
35) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие, осындай нарықта үлесі 100 (бір жүз) пайызға тең болатын тұлғадан не мемлекеттік монополия субъектісінен оның қызметінің негізгі мәні бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
36) қосылған желі арқылы табиғи газды, суды, сумен жабдықтау қызметін және жылу энергиясын сатып алу;
37) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
38) мыналарды:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алуы;
39) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;
40) 2010.02.04. № 279 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін, сондай-ақ сатып алуға, жеткізу мен лизинг мәнін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
42) емделушінің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрілік заттарды сатып алу;
43) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, техникалық көмекті, тестік аккредиттеуді және аккредитттеуді қамтитын холдинг клиникаларын халықаралық аккредиттеуге дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
43-1) ұлттық компанияның жарғылық мақсаттарына сәйкес білім беру, ғылым қызметтерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін білім беру және оқу бағдарламаларын (соның ішінде талапкерлерді таңдау және қабылдау, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша басшы персоналды іріктеу бойынша), даму тұжырымдамаларын әзірлеу, енгізу және (немесе) іске асыру жөнінде қызметтерді және (немесе) жұмыстарды сатып алу;
44) мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
45) кіреберіс жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу;
46) жерсерік ресурсын жалға беру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
47) теле бағдарламаларды, оның ішінде жерсеріктер және жер үсті құрылыстары арқылы тарату, трансляциялау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
48) бейне/аудиоматериалдарды жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
49) рейтингтік агенттіктердің, қаржы қызметтерінің қызметтерін сатып алу;
50) ағындарды (кәріз) бұру қызметтерін сатып алу;
51) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
52) электр энергиясын, оның ішінде холдингке кіретін энергия жабдықтаушы ұйымнан сатып алу;
53) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
54) темір жолда жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу және сату жөніндегі қызметтерді сатып алу.
56) стратегиялық әріптестерден білім және ғылым, білім беру үдерісін әдіснамалық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
56-1) «Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу;
57) білім беру және (немесе) ғылыми бағдарламаларының мазмұнына сәйкес шетелдік арнайы оқу және көркем әдебиетті сатып алу;
он үшінші абзацы 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады
58) тапсырыс берушіге «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің», сондай-ақ «Назарбаев Университетінің» құрылысына бөлінген жер учаскелеріндегі құрылыстарды сатып алу және бұзу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болып табылатын заңды тұлғадан сатып алу;
58-1) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау, ұйымдастыру және оны өткізу үшін тауарлар мен жұмыстарды сатып алуды қамтымайтын көлемде қажетті көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
59) акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі заңды тұлғалардың акцияларын қор нарығына орналастыру жөніндегі консультациялық қызметтерді сатып алу.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды
18-1. Кепілдендірілген тапсырыс тәсілімен сатып алу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар (бұдан әрі - кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші) арасында технологиялық меморандум жасалған жағдайда жүзеге асырылады.
19. Тапсырыс беруші осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алу қорытындыларын шығарғаннан кейін өнім берушімен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шарт жасасады.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Кепілдендірілген тапсырысты тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті берушілердің барлығының арасында кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші сатып алуды ұйымдастыру арқылы мынадай тәртіппен орналастырады:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар арасында жасалған технологиялық меморандумда айқындалған, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушілер арасында кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жариялайды;
2) кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жүргізеді және олардың өндірістік қуатын есепке ала отырып, бір немесе бірнеше әлеуетті өнім берушілері айқындайды;
3) өткізілген сатып алу негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші өндірісті ұйымдастыру және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің осы шартта көрсетілген техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізу бойынша әлеуетті өнім берушімен (лермен) (бұдан әрі - өнім беруші) кемінде үш жыл мерзімге кепілдендірілген тапсырыс шартын (тарын) жасасады;
4) өнім беруші (лер) кепілдендірілген тапсырыс шартының талаптарына сәйкес шартта көрсетілген мерзімде тауар өндіруді ұйымдастырады және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізеді.
20. Қазақстан Республикасының резидент емесімен сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды
20-1. Тапсырыс беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орналастырады.
21. Сатып алу ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.21.06. № 641 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Үлгі ережеге
1-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпарат
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс берушінің БСН | Тапсырыс берушінің СТН | Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде) | Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) | Сатып алу жылы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Сатып алу жоспары
р/с № | Жоспар тармағының түрі | Сатып алу нысанының түрі | Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды (ТЖҚЖ сәйкес) | Мемлекеттік тілдегі сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы (ТЖҚЖ сәйкес) | Орыс тіліндегі сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы (ТЖҚЖ сәйкес) | Мемлекеттік тілдегі сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипаттамалары (сипаты) (ТЖҚЖ сәйкес) | Орыс тіліндегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаты) (ТЖҚЖ сәйкес) | Қосымша сипаттама (мемлекеттік тілде) | Қосымша сипаттама (орыс тілінде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| | | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Сатып алу тәсілі | Өлшем бірлігі (ТЖҚЖ сәйкес) | Саны, көлемі | Бірлік құны, теңге | Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге | Сатып алуды жүзеге асырудың жоспарлы мерзімі (ай) | Тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсету мерзімі | Елді мекен коды (ӘАОЖ сәйкес) | Алдын ала төлем мөлшері, % |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| | | | | | | | |
* ТЖҚС - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратта ақпаратты толтыру жолдар бойынша, мынадай тәртіппен әрбір тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет бойынша жеке жүзеге асырылады.
Жалпы мәліметтер
1-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (болған жағдайда толтырылады).
2-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
3-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің қазақ тіліндегі атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі.
5-баған. Сатып алу жоспарының жылы көрсетіледі (мысалы: 2012).
Сатып алу жоспары
1-баған. Жылдық сатып алу жоспары жазбасының (позициясының) реттік нөмірі көрсетіледі (реттік нөмірі нүктесіз бүтін сандармен жазылады).
2-баған. Жоспар тармағының түрі көрсетіледі.
3-баған. Сатып алу мәнінің түрі (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) көрсетіледі.
4-баған. «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы» анықтамалығына сәйкес 17 белгі деңгейінде тауар коды не 14 белгі деңгейінде жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.11.00.00.00.01.10.1).
5-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қазақ тіліндегі атауы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
6-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
7-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес қазақ тілінде сатып алу мәнінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
8-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес қазақ тілінде сатып алу мәнінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
9-баған. Қазақ тілінде сатып алу мәнінің қосымша сипаттамасы көрсетіледі.
10-баған. Орыс тілінде сатып алу мәнінің қосымша сипаттамасы көрсетіледі (аталған баған толтыру үшін міндетті болып табылмайды).
11-баған. Сатып алу тәсілі көрсетіледі.
12-баған. ТЖҚЖ анықтамалығына сәйкес өлшем бірлігі көрсетіледі (3-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
13-баған. 11-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі.
14-баған. Теңгемен сатып алу мәнінің бірлігі үшін бағасы көрсетіледі.
15-баған. Теңгемен жоспарланатын сатып алу сомасы көрсетіледі.
16-баған. Сатып алу рәсімдерін өткізудің жоспарланатын айы көрсетіледі.
17-баған. Жоспарланатын жеткізу мерзімі көрсетіледі (ерікті жолақ).
18-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес елді мекен коды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу орны көрсетіледі.
19-баған. Жоспарлы аванстық төлем мөлшері көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.21.06. № 641 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Үлгі ережеге
2-қосымша
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер
туралы ақпарат
Шарттар тізіліміндегі жазбаның нөмірі | Жазбаның соңғы өзгертілген күні | Тапсырыс беруші | Сатып алуды жүзеге асыру тәсілі | Сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі | Сатып алудың қорытындысы шыққан күн | Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері | Шарт |
атауы | СТН | БСН | күні | нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| | | | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Шарт валютасының коды | Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің (ТЖҚС-ке сәйкес) коды | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (ТЖҚС-ке сәйкес) атауы | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаты) | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаты | Тауар туралы ақпарат | Бірлік үшін бағасы, теңгемен | Саны | Сомасы, теңге |
тауар өндірілген ел | тауардың мәртебесі |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| | | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат | Шарт орындалған күн | Шарттың қолданылуы тоқтатылған күн |
Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.) | Орналасқан жері (мекенжайы) | СТН | БСН, ЖСН | Өнім берушінің елі | Телефон және факс | Шарт бойынша | Іс жүзінде | Іс жүзінде тапсырыс берушінің төлегені, теңгемен | Күні | Негізі және себебі |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |
| | | | | | | | | | |
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратта ақпаратты толтыру есепті кезең үшін әрбір жасалған шарт туралы жеке жолға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.
1-баған. Шарттар тізілімінде 20 мәнді нөмір жазбасын жүйе автоматты түрде толтырылады.
2-баған. Сатып алу шартына өзгеріс енгізілген жағдайда күні «күн, ай, жыл» (00.00.0000. мысалы, 04.10.2013.) форматында көрсетіледі.
3-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің салық төлеуші ретіндегі тіркеу нөмірі көрсетіледі.
5-баған. Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
6-баған. Сатып алу тәсілі мәтіндік бөлігі мен код аймағының мәнінің мынадай сәйкестігіне қарай көрсетіледі:
тендер - 1;
баға ұсыныстарын сұрату - 2;
бір көзден сатып алу - 3;
ұйымдастырылған электрондық сауда-саттық - 4;
тауар биржалары арқылы - 5;
кепілдендірілген тапсырыс - 6.
7-баған. Сатып алу өткізілетіні туралы хабарламаға берілген нөмір көрсетіледі.
8-баған. Сатып алу қорытындылары шыққан күн «күн, ай, жыл» (00.00.0000. мысалы, 04.10.2013.) форматында көрсетіледі.
9-баған. Құжаттың «күн, ай, жыл» (00.00.0000.) форматында күні, нөмірі мен атауы (мысалы, № 54, сатып алу қорытындыларының хаттамасы) көрсетіледі.
10-баған. Шарт жасалған күн «күн, ай, жыл» (00.00.0000.) форматында көрсетіледі.
11-баған. Шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
12-баған. Шарт валютасының коды валюталардың сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
13-баған. Тапсырыс беруші сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің коды Тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
14-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы Тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
15-баған. Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаты) Тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.
16-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қосымша сипаттамасы көрсетіледі.
17-баған. Тауар өндірілген ел елдердің анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
18-баған. Тауардың мәртебесі, егер: толық өндірілген болса - 1, қайта өңдеуге ұшыраған болса - 2 деп көрсетіледі.
19-баған. Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірлік бағасы (нүктеден кейінгі екінші ондық мәнге дейін дәл) теңгемен көрсетіледі.
20-баған. Тауарлардың саны 19-бағанда аталған тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес көрсетіледі.
21-баған. Шарттың сомасы теңгемен (нүктеден кейінгі екінші ондық мәнге дейін дәл) көрсетіледі.
22-баған. Заңды тұлғаның толық атауы немесе тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуші - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты шартқа сәйкес көрсетіледі.
23-баған. Заңды тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің почталық мекенжайы, атауы, үйінің, кеңсесінің (егер бар болса) нөмірі, жеке тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің почталық мекенжайы, атауы, жеке тұлғаның тұрғылықты орны бойынша тіркелген үйінің, пәтерінің нөмірі көрсетіледі.
24-баған. Өнім беруші - салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
25-баған. Заңды тұлғалар үшін - бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі.
26-баған. Елдердің анықтамалығына сәйкес өнім беруші резиденті болып табылатын ел көрсетіледі.
27-баған. Өнім берушінің телефоны және факсы (бар болса) көрсетіледі.
28-баған. Шарттың талаптарына сәйкес шарттың қолданылуы аяқталуының жоспарлы күні «айы, жылы» форматында (00.0000) көрсетіледі.
29-баған. Шарттың орындалған күні шарттың «күні, айы, жылы» форматында (00.00.0000.) көрсетіледі.
30-баған. Шарттың ақысын төлеу есебіне жүзеге асырылған төлемдер сомасы теңгемен не шартта көрсетілген валютада көрсетіледі.
31-баған. Өзге себептермен шарттың қолданылуының орындалуы немесе орындалмауы тоқтатылған күн «күні, айы, жылы» форматында (0000.00.00.) көрсетіледі.
32-баған. Шарт қолданысының тоқтатылу негіздемесі мен себебі оның бұзылуына байланысты немесе өзге себептері бойынша көрсетіледі.