11. Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға айқындалған заңды тұлғалар жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру бойынша ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
12. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар жөніндегі экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.
13. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
43) тармақшаның бір жүз бірінші - бір жүз отыз екінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау
Концессиялық жобаларды жоспарлау концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды негізінде мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) концессиялық ұсыныстарды әзiрлеу және іріктеу;
2) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
3) концессия шартын жасасу.
155-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу
1. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға Үкімет немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалар концессиялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары немесе жергілікті атқарушы органдар республикалық және жергілікті маңызы бар концессиялық жобалар бойынша концессиялық ұсыныстарға талдау жүргізу және оларды пысықтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларды тартады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы негізінде концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады, олардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
155-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
1. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.
2. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге не түзетуге, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергілікті концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға сараптамаға жібереді.
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалардың негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
6. Конкурстық құжаттамаға тиісті бюджеттік комиссияның қарауынсыз мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қосуға жол берілмейді.
7. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету концессиялық жобаның концессиялық ұсыныста қамтылған маркетингтік, қаржылық-экономикалық параметрлері ескеріліп, қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру арқылы жүзеге асырылады.
8. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау
1. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік комиссиялар мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергілікті концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
156-бап. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіздер
Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау концессия шарттарына қол қою жолымен жүзеге асырылады.
Мыналардың:
1) болған жағдайда келіссөздер хаттамасының;
2) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған концессия жөніндегі комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы ұсыныстарының;
3) бюджеттік комиссияның мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы ұсыныстарының болуы мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіз болып табылады.
Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
44) 31-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«31-тарау. Бюджеттік инвестициялар мен концессиялық жобаларды жүзеге асыру»;
45) 157-баптың 10 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
46) 158-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«158-бап. Концессиялық жобаларды іске асыру
1. Концессиялық жобалар «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес концессия шартының негізінде іске асырылады.
2. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін концессия объектілерін құру (реконструкциялау) және оларды кейіннен пайдалану кезеңінде тиісті саланың орталық уәкілетті органы жүзеге асырады.
3. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
4. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
47) 159-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджеттік инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын инвестициялардың мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
48) 160-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
49) 162-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимиттерін белгiлеу;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауын республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты есебiнен концедент жүзеге асырады.»;
50) 163-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимиттерін белгiлеу;»;
51) 165-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«165-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауы
Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен концедент жүзеге асырады.»;
52) 187-баптың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарауын қамтиды.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы экономикалық сараптаманың қорытындысы ескеріле отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң экономикалық сараптамасын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады;»;
«4) бюджеттік комиссияның бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына енгізу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауын қамтиды.»;
53) 229-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) концессиялық өтінімге сараптаманың оң қорытындысының болуы;»;
54) 230-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды iрiктеу
Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды iрiктеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.»;
55) 48-тарау мынадай мазмұндағы 243-1-баппен толықтырылсын:
«243-1-бап. 2014, 2015 қаржы жылдарына арналған бюджеттерді әзірлеу, бекіту және нақтылау ерекшеліктері
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер 2014 қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, бекіту және нақтылау кезінде қалыптастырылмайды.
2015 қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту және нақтылау кезінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемдері бар бюджеттік бағдарламаларды қамтиды.».
2-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат):
27-баптың 1-тармағының 1-5) тармақшасы алып тасталсын.
3-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар):
1) 1-бапта:
8) тармақшадағы «концессияны жүзеге асыру бойынша шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар жиынтығы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9), 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау - концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдау бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер;»;
«11) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негiздеме) - маркетингтiк, техникалық-технологиялық, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық зерттеулердiң нәтижелерi, сондай-ақ концессиялық жобаны iске асырудың орындылығы мен мүмкiндiгiн негiздейтiн институционалдық шешiмдер, қаржылық шешiмдер, тәуекелдердi бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттiк қолдау түрлерi мен мөлшерiн айқындау жөнiндегi, сондай-ақ жобаны iске асыру кезiнде оның мемлекеттiк бюджетке ықпал етуi жөнiндегi шешiмдер және тұтас экономика мен оның салаларының дамуына әлеуметтiк-экономикалық әсер қамтылатын жоба алдындағы құжаттама;
12) концессиялық ұсыныс - тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын, мемлекеттік қолдау шараларын, концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін көрсететін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта отырып әзірлейтін концессиялық жобаның тұжырымдамасы;»;
22) тармақша алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) тiзбе - орта мерзімдік кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекiтетiн тiзбесi.»;
2) 8-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
4) және 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларын бекітеді;
4-1) пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 4-2) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру қағидаларын бекітеді;»;
«6-1) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды айқындайды;»;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) концессия шарттарының мониторингін жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу қағидаларын бекітеді;»;
3) 9-бапта:
1) тармақшада:
үшінші абзац алып тасталсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;»;
2) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тізбені қалыптастырады және бекітеді;»;
«5) концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекітеді;»;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін қалыптастырады;
7-4) концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;»;
4) 10-баптың 4) және 7-1) тармақшалары алып тасталсын;
5) 12-баптың 4) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүзеге асырады және концессиялық жобаның іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;»;
«8) қажет болған жағдайда, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тартады;»;
6) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды айқындайды;»;
7) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында және осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны концессия шартының шеңберінде концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнынан аспауға тиіс.»;
8) 15-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы орган концессиялық ұсыныстарды талдау және пысықтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тартады.»;
5-2, 5-3 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
5-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
6. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
9) 15-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу