Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 260 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитеті (бұдан әрi Комитет) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен Комитетті таратуды, оның мүлкiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне берудi жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 45-құжат) 1-тармағының және 2-тармағы 1) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2004 жылғы 3 наурыздағы № 260 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 қаңтардағы № 20 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен тәртібі туралы ережеде:
15-тармақтағы «Iшкi iстер» деген сөздер «Әдiлет» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат):
1) 2-тармақта:
«министрлігі» деген сөзден кейiн «және Әдiлет министрлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
«Нұсқаулықты» деген сөз «Нұсқаулықтарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесінде:
5-тармақта:
төртiншi абзацтағы «iшкi iстер» деген сөздер «әділет» деген сөзбен ауыстырылсын;
он екiншi абзацтағы «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі» деген сөздер «уәкілеттi органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Әдiлет органдары Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiк пен төлқұжат беретiн уәкілетті органдар болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«Iшкі iстер органдары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамның жеке куәлiгiн беру жөнiндегі уәкілетті органдар болып табылады.»;
13-тармақта:
«құжатты» деген сөз «құжаттарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
«уәкілеттi орган» деген сөздер «уәкілетті органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
20, 22-тармақтардағы «iшкi iстер» деген сөздер «әділет» деген сөзбен ауыстырылсын;
23-тармақтағы «iшкi iстер органдарына» деген сөздер «уәкілетті органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
43-тармақ «iшкi iстер» деген сөздерден кейiн «және әділет» деген сөздермен толықтырылсын.
4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)