Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 772 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Қазақстан Республикасы тау-кен құтқарушы ғылыми-инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің технологиялық бірлігінің сақталуын қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорын жарғысын бекітуге енгізсін және оны әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 25 мамырдағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 109-23-1-жол алып тасталсын.
2. «Техника қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1154 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 392-құжат):
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі № 772 қаулысында:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 251-құжат):
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Кәсіпорын» деген бөлімде:
реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын.
5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 100-жол алып тасталсын.