Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң «Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Көмiрсутегiн өндiру, геологиялық барлау, тасымалдау мен қайта өңдеу кезiнде мемлекеттік мониторингтi жүзеге асыруға жәрдемдесудiң және мұнай-газ кешенi өнiмiнiң көлiк ағындарын басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң «Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғам жарғысын бекіту кезiнде оның қызметiнiң негiзгi бағыттары республиканың мұнай-газ кешенiнiң мониторингiн жүзеге асыру үшiн жедел ақпаратты техникалық жинау, ақпараттық-талдау анықтамалық материалдар жасау, көмiрсутегiн өндiру, геологиялық барлау, тасымалдау, қайта өңдеу және оларды сату саласында маркетингтiк зерттеулер, өнiмдi сертификаттауды жүргiзу деп белгілесiн;
2) Қоғамның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын берсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң 2002 жылғы 9
шiлдедегi № 751 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 390-жол алынып тасталсын.
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
«Алматы қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-55-жолмен толықтырылсын:
«123-55. «Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы» ЖАҚ».
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 46-жолмен толықтырылсын:
«46. «Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы» ЖАҚ».
4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)